Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының полиция бөлімімен 2024 жылдың ІІ-тоқсанында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының нәтижелері туралы

Ішкі істер органдарының қылмыспен күресте басым-бағыттарының бірі кезекші тәулікте қылмыстардың ізін суытпай ашу және қылмыстың алдын алу профилактикасы болып табылады.

  Есепті мерзімде атқарылған  кешенді жұмыстардың нәтижесінде, жалпы қылмыстардың  тіркелуі  өткен жылмен  салыстырғанда (57-ден 60-қа),  яғни  3 қылмыстық құқық бұзушылыққа  немесе  5,3  пайызға өсім алып,, ашылу көрсеткіші ( 83,6%-дан 74,0%-ға)  төмендеді.

  Мәлімет үшін:  тіркелген  60  қылмыстың   23-ауыр санаттағы, 13 орта санаттағы, 13- онша ауыр емес, 11-қылмыстық теріс қылық.   

 Ашылған қылмыстарға келетін болсақ;  ауыр санаттағы 14 қылмыс дерегі. Орта санаттағы 5 қылмыс, онша ауыр емес 8 қылмыс. 10 теріс қылық ашылған.

 Атқарылған профилактикалық  жұмыстардың нәтижесінде, ұрлық қылмысының тіркелуі (19-дан 16-ға), тонау (1-ден 0-ге), бұзақылық қылмыстарының тіркелуі  50,0%-ға (4-тен 2-ге), қоғамдық  орындарда  жасалған  қылмыстар – 16,7%-ға  (14-тен 10-ға), көшеде  жасалған  қылмыстар – 12,5%-ға  (10-нан 7-ге), мас күйінде жасалған қылмыстар 70,0%-ға  (11-ден 5-ке), топтасып жасалған қылмыстар 20,0%-ға  (5-ден 4-ке) бұрын сотты  болғандармен  жасалған  қылмыстар  33,3%-ға  (24-тен 16-ға), жасөспірімдермен жасалған  қылмыстар  66,7%-ға  (3-тен 1-ге), отбасы тұрмыстық салада жасалған қылмыстар 100,0%-ға  (1-нан 0-ге) төмендесе, адам өлтіру, зорлау, қарақшылық қылмыстарына жол берілген жоқ.

 Қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында бірнеше рет «Құқық тәртіп», «Құрық», «Есептегі адам», «Мал ұрысы», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар»     «Түнгі Жалағаш»,       «Заңсыз жүрзуші тасымалдау», «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесіне қарамастан, аудан көлемінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстарының тіркелуі  (0-ден 1-ге), алаяқтық 166,7%-ға (3-тен 8-ге), қорқытып талап ету қылмыстары (0-ден 1-ге), есірткі қылмыстарының тіркелуі 25,0%-ға (4-тен 5-ке) өсім алды. 

 Орын алған қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында бірнеше рет жоғарыда көрсетілген жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Іздестіру жұмыстары бойынша;  Іздеуде жүрген  өтпелі қалдықта хабар-ошарсыз кеткен (Ж.Егеубаев пен С.Шайхиев, А.Асқаровтарға) қатысты іздеу істері ашылып, жедел іздестіру нәтижесінде  аз.А.Аскаров 12.03.2024 жылы Қызылорда-Жезқазған тас жолында кірпіш заводта жұмысшы болып жүрген жерінен табылды.

Жергілікті полиция қызметі саласы бойынша;   Есепті мерзімде профилактикалық  шаралардың нәтижесіне қарамастан аудан көлемінде, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен барлығы – 2058 (2023 ж-2220) әкімшілік құқық бұзушылықтар  анықталған.

Оның ішінде,  Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік» Қағидатын  жүзеге  асыру бағытында  320 (2023 ж-984) құқық бұзушылықтар анықталған.  

 ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының талаптарына сай тұрмыстық ортада құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты 35 (2023 ж-55) қорғау нұсқамасы шығарылып, аудандық сотпен  құқық бұзушының мінез-құлқына 27 (2023 ж-12) ерекше талап белгіленген.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстарының алдын-алу, оған жол бермеу мақсатында ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғалармен үнемі профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде маскүнемдер есебінде тұратын еріксіз емдеу мекемесіне 2024 жылдың есепті мерзімінде 5 (2023 ж-6) азаматты маскүнем ретінде бөлімнің тізімдік есебіне алынып, еріксіз емдеу мекемесіне 5 макүнем жатқызылды. Учаскелік полиция инспекторларының өз ынтасымен 34 (2023 ж-36) қылмыс ашылған.

Табиғат  қорғау  саласы бойынша: Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жыл басынан табиғатты қорғау, экологиялық қылмыстарды алдын-алу  бойынша 324, (2023ж-450) құқық бұзушылық анықталып экологиялық қылмыстарды алдын-алу бағытындағы жұмыстары  өткен жылмын салыстырғанда  төмендеген. Оның: - 89 (2023ж-95)  дерегі ҚР-ның ӘҚБтК 382 бабына сәйкес (Заңсыз аң аулау қағидасын бұзған), 8-і (2023 ж- 11) ҚР-ның ӘҚБтК-нің 383 бабына сәйкес (заңсыз балық аулау қағидасын бұзған), 16-ы (2023 ж- 40) ӘҚБтК 434-2 бабы (ортақ пайдаланатын орынды ластау), 214-і  (2023 ж- 303)  ӘҚБтК 505 бабы (қалалармен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу).

Табиғатты қорғау бағытында Республика көлемінде өткізілген «Браконер» және «Уылдырық-2024» ЖПІШ-ры аудан көлемінде өткізіліп, нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталып, экологиялық 1 қылмыстық іс ҚР-ның  ҚК-нің 339  бабына сәйкес анықталған. Сонымен қатар, іс-шаралар барысында әлеуметтік желілерге мақалалар жарияланды.

Ювеналды полиция тобы саласы бойынша; жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу мақсатында  жалпы  127  (2023 ж-134)  қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталған.

Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу ескерту және сақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне қарамастан   жасөспірімдер арасындағы жасалған қылмыс өткен жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандарға қарсы  жасалған  қылмыстар (3-тен 1-ге) -66,7 % пайыз болып тұр.  Қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасаған жасөспірімдердің әр-қайсысына талдау жасайтын болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен 117 (2023ж-126) ата-аналарға әкімшілік хаттама рәсімделіп  шаралар көрілген. Мұндай құқық бұзушылықтар 2023 жылмен салыстырғанда полиция қызметкерлерімен анықталуы біршама төмендеген.

 Бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторларының өз ынтасымен 9 қылмыс ашылған (2023ж-8) ашылу пайызы былтырғы жылмен салыстырғанда -12,5 пайызға жоғарылаған.

  Сонымен қатар, Қанғыбастыққа салынып жүрген жасөспірім анықталған жоқ.         Қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында аудан көлемінде «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық  қол  сұғылмаушылықтың алдын алу бағытында лекциялары оқылып жиналыстары  өткізіліп,  аудандық  әлеуметтік жүйелеріне   осы тақырыптар бойынша мақалалармен бейне роликтер  жарияланып көрсетілді.

 Іс-шара барысында, кент орталығында орналасқан 5 мектеп және 1 колледж және 15 елді-мекен мектептерінде құқық бұзушылықтардың, өрт қауіпсіздігін, суға түсу маусымында қауіпсіздік шаралары мен жол көлік оқиғасының алдын-алу бағытында жазғы демалысқа шықпас бұрын оқушылармен және ата-аналарымен кездесулер, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тиісті хаттамалар жасалды. 

Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобымен  отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтардың  алдын  алу  мақсатында  біршама  жұмыстар  атқарылды. Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының талаптарына сай тұрмыстық ортада құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты 35 қорғау нұсқамасы шығарылып,  аудандық сотпен құқық бұзушылардың  мінез-құлқына  27  ерекше  талап  белгіленген. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстарының алдын-алу, оған жол бермеу мақсатында ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғалармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп  тұрады,  атап  айтсақ аудан көлемінде 174 азамат маскүнем есебінде, бұрын сотты болғандар есебінде -17  азамат есепте тұрса, нашақор есебінде -17 азамат,  пробация есебінде – 47.

Аудан көлемінде азаматтар жаппай жиналатын орындарда әйелдерді  зорлық- зомбылықтан қорғау мақсатында бөлімнің  ЖПҚб-нің  УПИ, ЮПТ, ӘЗЗҚ тобымен  біріге  отырып  жоспар құрып, жоспарға сай рейд ұйымдастырылып, біріккен рейд барысында бөлімнің профилактикалық есебінде тұрған азаматтардың мекен-жайлары  толығымен араланып және аудан көлемінде орналасқан базарлар мен дүкендерге және адамдар көп шоғырланатын жерлерге, жадынамалар мен буклеттер таратылды. Әр аптаның жұма күндері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында атқарған жұмыстар және  іс-шаралар Қызылорда облысының ПД, Жалағаш АПб-нің сайттарында және жергілікті интернет - ресурстарына сонымен қатар аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне  Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптарында жиі  мақалалар  жарияланып отырады. 

Жол-патрульдік полиция саласы бойынша:  патрульдік полиция тобының қызмет инспекторларымен  1047 (2023 ж-1118)  құқық бұзушылық анықталған. Аудан көлемінде құжатсыз автокөліктерін, немесе алкогольдік  ішімдіктерін ішкен күйде көлік құралдарын басқарғандары үшін және тағы басқа да жол көлік оқиғаларын жасағаны үшін арнайы кент әкімдігіне қарасты автотұраққа 124-і автокөлік қойылса, оның 19-ы еш құжатсыз басқарғандары үшін, 10-ы автокөлікті масаң күйінде басқарғандары үшін, 37-і  жол көлік оқиғаларын жасағаны үшін және 19-ы ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін қойылса. Басқада баптарды бұзған үшін 39-ы автокөлік қойылған.  Жол-көлік оқиғаларын азайту, алдын-алу бағытында «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Құқық тәртіп», «Абайлаңыз балалар» және «Жол қауіпсіздігі апталығы» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып  өткізіліп нәтижесіз болған жоқ.

Сонымен қатар, патрульдік полиция тобының қызмет инспекторларының өз ынтасымен 13 қылмыс ашылған (2023ж-10) ашылу пайызы былтырғы жылмен салыстырғанда -30,0 пайызға жоғарылаған.

Жол апаттылығына байланысты,   есепті мерзімде жол көлік оқиғалары барлығы  - 5 (2023 ж-7)  дерегі орын алып,  өткен жылмен салыстырғанда – 2 дерекке, дене жарақатын алғандар саны - 4 (2023ж-9) өткен жылмен салыстырғанда – 5 дерекке төмендеді, ал жол көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны (0-ден 1-ге ) өсім алды.

Әкімшілік  полиция саласы бойынша;  Есепті мерзімде салынған айыппұлдарды  өндіру  бағытында 2687  әкімшілік хаттамалар толтырылып,  10 млн 704 мың 564 теңге айыппұл салынып,  оның  8 млн  314 мың   363 теңгесі  мемлекет пайдасына өндірілді, өндіру  көрсеткіші  77,7%-ды  құрауда.

Полиция бөлімімен қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу бағытындағы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарда   тисіті ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сұраныс жасалып жұмыстар атқарылуда.

Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы