Лого

Меню

Страницы

Статья

Департаментпен қызмет алушының құқықтары қорғалды

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі.

Бұл ретте департамент тұрғындар шағымын қарау арқылы сындарлы диалог орнатып, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға атсалысады.

Биылғы жылдың мамыр айында Департаментке қызмет алушының«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтарды алу» (ІІ кезең)мемлекеттік көрсетілетін қызметбойынша өтінішіне Ақай ауылдық округі әкімінің аппаратымен бас тарту фактілеріне қатысты шағымы келіп түскен.

Шағымның негізінде, Әкімдік пен Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне Департаментпен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде, Әкімдік тарапынан Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңының талаптары бұзылуына байланыстыҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен Ақай ауылдық округінің әкімі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұған қоса мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі бұзылғандығы үшін Әкімдіктің бас маманына тәртіптік жаза қолданылды.

Сондай-ақ, Бөлім қызмет алушының Қағида талаптарына сәйкес ұсынған құжаттар пакеті толық болғанына қарамастан, материалдарды жер комиссиясының қарауына енгізбей, қызмет алушының құқығын шектеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұза отырып, негізсіз бас тартқанын анықтады.

Тексеру нәтижесімен, Департамент тарапынан енгізілгенұсыным негізіндеқызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, өтініші бойынша ұсынған құжаттар жер комиссиясының қарауына ұсынылды.

Атап өту керек, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі өз мерзімінде көрсету нәтижесімен қызмет алушының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші.

Бұл тұрғыда Департамент әрдайым шағымданушы тараптың заңды мүдделерін қорғауда пәрменді шараларды қабылдайды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы