
|
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР: |
||
|
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
Жалағаш ауданы әкімінің аппараттары |
|
|
Кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары |
||
|
«Жалағаш аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||
|
«Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||
|
«Жалағаш аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||
|
"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||
|
«Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2023 жылы аудан әкімдігі мен және аудан әкімдігіне қарасты аудандық жергілікті атқарушы органдар арқылы 51 қызмет түрін ұсынады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсынан алуға болады |
|
|
1) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
51 |
|
2) |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
27 |
|
3) |
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Тегін – 49 қызмет Ақылы негізде – 2 қызмет |
|
4) |
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
51 |
|
5) |
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны |
- |
|
2. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС: |
||
|
1) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер |
Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/article/details/156793?lang=kk) арнайы бөлім ашылып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсетуші мекемелер жайлы ақпараттар орналастырылған. Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты қағидалары ілінген ақпараттық тақталар жасалынған. |
|
2) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
- |
|
3) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің қатысуымен барлығы 8 рет семинарлар мен құқықтық оқытулар өткізіліп, практикалық көмектер көрсетілді. Баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық үлесін арттыру бойынша көп шоғырланатын орындарда брошюралар таратылды және 8 бейнеролик әлеуметтік желілерге (you tube, facebook, Жалағаш аудан әкімдігінің сайты) орналастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Жалағаш ауданы бойынша қызмет алушыларды кеңінен ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің жұмысына баға беру жөніндегі «Digital agent» және «e-gov mobile» мобильдік қосымшасы туралы таратпалар (брошюра) халыққа таратылып, билборд орнатылған. Жалағаш кенті Желтоқсан көшесінде бейнероликтер LED-экранда көрсетілді. Үстімізде жыл көлемінде қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Мониторинг шарасы Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исатай Ербатыр Орныққанұлы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының Жалағаш аудандық бөлімінде, Жалағаш аудандық емханасына және Жалағаш ауданы әкімі аппаратына қарасты мемлекеттік мекелерімен ауыл әкімдері аппаратына жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен 2021 жылдың 10 қыркүйегінде бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша 2023 жылы 4 онлайн-жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке жұмысының барысында аудан тұрғындарынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жайында 21 сұрақ түсіп, мекеме мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді. 12 аудан тұрғыны тікелей эфир арқылы жәрмеңке жұмысы жайлы өз пікірлерін білдірді. |
|
3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ: |
||
|
1) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
- |
|
2) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
- |
|
3) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
- |
|
4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ: |
||
|
1) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) |
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ |
|
2) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
2023 жылдың I, ІІ, ІІІ және ІV-тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталу бойынша ішкі бақылау жүргізілді. Ішкі бақылау «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ, «Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ, «Жалағаш аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ, «Жалағаш аудандық мәдениет және спорт бөлімі» КММ, «Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Бұқарбай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Таң ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Шаменов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ жүргізілді. Нәтижесінде бизнес үдерістердің бұзылуының 10, өзге де заңдылықтардың бұзылуының 1 барлығы 11 бұзушылықтың жағдайы анықталды. Кемшіліктерге жол берген аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жауапты маманына «Ескерту» түрінде тәртіптік шара белгіленді. 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету барысында 3 мерзім бұзушылық фактісі орын алды. |
|
3) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
- |
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: |
- |
|
|
6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің переспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру |
- |
|