Лого

Меню

Страницы

Статья

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУҒА ДӘНЕКЕР БОЛДЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халыққа сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету және сервистік процесстерді жетілдіру мен қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру жұмыстарын ұдайы түрде жүргізеді.

Бұл ретте басты ұстаным – әрбір қызмет алушыға сапалы көмек көрсетіп, заң аясында іс-қимыл жасау. Департамент тарапынан қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру сәтті жүзеге асуда.

Мәселен, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсетуден бірнеше рет негізсіз бас тарту фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне қатысты «Тасберген баба» бөбекжай-балабақшасы мекемесінен шағым түсті.

Аталған шағымды зерделеуаясында Департамент тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде, Басқарма қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзуанықталды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру әкімшілік жауапкершілік көзделген екінші санаттағы рұқсат құжаты болып табылады.

Осыған орай, Басқарма басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бұзушылықтарға жол берген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті нұсқама енгізілді.

Бүгінгі таңда шағым иесінің бұзылған құқығы мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өту керек, кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші - мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсетужәне қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына тікелей байланысты.

Сондықтан да департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуына ықпал жасап, заң шеңберінде көзделген міндеттерді орындауға әрдайым мүдделі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

 

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы