
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 866 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5902 - ер азаматтар, 4964 - әйел.
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.
Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,389 млн.теңге (2023 ж. 18 млн. теңге) және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 692,0 млн.теңге (2023 ж. 3 жоба – 4,2 млн. теңге) қаржы бөлінді.
|
№ |
Жоба атауы |
Жүзеге асырушы ұйым |
Қаржысы |
|
1. |
«Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі |
Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі |
2 млн. 440 мың теңге |
|
2. |
«Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі |
Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі |
1 млн. 607 мың теңге |
|
3. |
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды «насихаттау және патриоттық шараларды ұйымдастыру» қызметі |
Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі |
2 млн. 642 мың теңге |
|
4. |
Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру қызметі |
Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі |
1 млн. 607 мың теңге |
2024 жылдың 6 ай бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 110 шара өткізіліп, оған 4200-ге жуық жас қатыстырылды.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жайдарман ойындарының аудандық лигасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жайдарман лигасы өз нәтижесін көрсетіп, Тасбөгет кенті әкімінің кубогіне арналған ойында Жалағаш ауданының атынан қатысқан З.Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектебінің «Дәуімбай» құрамасы Тасбөгет кенті әкімі кубогының иегері атанды. Сонымен қатар облыстық «Bastau Liga» ойынында «Дәуімбай» құрамасы ІІІ орынды иеленді.
Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жалағаш ауданы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман сайысы өтті. Республикалық жайдарман ойынында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 13 команда бақ сынады. Сайыс жеңімпаздарына аудан әкімінің алғысы мен қаржылай сыйақы табысталды.
Аудан жастарының қатысуымен тал егу, тазалық акциялары, түнгі рейд, кеңес беру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жалағаш – Достық мекені» қоғамдық бірлестігі, аудандық әйелдер кеңесі және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды. Киелі Түркістан топырағына сапарлаған аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері, ақжаулықты аналар, этнос өкілдері, «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің жастары тарихи орындардың тарихымен кеңінен танысып, көне деректерге қанық болды.
Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетуде.
Бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы 3 спорттық үйірме 2 көшеге қоқыс жәшіктерін ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және Жалағаш кентінде 1 отбасыға баспана табысталды.
2020 жылы 14 жоба 5 млн. теңге, 2021 жылы 6 жоба 5,5 млн теңге, 2022 жылы 16 жоба 6 млн. 135 мың теңге, 2023 жылы 2 млн 300 мың теңгеге 3 жоба, 2024 жылы «Zhas Project» жобасы бойынша 1 жас (Шыныбеков Дәулет Айтбайұлы-жұмыссыз жас) 1 млн. тг көлемінде грант иегері атанып, Таң ауылында «Монитор» компьютерлік сауаттылық жобасын жүзеге асыруда. Осы бағыттағы гранттарға жастарды қатыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Жастарды жұмыспен қамту бойынша
Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың 6 айына Мансап орталығына 1902 адам хабарласса, оның 602-і немесе 31,7 пайызы жастар. Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 69 адамның бизнес жобасы мақұлданып, оның ішінде 17-і немесе 24,7 пайызы жастар. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына 979 адам жолданған болса, оның ішінде 292-і немесе 29,9 пайызы жастар. Атап айтқанда:
- әлеуметтік жұмыс орны - 12;
- жастар практикасы - 33;
- қоғамдық жұмыс - 112;
- алғашқы жұмыс орны - 10;
- тұрақты жұмыс орнына – 123;
- ұрпақтар келісім шарты – 2;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 35 жасқа дейінгі жас отбасылар саны - 50.
«Жасыл ел» еңбек жасағында уақытша көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 130 жас тартылды
Білім саласы бойынша
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы мектеп бітірген түлектер саны - 420. Олардың 395-і ҰБТ–ға қатысып, жалпы көрсеткіш 82,7 пайызды құрады. Жалпы бітірушілердің 395-ы ЖОО, 25-і АОО орналасу жобасы жасалынды. Аудан оқушылары облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындар иеленіп келеді. Өткен оқу жылында пәндік олимпиадалар мен жалпы ғылыми жоба конкурсына 273 оқушы қатысып, 127 оқушы облыстық кезеңде жүлделі орындар иеленді. Республикалық кезеңнен 6 оқушы (І-4, ІІ-1, ІІІ-1) жүлдегер атанды.
Жастарды спорттық шараларға тарту
Жастарды спортқа және мәдени шараларға тартуға аудан бойынша 107 спорт обьектісі тіркелген. Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 10 үйірмеде және 3 сауықтыру тобында 1056 спортшы қамтылған. Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 25 спорт нұсқаушылары қызмет жасайды. Олардың спортты - сауықтыру топтарына 3780 спортшы (әуесқойлар) қамтылған. Б.Құлтекенов атындағы жабық бассейнде жүзуден 3 үйірмеде 60 бала қамтылған. Аудан тұрғындарының спортпен шұғылданушылар саны 14063, яғни аудан халқының 39 пайыз құрап отыр. №13 және №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 20 үйірмеге 1735 спортшы қамтылған.
Жастарды мәдени шараларға тарту
Аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі, 9 клуб, 18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 руханият орталығы, 1 Бұқарбай батыр атындағы мемориалдық мұражайы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.
Осы ретте жыл басынан бастап мәдениет ұйымдарының жұмысы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобада «Кино-тайм», «Әлем BOOK», «ART уақыт», «Жанұя шуағы», «Еріктілер тобы», «Сыр сұхбат», «Креативті хаб» бағыттары қарастырылған.
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді және жастарды мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 739 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 68746 көрермен тартылды. Оның ішінде 43774-сі балалар. /Есепті кезеңде өткізілген іс-шарлардың 6-ы облыстық шаралар/.
Мәдениет ұйымдарында 106 үйірме жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысушылар саны 1175-ті құрайды. /ересектер-87, балалар-1088/ Биылғы жылы жаңадан 3 клуб, 8 көркемөнерпаздар үйірмелері ашылып, жұмыс жасауда.
Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы
2024 жылы республикалық бюджеттен 238 134,0 мың теңге осы бағдарлама аясында қаралды. Қазіргі таңда тұрғын үй сатып алуға аудан орталығында тұратын мамандарға 2500 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни 9 230,0 мың теңге көлемінде, елді мекенде тұратын мамандар үшін 2000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 7 384,0 мың теңге көлеміндетұрғын үй несиесі беріледі. Ол есеппен алғанда 28 маманға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік болады. (Қазіргі уақытта 70 маман кезекте тұр.)
Сонымен қатар бір жолғы көтерме жәрдемақыға 45 маманға 16 614,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Көтерме жәрдемақы 100 АЕК көлемінде есептеледі. (1 АЕК-3692 тг) (Қазіргі уақытта 180 маман кезекте тұр.)
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт арқылы құжаттар заңдылыққа сәйкес қаралып қабылданып жатыр.
Жастарды кәсіпкерлікке тарту
2024 жылдың І жартыжылдығына Жалағаш ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2949 бірлікті, (1446 дара кәсіпкер, 231 заңды тұлға, 1272 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 42 пайызын 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр. Сондай-ақ, «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ (21-35 жасқа дейін) арқылы жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында 2,5% жеңілдетілген несие беру жоспарлануда.
Жастардың денсаулық сақтау саласы бойынша
2024 жылдың І жартыжылдығына Жалағаш аудандық ауруханасы бойынша жалпы халық саны - 32146, 14 пен 35 жас аралығында -8927 жастар тіркелген (27,8%). Жастар арасында өлім-жітім 0 жағдай тіркеліп, көрсеткіш 0,0 пайызды құрады. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген -жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 12, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санынан үлесі – 22,0 пайыз. Жастар денсаулығы бөлімшесінде 1 Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері қызмет атқарады.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
2024 жылдың І жартыжылдығына жалпы 60 құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 14-35 жас аралығындағы жастармен 9 қылмыс жасалды. Жалағаш ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, жастар ресурстық орталығы, жастар ұйымдары және білім бөлімі мамандары бірлесіп жастар және жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндірме жұмыстары мен түнгі рейд жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыр.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аудандық пробация қызметінде 25 жас азаматтар (Жалағаш кенті-16, ауылдық округтер-9) есепке алынған.
Оның ішінде, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар-19, шартты жазаға сотталғандар-5 және кәмелетке толмағандар-1.
Олардың тұрақты жұмыспен қамтылғандары-15, қоғамдық жұмысқа жіберілген-1, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-1, жұмыссыздар-2, денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыздар-2, студент-2, кәмелетке толмағандар-1, уақытша ұстау изоляторында қамауда-1. Пробация есебінде тұратын жастарды қоғамдық ортаға тарту, белсенді жастар қатарына қосу мақсатында спорттық сайыстар және аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындарға экскурсия жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері 60 рет Жалағаш ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, жастар ресурстық орталығы, жастар ұйымдары және білім бөлімі мамандары бірлесіп жастар және жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндірме жұмыстары мен түнгі рейд жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыр.
Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу жат ағымдардан сақ болу мақсатындағы тақырыпта АТТ мүшелерінің қатысуымен кент және ауылдық округтердегі мектептерде және спорт мектебінің жас спортшыларымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіліп отыр.