Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің 2024 жылы 2 тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Жалағаш ауданы бойынша 6884 отбасы саны бар. Оның 6578 немесе 95% OTAU TV Ұлттық цифрлық телехабар құрылғысымен ("Қазтелерадио"АҚ анықтамасына сәйкес) қамтылған.

Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2024 жылдың басынан шыққан мақалалар саны- 88. Оның ішінде;

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-15;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -64;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-9.

 Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық  «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты түрде жарияланып келеді.

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат

 Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық  «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.

 Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

2024 жылдың 1 шілдесіне «Жалағаш жаршысы» газетінің 2840 дана таралымы бар.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Жалағаш ауданы бойынша әділет органдарында тіркелген  26 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қор 12, қоғамдық бірлестіктер  14.

Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны 6 қоғамдық бірлестік  және 1 қоғамдық  қор, атап айтқанда «Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі,  «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Жалағаш ауданы жастарының  «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі, «Туған жерім, тірегім» қоғамдық бірлестігі , “»Жалағаш Даму» қоғамдық қоры.

Бүгінгі күнге 14 қоғамдық  бірлестіктің  11-і  және  3 қоғамдық  қор  2024  жылдың  31  наурызына  дейін  ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 7 қоғамдық қор және 1 қоғамдық бірлестік жұмысын уақытша тоқтатқан.

2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

2024 жылдың 6 айында Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 50-ге жуық іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 200-ге жуық аудан тұрғындары қатыстырылды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

2024 жылдың есепті мерізіміндегі жағдай бойынша Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 16 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндектері қарастырылған. 

Ауданда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру шеңберінде жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 30  шара  өткізілді.

Этносаралық қатынастар туралы

 Жалағаш ауданында этносаралық ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталуды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.  

 Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда, этносаралық қатынастарға мониторинг жасалуда.

 Аудан халқының 99,3% - қазақ, 0,7% - этностық топтан құралған адам саны-254. Жалағаш ауданы бойынша 99 этнос отбасы бар, барлығы - 254 адам. 0-14 жас аралығы-48, 14 жасқа дейін – 28, 14-29 жас аралығында – 48, 29-35 жас аралығында – 21, 35 жастан жоғары  - 137 тұрғын бар.

2024 жылдың  I жартыжылдығында  атқарылған жұмыстар «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша этносаралық сарапшысының және «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 20 шара ұйымдастырылып, 150 этнос өкілі қамтылды.

Жастар саясаты

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 845 жас тіркелген, оның ішінде 5891 - ер азаматтар, 4954 - әйел.       

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6).

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,389 млн.теңге (2023 ж. 18 млн. теңге)  және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 692,0 млн.теңге (2023 ж. 3 жоба – 4,2 млн. теңге) қаржы бөлінді.

  1. «Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі;
  2. «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі;
  3. Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру қызметі;
  4. Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және патриоттық шараларды ұйымдастыру қызметі.

2024 жылдың І ажыртыжылдығында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 75 шара өткізіліп, оған 3500-ге жуық жас қатыстырылған.

 

Дата публикации
10 июля 2024
Дата обновления
10 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы