Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2024 жылға қаралған қаржы 719189,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 61314,0 мың теңге), ағымдағы жылдың 1 қазанына игерілгені  473888,3 мың теңге.

Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары

2024 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 99002,0 мың теңге және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 20442,0 мың теңге қаралған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-19. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 5 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2024  жылы атаулы әлеуметтік көмек  128 отбасының 796 мүшесіне 36962,1 мың теңге тағайындалып, 128 отбасының 796 мүшесіне 34424,2 мың теңге төленді.Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 113 отбасының 720 мүшесінің 237 баласына 7465,2 мың теңге тағайындалып, 114 отбасының  731  мүшесінің  240 баласына  6706,5  мың теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 128 отбасы 796 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 527, мүгедектігі бар адам-2,  зейнеткер-1,  студенттер саны-38. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-228, оның ішінде жұмыссыздар-28,  жүгіну кезінде жұмысы барлар-132,  бала күтімінде -68.

Белсенді шараға қатысушылар-35, тұрақты жұмысқа орналасқан-5 және 14-ы қоғамдық жұмысқа және жастар тәжірибесіне-1, кәсіпкерлік бастамашылық- 13. 

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4713,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 17 отбасының 46 мүшесіне 634,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға  2024 жылға қаралған қаржысы 14721,9 мың теңге. 2024 жылға қосымша тамақтануға 51 адамға 9670,5 мың теңге тағайындалып,  50 азаматқа 8644,3 мың теңге   төленді.

«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа  126,3  мың теңге  әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Өрттің салдарынан зардап шеккен 2 отбасына 1255,28мың теңге тағайындалып, 1255,28  мың теңге  төленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 91 азаматқа облыстық бюджеттен 13438,9 мың теңге, тағайындалып, төленді.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566,1 мың теңге тағайындалып, төленді. (2024 жылға 591,0 мың теңге қаралған.)

Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 590,7 мың теңге төленді.

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 295,4 мың теңге төленді.

Ауған соғысына қатысқан 20 азаматқа аудандық бюджеттен 3692,0 мың теңге төленді.

Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 13 азаматқа 1919,8 мың теңге төленді.

Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 2215,2 мың теңге төленді.

Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 12 азаматына 1772,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына  1 азаматқа 36,9 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 15 студентке 8335,1 мың теңге оқу ақысына, 3987,4 мың теңге тамақтануы мен тұруына және жергілікті бюджеттен 3 студентке 2023-2024 жылғы оқу ақысына 1206,4 мың теңге барлығы 13529,9 мың теңге төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекке қаралған қаржы 33989,0  мың теңге, бүгінгі күнге 2487 маманға 36728,0 мың теңге тағайындалып, 1355 адамға  20000,0 мың теңге төленді.  

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар

Аудан бойынша  мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2024  жылдың 1 қазанына 963 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-230.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 473 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып 301-і немесе 63,6% орындалды. 2023 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1232-і орындалды.

2024 жылы 564 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 41-і таяқпен, 15-і  балдақ, 9-ы жетек арбамен, 34-і кресло арбамен, 111-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 69-ы тифлотехникалық құралдармен, 11-і сурдотехникалық құралдармен, 111-і  протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 96 адамға жеке көмекші қызмет көрсетілді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2024 жылы 28 адам жіберілді. Оның ішінде  6-уы зейнеткер.

2024 жылдың 1 қазанға 94 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 59 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

 Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына  2 мүгедектігі бар адам және Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 мүгедектігі бар адам орналастырылды.

Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 14 мамыр 2024 жылы келісім шарт жасалған. (1 балаға 1 күнге 4015.73 теңге төленеді.) 

Жергілікті бюджеттен 2024 жылға 12171,0 мың теңге қаралған.      «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде 10 бала қызмет көрсетіледі.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5782,0 мың теңге қаралған. 2024 жылдың 1 қазанына 57 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып 2762,2 мың теңге төленді.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота туралы.

«Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша  квоталар белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №126 қаулысына Жалағаш ауданы бойынша 3 мекемеге 5 жұмыс орындары бекітіліп, 2024 жылғы 1 қыркүйегіне 2 квота орындалды.

 Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2024 жылдың 1 қазанына барлығы  102 өтініш түсіп, 53-не  рұқсат берілсе, 36-і  ұзарту,  13-ы бас тартылған.

Пробация туралы

Аудан бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны 51, оның ішінде 45 пробация қызметінде  және 6 полиция бөлімінде еспке алынған. Оның ішінде

Есепте тұрғандардың 8-і шартты жазаға сотталғандар, 34-і бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар, 3-уі белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар және 6-уі мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер. Олардың, 30-ы Жалағаш кентінен, 21-і ауылдық округтерден.

«Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №235 қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін  5 квота белгіленген болатын.

Оның ішінде, пробация қызметіне есепке алынғандарға-4 және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға-1. Бүгінгі күнге квотаның 5-і де, яғни жоспар 100,0% орындалып отыр.

2024 жыл басынан пробация қызметіндегі 3 адамға 27,0 мың теңге көлемінде  азық-түліктей көмек көрсетілді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары бойынша 4 жәрменке өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес «Жалағаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жалағаш аудандық маслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №7-2 шешімімен қабылданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 2024-2026 қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру барысында 15 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде 10 адамға 554,0 мың теңге  қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 1 адамның  құжаттары арнайы комиссияда қаралып оң қорытынды беріліп, 55,4 мың теңге төленді.

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және әлеуметтік бейімдеуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ұлы Орда күші» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен 2024 жылғы 27 тамыз күні бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың балаларына арналған «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Аудандық пробация есебінде тұрған  5 сотталушының 11 баласы 98,0 мың теңге көлемінде оқу процессіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сонымен, 2024 жылғы 5 қыркүйегінде «Ұлы Орда күші» ҚБ-гі   30 тамыз-Конституция күніне орай «Наркескен» спорт клубында аудандық пробация қызметінде есепте тұратын азаматтар арасында дартс және кермеге тартылу жарысы өткізіліп, марапаттар берілді.

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2024
Дата обновления
09 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы