Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

Егін шаруашылығы

Жалағаш ауданында 2020 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес  36 731 га егiс егілді.

№

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

 

2020 жыл

2019 жыл

 

1

Күріш

21 600

21 800

-200

2

Жаздық бидай

507

306

+201

3

Жаздық арпа

-

50

-50

4

Мақсары

1757

2 200

-443

5

Жаңа жоңышқа

3 715

3530

+185

6

Ескі жоңышқа

6452

6079

+373

7

Картоп

500

500

 

8

Көкөніс

1 000

1 000

 

 

9

Бақша

1 200

1 200

 

 

Барлығы

36 731

36 665

+66

 

                   

 

Ауданда егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымдар  саны 165. Аудан бойынша 2020 жылдың егісі үшін қажетті 5500 тонна күріш тұқымы дайындалды.

2020 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 13105 тонна, гербицидтер 22040 литр. Есепті мерзімде шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 13105 тоннасы (100,0%) жеткізілді. Күріш егісін арам шөптерден қорғау мақсатында 22040 тонна (100,0%)  гербицид сатып алынды.

2020 жылы межеленген көктемгі егісті орналастыру үшін 1,7 млрд теңге қаржы көлемі қажет болса, есепті мерзімде инвесторлар тарапынан 800 млн теңге, «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС арқылы 180 млн теңге, шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен 465 млн теңге, «Агро несие корпорация» АҚ арқылы 160 млн теңге, басқа көздерден 95 млн теңгеге қаржыландырылды.

Мал шаруашылығы

2020 жылдың 1 шілдесіне  МІҚ – 36 998 басты (100,8 пайыз), жылқы –14 198 басты (100,8 пайыз), түйе – 581 басты (108,2 пайыз), қой-ешкі – 46716 басты (83,0 пайыз), шошқа –321 басты (111,5 пайыз), үй құстары – 10125 дананы (131,4 пайыз) құрады.

Мал шаруашылығы өнімдері есепті мерзімде ет өндіру 0,9 пайызға, сүт өндіру 0,4  пайызға, жұмыртқа 1,9 пайызға, қойдан қырқылған жүн 1,9 пайызға  артты.

Бүгінгі таңда ауданда 101 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысуда.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды МІҚ малының үлес салмағы 0,16 %, жылқы 4,6 %, қой 0,13 % құрайды.

Ауданда 3 шаруашылық асыл тұқымды  МІҚ малын өсірумен, 2 шаруашылық ет бағытындағы асыл тұқымды қой өсірумен айналысады (Бақдаулет-57» ШҚ,   «Адал» ЖК, «Қиясов Еркебұлан» ЖК, «Туған жер» ШҚ).

2020 жылдың 6 айында 22 шаруашылық 70 бас асыл тұқымды  бұқа сатып алды.

Техника

2020 жылдың І-жартыжылдығында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 38 жаңа техника алынды. Оның ішінде өз қаржысына – 16 техника, «ТехноЛизинг» ЖШС арқылы – 3 техника лизингке, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы – 19 техника лизингке алынды. Барлық алынған техниканың құны 855,1 млн теңге.

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының

3-кезеңі және «Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасы

«Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру жобасының 3-кезеңін» жүзеге асыру барысында Еңбек, Мақпалкөл, Жаңаталап, Шәменов, Ақсу, Аққұм, Аламесек ауылдық округтерінен барлығы 14 049 гектар жер қалпына келтірілетін болады. Су нысандарының жерге орналастыру жобаларын және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу, жерді пайдалану құқығын беретін мемлекеттік жер актілері әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 52,6 млн теңге бөлінді. 144 дана мемлекеттік жер актілері әзірленіп, жер актілері мемлекеттік тіркеуден өтті.

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы