
Аудан бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы
Кәсіпкерлік саласы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Сол себепті, бұл саланың көрсеткіштерінің қорытындысы ауданымыздың рейтингісіне әсері зор.
Оң динамикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, кәсіпкерлік саласының дамуына аса мән беріп, тиісті салықтық және статистикалық есептіліктерді уақытылы тапсыру бақылауға алынған.
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылдың 1 маусымына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2849 бірлікті құрады. Ал, нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2717 субъектісі жұмыс жасап отыр.
Кент ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері жыл басынан салыстырғанда оң өзгерістер байқалуда.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
2024 жылға ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің жылдық болжамы әзірленді. Олар: өнеркәсіп өнімі – 32,0 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі – 8,0 млрд теңге, негізгі капиталға салынған инвестиция – 20,4 млрд теңге, бөлшек сауда – 4,0 млрд теңге.
Аудан бойынша 2024 жылдың 4 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қалыптасып, көрсеткіштер толық орындалды.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 156,2 пайызға артып, 14 млрд. 253 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 8,9 есеге артып, 6 млрд. 378 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2023 жылдың 4 айында 4846,0 млн. теңге).
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 106,1 пайызға артып 6 млрд. 140 млн. теңгені құрады (2023 жылдың 4 айы 5561,0 млн. теңге).
Бөлшек сауда көлемі 924,7 млн.теңге болып, 101,4 пайызға орындалды.
Бөлімге бекітілген 4 макроэкономикалық көрсеткішке талдау жұмыстары жасалып ағымдағы жылдың 1 маусымына болжам әзірленді.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша 2023 жылдың 5 айында 15405,0 млн теңгенің өнімі өндірілген. 2024 жылдың 4 айында нақты 14253,0 млн теңге өнім өндіріліп, индекс көлемі 156,2 пайызды құрады.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2023 жылдың 5 айында 5035,0 млн теңгенің өнімі өндірілген. 2024 жылдың 4 айында 6378,0 млн теңге өнімі өндіріліп, индекс көлемі 8,9 есеге артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша ағымдағы жылдың мамыр айына 660,0 млн теңге көлемінде есептілікті статистика органына 2 маусымға дейін тапсыру жоспарланып, бүгінгі күнге 1 млрд.теңгенің есептілігі тапсырылды.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша 2023 жылы 206 жоба 4 млрд. 809,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Анықтама ретінде:
Мал шаруашылығы 149 жоба 1766,8 млн. теңгеге, егін шаруашылығы 11 жоба 1003 млн. теңгеге, ауыл шаруашылығы және арнайы техникасын сатып алу 18 жоба 700,2 млн. теңгеге, өңдеу саласы бойынша 7 жоба 361,2 млн. теңгеге, қызмет көрсету 10 жоба 166,4 млн. теңгеге және басқа да түрлері бойынша 11 жоба811,7 млн. теңгеге қаржыландырылған.
Оның ішінде: Өңдеу саласы бойынша 361,2 млн.теңгені құрайтын 7 жоба қаржылық қолдауға ие болып, ағымдағы жылы алғашқы өнімдерін шығаруда.
Ағымдағы жылы да шағын және орта кәсіпті қаржыландыру жұмыстары жалғасын табуда.
Бүгінгі күнге қаржы ұйымдары арқылы 52 жоба 2 млрд. 316 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар, 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.
Бірінші: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылып, алдағы уақытта тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 5 адам жұмыспен қамтылды.
Екінші: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы».
«Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие қаражаты, жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге. Чехия мемлекетінен 96бас ірі қара малы әкелінді. Сиырлары туып, сауынға тұрғаннан кейін жоба толық іске қосылып, тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жеке кәсіпкер Д.Ержановтың «күріш ақтау және жем өндіру» зауытының құрылысы іске асырылады деп күтілуде. Жоба құны жеке қаражаты есебінен500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және 5 тонна жем өндіру зауыты. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоба ағымдағы жылдың соңына қарай іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңадан 20адам жұмыспен қамтылатын болады.
Сондай-ақ «Таң ЛТД» ЖШС-ніңжалпы құны 422,0 млн.теңгені құрайтын «Өндірістік база» цехының құрылысы. Цех толық іске қосылған уақытта мақсары майы, жүгері ұны және күріш лапшасын шығарып ел игілігіне пайдалауға шығарылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Байқоңыр ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы 122,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. Жоба ағымдағы жылдың 3 ші тоқсанында іске қосылып, 22 адамды жұмыспен қамтитын болады.