Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2024 жылдың 3 тоқсаныңда атқарылған жұмыстары туралы

  Жыл басынан  бастап мәдениет ұйымдарының жұмысы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Жобада «Кино-тайм», «Әлем BOOK», «ART уақыт», «Жанұя шуағы», «Еріктілер тобы», «Сыр сұхбат», «Креативті хаб» бағыттары қарастырылған.

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 1508 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 111479 көрермен тартылды. Оның ішінде 92527-сі /83%/ балалар. /Есепті кезеңде өткізілген іс-шарлардың 6-ы облыстық шаралар/.   

 «Креативті HUB» жобасы аясында «ULTTUK STILE» ұлттық көрме-жәрмеңкесі, «Көне дәстүр күмбезі» атты ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі, «Дала қазағы» бірегей этноауыл көрмесі, суретші-декоратор, Халық театрының суретшісі Нұрлан Манабаевтың туындылары қойылған «Суретші әлемі» атты көрмесі, «Ақ кимешекті аналар тағлымы» атты кимешекті аналар шеруі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, фотограф Шахмардан  Әбіхалықовтың  фото – көрмесі, «Ұлттық өнер – ұлттық құндылық» және "Қолөнер – сырлы өнер" атты қолөнер бұйымдарынан көрмелер, «Ұлттық киім –    ұлт   ажары» атты ұлттық киімдер шеруі, ұлттық тағамдардың гастро-фестивалі, «Ұлы мұра – ұлттық өнер» атты ұлттық қолөнер фестивалі ұйымдастырылып, тұрғындар қызығушылығын арттырды.

«ULTTUK STILE»  көрме-жәрмеңкесінде ұлттық нақышта тігілген тақиялар, қол сөмкелер, әшекей бұйымдар сұранысқа ие болды. Тігінші Тыныштықбай Сымбат өзінің ұлттық киімдерімен Қызылорда қаласында өткен «Этно FASHION» сән үлгісі фестиваліне  қатыстырылды.

«Сұхбат TIME» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Серік Бертаевпен, ақын, журналист Қожахметова Гауһар Асқарбайқызымен, Қазақстан Жазушылар Одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Ахетов Қуат Адисұлымен, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист, еңбек ардагері Қазына Өзденбаевамен, жас суретші  Сәтмағанбет Жәнібекпен, «Мәдениет-руханият бастауы» атты мәдениет саласы өкілдерімен, бейбіт күннің батыры атанған, жерлесіміз Жылқышиев Сағи Ғаниұлымен сұхбаттар мен кездесулер, әулие, емші Беркінбай Бекнриязұлының  туғанына 115 толуына орай «Әулиенің  жұмбақ әлемі» атты  облыстық танымдық конференция, ұлағатты ұстаз, сыршыл ақын Мамырова Зайра Қалиасқарқызының 75 жас мерейтойына арналған «Аманат» атты, ҚР Мәдениет қайраткері, балетмейстер Боранбаева Роза Оспанқызының  «Өнерден тапқан бақытын» атты шығармашылық кеші  өткізілді.

    «Арт уақыт» жобасы аясында Таң ауылдық мәдениет үйінде «Таң әжелері»  әжелер ансамблінің, «До мажор» ән үйірмесі, Аққыр ауылдық клубында «Бал бала» соқпалы-шулы аспаптар үйірмесі, Аққұм ауылдық клубы жанынан «Жас өрен» балалар хор үйірмесі, «Ақ келін» хор ұжымы,  Қаракеткен ауылдық клубында «Асыл мұра» салт-дәстүр үйірмесі, Руханият орталығында «Өлең - өмір» атты жазба поэзия үйірмесі, «Сазды әуен» саксофон үйірмесінің ашылу салтанаты өткізіліп, үйірмелер кестеге сай жұмыстар жүргізіп келеді.

Сондай-ақ, аталған шаралар «Qyzylorda» және «Қоғам ТВ» телеарналарында ақпараттандырылып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук әлеуметтік желі парақшасында мәдени қызметтің сапасын оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жергілікті өнер иелерінің, атап айтқанда сазгерлер, ақындарымыз бен орындаушылардың, суретшілер мен қол өнер шеберлерінің құнды шығармалары мен үздік туындыларын қолдау мақсатында «Мәдениетім-мәртебем», «Өнерім-өмірім» айдарлары ашылды.

Аққұм ауылдық клубында жыршы-термеші Байділда Сәрсеновтың 85 жасқа толуына орай «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық жыршы-термешілер фестивалі, Мәдениет ауылдық клубында «Ойна баян, күмбірле домбыра» атты және Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйінде «Гүлімсің» атты әнші Н.Аймұратовты еске алуға арналған облыстық әншілер байқауы, Жаңадария ауылдық клубында Жалағаш ауданының 85 жылдығы мен Жаңадария ауылының 60 жылдығына арналған «Аспанында ән тербеген Жаңадария» атты облыстық патриоттық ән фестивалі, Есет батыр ауылдық мәдениет үйінде Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай және Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Несіпбай Әпірезовке 115 жыл толуына орай «Еңбек ер атандырады» атты облыстық жазба ақындар жыр-мүшайрасы6 «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің 55 жылдығына арналған «Арайланған Алтын-Арай» атты есепті концерті, «Суретшілер әлемі» көркем сурет апталығы өткізілді.

Сонымен қатар Жалағаш ауданының өнерпаздары «Qyzylorda» телеарнасында «Наурыз-думан» арнайы мерекелік шығарылымының түсіріліміне қатысты.

Мәдениет ұйымдарында 106 үйірме жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысушылар саны 1180-ді құрайды. /жастар – 145, ересектер-185, балалар-850/ Биылғы жылы жаңадан 3 клуб, 8 көркемөнерпаздар үйірмелері ашылып, оған 106 қатысушы тартылып, жұмыс жасауда.  

Жас таланттарды табу, балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық және көркем-эстетикалық білім беруді қолдау бағытында мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары 2024  жылдың 9 айында облыстық байқаудан 41 байқауға қатысып, 32 жүлдені иеленді (2 Бас жүлде, 12 – І орын, 9 – ІІ орын, 11 - ІІІ орын, 13 - Алғыс).

4 Халықаралық байқаудан 1 Бас жүлде, 3 - І орын, 1 Жолдама,

8 республикалық байқаудан халықаралық байқауға 4 жолдаманы жеңіп алды (Бас жүлде 14, І орын - 17, ІІ орын - 6, ІІІ орын - 5).  Ташкент қаласында өткізілген "Бабалар аманаты" халықаралық байқаудың қол өнер жанры бойынша Таң ауылының өнерпазы (Шағдарова Жансезім) Бас жүлде иеленіп, Дубай қаласында өтетін әлемдік байқауға  жолдама алды. 

Кітапханалардағы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барысы өз дәрежесінде жүргізілуде.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 375792  дана кітапты құрайды. Жалпы оқырмандар саны - 14135.

Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 676 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2 376 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 590 оқырманның   пайдалануына мүмкіндік берілді.

Кітапхана ісін дамыту, жастардың шығармашылықпен айналысуына, білімін ұштауға мүмкіндік жасау мақсатында аудандық кітапханада «Әдеби әлем» клубы, «Библио-Арт» жобасы іске асырылуда.

Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітапхана ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап тәулік бойы жұмыс жасайтын режимге көшірілді.

Мәдениет саласы қызметінің негізгі бөлігі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау болып табылады.

Ауданда есепке алынған 61 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 57-нің жергілікті маңызы бар, 3 алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Алдын ала есепке алынған 35 ескеркішке сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 

 Сондай-ақ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында 15 ескерткішке көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасатын болады.

Тарихи мәдение мұра обеъектілерінің алдын ала тізімдегі 35 ескерткішке  сараптама жұмыстары жүргізіліп 11 ескерткішке тізімнен шығарылды. Бюджет есебінен 11 ескерткішке құжаттарын рәсімдеуге  қажетті 5 971,6 мың теңге қаржысы бөлініп жер телімдері рәсімделді.

 Бөлімнің қызметінің маңызды бағыттарының бірі –мемлекеттік тіл саясаты. Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.

Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда.  Тоқсан сайын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Жалағаш ауданындағы филиалымен бірлесе отырып, көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп келеді.

5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтуге арналған іс-шара жоспары бекітіліп, кент және ауылдық округтерде 24 шара өткізілді. Руханият орталығында жас мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық  «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті, «Тіл-бірліктің тірегі» атты мерекелік концерттік бағдарламада тіл жанашырлары марапатталды.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының сақталуына қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 63 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) рейдтер жүргізілді. Нәтижесінде жарнамлары мен ас мәзірлері орыс тілінде рәсімделген 2 кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

 Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек  көрсету ұсынылған.

 

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы