
Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3011 бірлікті, оның ішінде, 2878 субъектісі немесе 95,5 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санын арттыру мақсатында кент және ауылдық округтердің халық санына шаққандағы үлесіне сәйкес аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
2024 жылға ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің жылдық болжамы әзірленді. Атап айтқанда: өнеркәсіп өнімі – 32,0 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі – 8,0 млрд теңге, негізгі капиталға салынған инвестиция – 20,4 млрд теңге, бөлшек сауда – 4,0 млрд теңге. Аудан бойынша 2024 жылдың 8 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қалыптасып, көрсеткіштер толық орындалды.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 132,2 пайызға артып, 26 млрд. 362 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2023 жылдың 8 айында 22 млрд. 381,9 млн. теңге).
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 293,5 пайызға артып, 8 млрд. 712 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2023 жылдың 8 айында 5 млрд. 535,3 млн. теңге).
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 116,5 пайызға артып 12 млрд. 416 млн. теңгені құрады (2023 жылдың 8 айы 10 млрд. 151,1 млн. теңге).
Бөлшек сауда көлемі 2 млрд. 135,1 млн. теңге болып, 102,0 пайызға орындалды.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша 2024 жылдың 9 айында 95 жоба 3051,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, орта кәсіпкерліктің үлесін ұлғайту мақсатында үстіміздегі жылдың басында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында қаржыландыруға аудан бойынша 318,3 млн. теңгені құрайтын 49 жобаның құжаттары әзірленді.
«Ауыл Аманаты» жобасының тиімділігін арттыру және несие алушылардың құжат жинақтау мерзімін үнемдеу мақсатында «Ауыл Аманаты» цифрлық патформасы құрылды.
Бүгінгі күнге ауданда «Байқоңыр ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржылық қолдауға ие болу үшін әр-түрлі бағыт бойынша құжаты толық 139,7 млн. теңгені құрайтын 27 жоба (өңдеу бағыты бойынша 7 жоба 33,3 млн.теңге; асыл тұқымды мал бағыты 8 жоба 41,1 млн.теңге, басқа да бағыты бойынша 12 жоба 65,3 млн теңге) «Ауыл Аманаты» цифрлық патформасына енгізілді.
Оның ішінде 87,2 млн. теңгені құрайтын 15 жоба комиссия қарауында қаралып, 60,0 млн. теңгенің 11 жобасы мақұлданды (өңдеу бағыты бойынша 3 жоба 12,7 млн. теңге, асыл тұқымды мал бағыты 3 жоба 14,7 млн. теңге, басқа да бағыты бойынша 5 жоба 32,6 млн. теңге).
Бұдан бөлек кент және ауылдық округтерден 100,7 млн. теңгені құрайтын 15 жобаның құжаттары жинақталуда.
Облыс әкімінің салық базасын ұлғайту тапсырмасына сәйкес өзге өңірлерде тіркеліп, Қызылорда облысында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерді жергілікті салық төлеуші ретінде тіркету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауданымызға басқа өңірлерден жеке кәсіпкерлер Бекетаев Ерлан ИП «Бекетаев», Байтереков Ержан ЖК «МЭТР», Сермет Айгүл ЖК «Айтлесова», ЖК «Исмаил», ЖК «НӘДІРОВ РИНАТ БЕКБОЛҰЛЫ», ЖШС «ГосПромСтрой», ЖШС «VITAL LOGISTIC», ЖШС «КазГосПроект», ЖШС «Казгражданстройпроект», ЖШС «Корпорация Астана Құрылыс Инжиниринг» ЖШС «СК КАЗГОРСТРОЙ», ЖШС «Кызылординская дистрибютерская компания», ТОО «Alash Engineering Corporation», ЖШС "ABC- STROI", ЖШС "Орда Автодор", ЖШС "Дос Строй Проект" серіктестіктері Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.
Аталған кәсіпкерлік субъектілері бүгінгі күнге жергілікті бюджетке 32 млн. 609 мың теңге көлемінде салықтық түсімдер түсіріп отыр.
Сонымен қатар «Ауданның 2024 жылғы салық базасын ұлғайту, резервтерді анықтау бойынша Алгоритмнің іс-шаралар жоспары» бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің қосымша резервін анықтау мақсатында Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, кент әкімі аппараты, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мамандарының қатысуымен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құжаттарының Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» N 442 Кодексінің (Бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (Бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 жылғы №750 бұйрығымен бекітілген құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының (Бұдан әрі-Қағидалар) талаптарының сақталуына, ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша 167 әр түрлі саладағы кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық құжаттарының жасалуын және бағалату жұмыстарын жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілу жоспарланған.
Атап айтқанда 152-сауда дүкендері, 5-дәріхана, 6 автогаз құю бекеті, 4 жанар-жағар май құю бекеттері.
Бүгінгі күнге 146 кәсіп иелерінің құжаттарын қарау барысында 133 кәсіпкердің құжаттары заңға сәйкес рәсімделсе, қалған 33 кәсіпкерлік нысанның құжаттары рәсімделмеген немесе жасату үстінде екені анықталды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде орналасқан кәсіптік нысандардың сыртқы келбетін жаңарту және сыртының тазалығын қалыпты жағдайда ұстау бойынша күнделікті бөлім тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылға жоспарланған жалпы құны 920,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.
Анықтама ретінде:
Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі аясында жыл соңына дейін 2 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.
Біріншісі: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. тенгені құрайтын «Күріш ақтау және жем өндіру зауыты» іске асырылуы жоспарлануда.
Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысы алынып, Қызылорда облысының Бақылау басқармасынан құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қазан айында толықтай пайдалануға беріледі.
Жоба іске қосылғанда тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 15 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасының Жол картасындағы жоспарына сәйкес тамыз айынан бастап жұмысшы алу көзделген, қазіргі уақытта 1 жұмысшымен еңбек шарты жасалынды.
Екіншісі: «Таң LTD» ЖШС-ң «Өндірістік база» (мақсары майын, күріш лапшасын, жүгері ұнын өндіру) құрылысы. Жоба құны 422 млн. теңге, жеке қаражаты 300 млн. теңге, «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы 122,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 150 тонна мақсары майын, 2000 тонна жүгері ұнын, 200 тонна күріш лапшасын өндіреді деп жоспарлануда. Жоба қараша айында іске қосылады деп күтілуде. Зауыт іске қосылғанда 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ өтпелі кезеңге «UNO-PROF Строй» ЖШС-нің «Асфальт өңдіру зауыты» жобасы ағымдағы жылы басталып келесі жылы іске қосылатын болады. Жоба құны жеке қаражат есебінен 500,0 млн. теңге. Жоба толықтай іске қосылған уақытта тәулігіне 800 тоннаға дейін өнім өндіріп, жаңадан 15 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Қазіргі таңда жобаны іске асыру бойынша Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5,5 гектар жер беріліп, жобаны жерге орналастыру, жобаны құру, кадастрлық номерді анықтау бойынша 1 146 199 (бір миллион бір жүз қырық алты мың бір жүз тоқсан тоғыз) теңге төленді.