Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2024 жылдың ІІ тоқсанында  атқарылған жұмыстар  туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша

 

         Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 130,3 шақырым барлығы 240,9 шақырым автомобиль жолдары бар.

         Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,3% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Үстіміздегі жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жөндеу жұмыстарына 592,7 млн.теңге қаралып, төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

  1. «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (1,3 шқ) облыстық бюджеттен 305,1 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда Құм аралас тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі тамыз айы. Мердігр мекеме «Алем Транс жол» ЖШС.
  2. «Жаңақоныс-Таң» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялауға (3,7 шқ) облыстық бюджеттен 287,6 млн.теңге қаржы қаралды.

Алдағы уақытта сессия қорытындысымен қаржысы басқа жобаға бағытталатын болады.

  1. Аққұм елді мекенінің айналма жолын реконструкциялауға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізізіліп, «Орда Автодор» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.

Биылғы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 988,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

  1. М.Шәменов ауылында оң жақ көше, сол жақ көше кірме жолдан бастап автомобиль жолдарын салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Қыран» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 86,5 млн.теңге, ұзындығы 1,0 шқ) Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  2. Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысына республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қыран» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 403,1 млн.теңге, ұзындығы 4,7 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда облыстық бақылау басқармасынан жөндеу жұмыстарын бастау жөніндегі рұқсат алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
  3. 2023 жылы бастау алған Аққұм ауылының 10 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 147,0 млн.теңге қаралып, толығымен игерілген болатын. Жалпы жоба құны 457,1 млн.теңге. (жалпы құны 457,1 млн. теңге, ұзындығы 8,4 шқ).

Үстіміздегі жылы жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін облыстық бюджеттен 286,6 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.

  1. 2023 жылы Еңбек ауылының 3 көшесін орташа жөндеу жұмыстарына (жалпы жоба құны 62,3 млн.теңге, ұзындығы 2,8 шқ) аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталған болатын. Мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС. Жетіспейтін қаржы 59,5 млн.теңге.
  2. Есет батыр ауылындағы Бисембаев, Бөлебай би, Өмірбай шешен, Жаңа жарма, Сарман батыр көшелерін (жалпы жоба құны 545,8 млн.теңге, ұзындығы 4,0 шқ) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 545,8 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда құм аралас тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.
  3. Жалағаш кентінің 11 көшесін күрделі жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Қызылорда жолдары» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 715,2 млн.теңге, ұзындығы 9,3 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  4. Ақсу ауылының М.Әуезов, Т.Қожағұлов, Ақбөгет көшелерінің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, «Р и А Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 294,9 млн.теңге, ұзындығы 3,1 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  5. М. Шәменов ауылында Тәшімбетов көшесіне автомобиль жолын салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, «Алтын Өрлеу» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 167,1 млн.теңге, ұзындығы 1,9 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  6. Таң ауылы, 10 дана екі пәтерлік тұрғын үйге көше жарығы бар кірме автомобиль жолын салу жұмыстарына облыстық бюджеттен 105,7 млн.теңге қаралды. (жалпы жоба құны 105,7 млн.теңге, ұзындығы 0,5 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда облыстық бақылау басқармасынан жөндеу жұмыстарын бастау жөніндегі рұқсат алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

 

  1. Газдандыру бойынша

 

  1. М.Шаменов елді мекенін газдандыру (келісім-шарт құны-649,1 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 63,8 млн.теңге бөлініп, бөлінген қаржы шегінде жұмыстар жүргізіліп, толығымен игерілді. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 585,3 млн.теңге қаралып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс монтаждау жұмыстары қыркүйек айында аяқталу жоспарлануда.

          Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай  Сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС.

  1. Ақсу елді мекенін газдандыру (келісім-шарт құны-517,4 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржы шегінде жұмыстар жүрігізілді. 2024 жылы құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 365,7 млн.теңге қаралып жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс монтаждау жұмыстары тамыз айында аяқталу жоспарлануда.

Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС.

 Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123, №246 орта мектептерін табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыстарына (келісім-шарт құны-26,5 млн.теңге) республикалық бюджеттен 42,5 млн.теңге бөлінді. Құрылыс монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталатын болады.

Мердігер мекеме «Дос Строй Проект» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Шебер Құрылысшы» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Прект Сервис» ЖШС.

 

Ауыз сумен қамту бойынша

 

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң елді мекенін шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын өндіруге арналған №2-Т барлау пайдалану ұңғымасын бұрғылау» жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Жобаны жүзеге асыру үшін жобалау-сметалық құжаттарды аудандық меншіктен «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының Жалағаш аудандық өндірістік бөлімшесі республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жарықтандыру бойынша

 

Таң ауылының әкімі аппараты арқылы Таң ауылындағы А.Мықтыбаев, С.Сейфуллин, Ш.Уалиханов, Қарасу көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.

Дата публикации
09 июля 2024
Дата обновления
09 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы