Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы IІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

2024 жылға жоспарланған қаржы 14,5 млрд.ты құрап отыр.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Аудандағы 37 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, 26 жекеменшік,  1 шағын орталық)  2618 бала тәрбиеленуде. МАД сыныптарында 604.

 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші - 100 %.

Жеке балабақшалардың үлесі-64,1%.

 26 жекеменшік балабақшаның 15-і кентте, 11-ы ауылдық жерде орналасқан.

Апатты балабақша жоқ

Кентте орналасқан 5 балабақшаның (Арай, Жауқазын, Күншуақ,    №19 санаторий, Ақмаржан) 3-уі (Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. 2-уі (Арай, Жауқазын) қосуға байланысты  ЖСҚ-ы дайындауға  қажетті қаржыға  9356 мың теңгеге   бюджеттік өтінім жасалды.

Орта білім беру туралы

 

Ауданда 20 мектеп жұмыс жасайды (20 мемлекеттік).Оқушы саны – 7012.

2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 655 оқушы қабылданды.

Оқу жылының ұзақтығы 1 - сыныптарда – 33,                                       2 - 11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.

2024 жылғы ҰБТ-ге  аудандағы 420 бітірушінің 395-і яғни 93,6 пайызы қатыстырылды. Ауданның орташа балы – 82,7% құрап отыр.

 ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітірушілердің  294 бітіруші мемлекеттік білім беру грант арқылы жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік алды (74,4%). Сонымен қатар  Серпін - 2050 бағдарламасы арқылы 34 бітіруші солтүстік өңірлерде өз білімдерін жалғастырcа, 16 бітірушіміз әскери жоғары оқу орындарының грантын иеленді.

Талапкерлердің  66-і техникалық, 130-і педагогикалық, 22-і медициналық, 32-сі ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 44- басқа да салаларды таңдаған.

Қорыта айтқанда барлық мектеп бітірушілердің 80,5 пайызы жоғары оқу орындарын жалғастырса, 19,5 пайызы арнаулы оқу орындарына орналасуда.

Жалпы бітірушілердің толық орналасуы бойынша сараптау жасалып, білім бөлімінің бақылауына алынған.

Қосымша білім беру

Жалағаш  ауданында 1 Оқушылар үйі, 1 Өнер мектебі және
2 спорт мектебінде  2500  бала қосымша біліммен қамтылған.

Ағымдағы оқу жылында 20 мектеп жанындағы
126 үйірмеге –1825  бала қатысуда.

Инклюзивті білім

Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда.

Жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 1260 педагогтың 560 (44%) арнайы инклюзивті курстан өткізілді.

 Мектептердің материалдық инфрақұрылымы

Мектептердің ағымдағы жөндеуіне бюджеттен 111,8 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жасалды.

Сонымен қатар, Бұқарбай батыр ауылындағы  №33 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағытта «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 428,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Таң ауылындағы №118 орта мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Осы мақсатта облыстық бюджеттен 78,0 млн. теңге қаржы бағытталды. 

Жалағаш кентінде орналасқан №201 мектеп-лицейге «Қазақстан халқына» қоры есебінен 250 млн. теңге қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасын жаңарту және педагогтарды оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға биылғы жылы модернизация жаңғырту жұмыстарына 4 мектеп  (№34,38,114,115) енгізіліп, бұл мақсатта 983 млн  теңге қаралды.

Облыстық бюджеттен 15,4 млн. теңге қаржы бөлініп,                          2 мектеп (№34,115) жаңа модификациялық пәндік кабинеттерімен жабдықталуда.

Балалар қауіпсіздігіне қатысты  4 мектепке (115, 119, 188, 203) терроризмге қарсы қорғалуы жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін бейнебақылау жүйесі орнатылуда. Бұл бағытта облыстық бюджеттен  28,8 млн. теңге қаржы қаралған.

Барлық мектептер «BilimLand» электронды платформасына қосылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта тиісті қаржы бөлініп, 3 мектепке (№123,201,202) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылатын болады.

Бүгінде «Күнделік» электронды журнал ақпараттық жүйесіне барлық мектеп қосылған.

Әлеуметтік сала

Аз қамытлған көмекке мұқтаж 2217 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 95,5 млн. теңге бөлініп, қаржылай көмек толық а.ж. тамыз айында толық берілді.

2024 жылы 1-4 сыныптарда 2239 оқушы,  аз қамтылған 2111 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылуда.

Құқық бұзушылық бойынша

Ауданда 6 қолайсыз отбасында 18 бала тәрбиеленуде. Мектепішілік бақылауда  25 бала алынған, 10 тәртібіне, 15 әлеуметтік жайына байланысты алынған. Аталған отбасы балаларымен адресті профилактикалық жұмыстар жасалуда.

Қауіпсіздік бойынша

Аудан мектептері 100 пайыз бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 20 мектеп полиция бөлімімен интеграция жасалуда. 2024 жылы қалған 4 мектепті (№188,119,203,115 мектептер) қосуға 43 млн 200 мың теңге қаржы қаралды, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп тамыз айында орнатылды

Кент орталығындағы 5 мектеп (№31,123,201,202,246) турникетпен, 5 мектеп (№123,202,201,31,246) күзетпен қамтылған. 15 мектеп дабыл түймесімен қамтылған. Биылғы жылы қалған 5 мектепті қамтуға байланысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары жұмыс жүргізілуде

Дата публикации
11 октября 2024
Дата обновления
11 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы