
2020 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша
2020жылдың І тоқсанында жеке тұлғалардан барлығы63 өтініш түсіп, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25-ке азайған (2019 ж. І тоқсанында-88).
Жоғары органдар немесе басқа органдар арқылы келіп түскен өтініштер.
Оның ішінде:
Салалар бойынша түскен өтініштер :
шаруашылық - 5
Жалпы аудан әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштердің тіркелу, қаралу және өтініш иесіне жолданатын жауаптардың мерзімдері қатаң сақталуда.
Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Заңды тұлғалардан 2020 жылдың І тоқсанындааудан әкімінің аппаратына барлығы 21өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда7-гекөбейген (2019 ж. І тоқсанында-14 өтініш).
Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселелері (6) жәнет.б. мәселелер-(15).
Жеке қабылдау бойынша
Аудан әкімінің аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.
2020 жылдың І тоқсанындааудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысыменбарлығы 66 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 29-і аудан әкімінің қабылдауында және 37 адам міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болды.
Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, тоқсан сайын бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланып отырылады.
Қабылдау барысында азаматтарғатолық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.
Қабылдауға жазылатын азаматтардың жиі көтеретін мәселелері- жұмысқа орналастыру, материалдық көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған арнайы жәшіктер орнатылған.
Сондай-ақ, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл жөнінде аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.