
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда 32 045 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Жалпы халық санының ішінде: 14 жасқа дейінгі бала саны 10 580, жасөспірімдер – 1 675, ересектер саны – 19 760.
Кадр
Мекемеде жалпы штат бірліктері: 677,25
Оның ішінде:
Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 818.
Оның ішінде:
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 96 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 29,9%.
Оның ішінде: 57 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 59,3 %.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 417 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 130,2 %.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 274 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 65,7 пайыз.
2024 жылдың 9 айында жоғары оқу орнын бітіріп келген 6 - жас маман дәрігерлер ОДСБ-ның жолдамасымен жұмысқа қабылданды.
Оның ішінде:
2024 жылдың 9 айында жұмысқа (уақытша және тұрақты) 6 - дәрігерлер қабылданды.
Оның ішінде:
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Фтизиопедиатр дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
УДЗ дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Хирург дәрігері балалар |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Рентгенолог дәрігері |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
4,0 |
|
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2024 жылдың 9 айы бойынша –177 408, 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 5,5 (2023 жылдың 9 айы бойынша –169 814 – 5,3) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2024 жылы – 70 478 – 40,0%, (2023 жылы – 68 376 – 40,2%). Алдын ала тексерілу – 89 519 болып жалпы қабылдаудың 50,4%-ды құрады (2023 жылы 86 346 – 51,0% ) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде. Үйде қаралу 2024 жылдың 9 айы бойынша – 15 290 құрап (2023 жылдың 9 айы – 12 292), өткен жылмен салыстырғанда – 2 998 жағдайға 19,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2024 жылы 68 291 болып, жалпы қабылдаудың 38,4% құрады (2023 жылы – 58 718– 34,5%). Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 109 117 болып 61,5%-ды құрап отыр. (2023 жылы 111 096–65,4%).
2024 жылдың 9 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны – 11 797 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 36848,3 (2023 жыл 9 айы – алғаш тіркелген аурушаңдық – 11 694 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 35821,7 құраған).Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші пайызға жоғарылаған. Атап айтқанда, 2024 жылдың 9 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 2887 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға өскен.
ІІ орында жүйке жүйесінің аурулары 1070 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға өскен.
ІІІ орында асқорыту жүйесі аурулары 846 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға көбейген.
Диспансерлеу. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 8226 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6670, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1556.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен толықтырулармен өзгерістер енгізу бұйрығымен сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 181 533 763,65 теңгеге 24 019 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді
Демографиялық көрсеткіштер
2024 жылдың 9 айында аудан бойынша 541 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 16,9 промильді құрады (2023 жылы 533 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 16,5 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 8 жағдайға 0,4 промильге төмендеп отыр. Сәби өлімі 2024 жылдың есептік кезеңінде 2 жағдай тіркеліп 3,6 промиль құрады, (2023 жылы 4 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 7,5-ті құраған). 2024 жылы аудан бойынша 135 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 2,7 құрап отыр. (2023 жылы 138 жағдай – 2,7), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3 жағдайға азайып отыр.
14 жылдан аса ауданда ана өлімі тіркелмеген.
|
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
2024 жыл 9 ай |
2023 жыл 9 ай |
|
fg |
Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.) |
541-16,9 |
533-16,5 |
|
2 |
Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда) |
135-4,2 |
138-4,2 |
|
3 |
1 жасқа дейінгі сәби өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.) |
2-3,6 |
4-7,5 |
|
4 |
Материнская смертность (на 100 тыс. живорож-ных) |
0 |
0 |
Өлім - жітім себептері бойынша:
|
|
|
2024 жыл 9 ай |
2023 жыл 9 ай |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
135 |
138 |
|
1.1. |
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
36-26,5 |
38-27,5 |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
88-65,1 |
90-65,2 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
13-40,6 |
15-39,5 |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
30-22,2 |
33-23,9 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
11-34,4 |
11-28,9 |
|
3 |
Өзгеде себептер |
17-12,5 |
15-10,9 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
12-37,5 |
11-28,9 |
Оның ішінде:
|
|
|
2024 жыл 9 ай |
2023 жыл 9 ай |
|
1 |
Жүрек қантамыр аурулары |
32-100 |
41-125,6 |
|
2 |
Қатерлі ісік аурулары |
13-40,6 |
15-45,9 |
|
3 |
Жарақаттар |
10-31,2 |
6-18,4 |
|
4 |
Тыныс алу жолдары |
11-34,4 |
9-27,6 |
|
5 |
Жұқпалы аурулары |
0 |
1-3,1 |
|
6 |
Туберкулез |
0 |
0 |
|
7 |
Ас қорыту ағзалары |
7-21,9 |
7-21,4 |
|
8 |
Несеп жолдары |
4-12,5 |
6-18,5 |
|
9 |
Ішкі секреция жүйесі |
4-12,5 |
6-18,5 |
|
10 |
Жүйке жүйесі аурулары |
20-62,5 |
13-39,8 |
|
11 |
Кәрілік |
22-68,7 |
22-67,4 |
|
12 |
Короновирусты инфекция |
0 |
0 |
|
13 |
Тағы басқа |
12-37,5 |
12-36,8 |
Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:
1-ші орында: Жүрек қантамыр аурулары бойынша қайтыс болғандар саны – 32 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 100. (2023 жылы – 41– 125,6). Былтырғы жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға төмендеген.
2- ші орында: Кәріліктен қайтыс болғандар саны 2024 жыл бойынша 22-68,7 (2023 жыл – 22-67,4). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш бір деңгейде.
3- ші орында: Жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 2024 жылы – 20-62,5. (2023 жыл 13-39,8). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 22,7 пайызға жоғарылаған.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;