Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың III тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді  Жалағаш ауданы бойынша 5 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкімі аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 98  қызмет түрі көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда:

1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi  бойынша 18  қызмет түрі;

2) Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша 10 қызмет түрі;

3) Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі бойынша 26 қызмет  түрі;

4) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 11 қызмет түрі;

5) Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 13 қызмет түрі;

6) Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі бойынша  20 қызмет түрі.

Үстіміздегі жылдың  9  айында  тұрғындарға барлығы 2951 қызмет көрсетілді.

Нақтысы:

-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -  129 қызмет;

-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы - 205 қызмет;

-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2495  қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны - 122 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша 53 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге 530 мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

Қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Есепті кезеңде Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы