Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың І жартыжылдығына білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Аудандағы 37 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, 26 жекеменшік,1 шағын орталық) 2577 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші 97%. Жеке балабақшалардың үлесі 63,8%. 26 жекеменшік балабақшаның 15-і кентте, 11-і ауылдық жерде орналасқан.

Кентте орналасқан 5 балабақшаның (Арай, Жауқазын, Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) 3-уі ( Күншуақ, №19 санаторий, Ақмаржан) табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. Арай, Жауқазын балабақшасын газ жүйесіне қосуға жоба сметалық құжатын дайындауға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Ауданда 20 мектеп жұмыс жасайды. Оқушы саны 6695.

2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 647 оқушы қабылданды.

2024 жылы  мектепті 420 түлек аяқтады.  18 түлекке «Алтын белгі» табысталды.

Жалпыға міндетті оқу қоры аясында тиісті көмек түрлерін алатын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан (тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған) 4756 бала ыстық тамақпен қамтылуда (2100 бала АӘК (АСП) алатын, аз қамтылған отбасы балалары, 2656 1-4 бастауыш сынып оқушылары).

Бұқарбай ауылындағы №33 мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты жобалық-сметалық жұмыстары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Материалдық техникалық базаны нығайту бағытында аудан мектептері 100% кең жолақты интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар, бүгінгі күні мектептер 95% жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықталған.

Дата публикации
09 июля 2024
Дата обновления
09 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы