
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы бекітілген сызбасына сәйкес 37218 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
айырмасы |
|
|
2024 жыл |
2023 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
19800 |
19800 |
- |
|
2 |
Жаздық бидай |
770 |
750 |
+20 |
|
3 |
Күздік бидай |
129 |
- |
+129 |
|
4 |
Арпа |
40 |
70 |
-30 |
|
5 |
Сүрлемдік жүгері |
- |
700 |
+700 |
|
6 |
Мақсары |
665 |
520 |
+145 |
|
7 |
Қант құмайы |
200 |
70 |
+130 |
|
8 |
Соя |
65 |
64 |
+1 |
|
9 |
Сұлы |
5 |
5 |
0 |
|
10 |
Жаңа жоңышқа |
4850 |
4850 |
0 |
|
11 |
Ескі жоңышқа |
8091 |
7200 |
+891 |
|
12 |
Картоп |
188 |
188 |
- |
|
13 |
Көкөніс |
1115 |
1108 |
+7 |
|
14 |
Бақша |
1300 |
1296 |
+4 |
|
Барлығы |
37218 |
36621 |
+597 |
|
Орналастырылған 19800 гектар күріш дақылы толық орылып, 19200 гектары (97,0%) жиналды. Күріштің әр гектарынан 58,2 центнерден, барлығы 11174400, цн өнім жиналды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, картоп, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналып алынды. Атап айтқанда:
129 гектар күздік бидайдың әр гектарынан 13,0 центнерден, барлығы 1677 центнер;
770 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 9,0 центнерден, барлығы 6930 центнер;
665 гектар мақсарының әр гектарынан 8,7 центнерден, барлығы 5785 центнер;
200 га қант құмайының әр гектарынан 41,0 центнерден, барлығы 8195 центнер;
40 гектар арпаның әр гектарынан 8,2 центнерден, барлығы 328 центнер;
5 гектар сұлының әр гектарынан 12,8 центнерден, барлығы 64 центнер;
188 гектар картоптың әр гектарынан135,5 центнерден, барлығы 25470 цн;
1113 гектар көкөністің әр гектарынан 195,0 центнерден, барлығы 217040 центнер;
1300 гектар бақшаның әр гектарынан 230,5 центнерден, барлығы 299650 центнер өнім жиналды.
Қазіргі таңда күріш дақылымен қатар жоңышқа дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 4850 га жаңа жоңышқаның әр гектарынан 12,5 центнерден, барлығы 60625 центнер;
8091 гектар ескі жоңышқаның 191 гектары тұқымға алынып, қалған 7900 гектар жоңышқаның I-орымынан 223020 цн (1 гектардан 28,6 цн), II-орымның 7900 гектары орылып 228310 цн (1 гектардан 30,26 цн), III-орымның 900 гектары орылып 22680 цн (1 гектардан 30,26 цн) өнім алынды.
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Биылғы жылы 1670,6 млн теңгеге 26 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Күзгі дала жұмыстарына аудан бойынша 1027 дана ауылшаруашылығы техникалары қатысуда. Оның ішінде, 431 дана трактор, 249 комбайн, 124 жатка, 58 жүк көлігі, 165 трактор тіркемелері бар.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде 2024 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 36373 бас мүйізді ірі қара, 32143 бас уақ мал, 29203 жылқы, 829 бас түйе, 39 бас шошқа, 10870 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 124,0 %, жылқы 95,2 %, түйе 94,6 %, уақ мал 91% , құс 94% орындалды.
1 қыркүйекке барлығы 2286,4 тн (тірілей салмақта) ет, 3281,6 тн сүт, 214,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 100,9 пайызға, жұмыртқа 131,9 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.
Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2026 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.
«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь»сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 65 пайызы төлдеп тәулігіне 700 литр сүт өндіруде.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2024 жылы барлығы 39 млн 525 мың тенге субсидия алынды. Оның ішінде 16 шаруашылық мүйізді ірі қара малының аналығының тұқымдық түрлендірілуіне 1286 басқа 13млн 325 мың, 6 шаруашылық сатып алынған асыл тұқымды бұқаның құнын арзандатуға 6 басқа 1млн 950мың тенге, қой малының селекциялық жұмыстарына 1 шаруашылық 3млн 100 мың тенге .
2024-2025 жылдың қысына түсетін 64740 бас шартты мал басына 135,5 мың тонна табиғи шөп, 19 мың тонна жем, 29,5 мың тонна сабан дайындау жоспарлынып бүгінгі күнге 135,7 мың тонна шөп оның 43 мың тоннасы жонышқа шөбі 100,1 %, 16,1 мың тонна жем 84,7% , 29,7 мың тонна сабан 100,6% дайындалды.
Азық-түлік туралы
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
2024 жылдың 4 қыркүйек пен 4 қазан (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық–түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 2 өнімнің бағасы қымбаттаған.
тауық жұмыртқасы-100 теңгеге, өсімдік майы-50 теңгеге.
12 өнімнің бағасы тұрақты.
ұн, ақ күріш, нан, рожки, сиыр еті, тауық саны, сүт, айран, ірімшік, сары май, құмшекер, тұз.
5 өнімнің бағасы арзандаған.
қарақұмық жармасы-5 теңгеге, қырыққабат-40 теңгеге, жуа-10 теңгеге, сәбіз-35 теңгеге, картоп-30 теңгеге.
2024 жылдың 27 қыркүйек пен 4 қазан (1 апта) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық–түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 2 өнімнің бағасы қымбаттаған.
тауық жұмыртқасы-40 теңгеге, өсімдік майы-50 теңгеге.
13 өнімнің бағасы тұрақты.
ақ күріш, ұн, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр еті, тауық саны, сүт, айран, ірімшік, сары май, қант, тұз.
4 өнімнің бағасы арзандаған.
қырыққабат-15 теңгеге, жуа-5 теңгеге, сәбіз10 теңгеге, картоп-10 теңгеге.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 602,6 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар
Анықтама үшін:
Ұн-116 тн, күріш-50 тн, қант-55 тн, макарон-116 тн, күнбағыс майы-55 тн, тұз-48 тн, жуа-51 тн, картоп-52 тн, сәбіз-20 тн.
Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Монтиторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жер туралы
Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде
2024 жылдың 3-тоқсанына жер учаскелерін рәсімдеу туралы барлығы – 65 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.
Жалағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша
Бүгінгі күнге, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 3095 өтініш арнайы кезекке қойылған.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестірe
Бөліммен барлығы 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылдың 3-тоқсанына жалпы 110 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту - 4
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 61,
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 1,
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру - 1,
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау бойынша - 2,
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру - 0,
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0,
жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 0,
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 0,
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 4