Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының 2024 жылдың І тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Мәдениет саласы бойынша ағымдағы жылдың 3 айында ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға түрлі форматтағы 212 мәдени-көпшілік шаралар: оның ішінде театр қойылымы, мерекелік жиындар, шығармашылық байқау-конкурстар ұйымдастырылып өткізіліп, оған 38385 көрермен қамтылған.

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жеті бағыт («Сұхбат TIME», «Әлем—BOOK», «АРТ уақыт», «Жанұя шуағы», «Креативті HUB», «Еріктілер тобы», «Кино- TIME»)  бойынша жұмыс жасап келеді.

16 мәдениет нысандарында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы» жазуы ілініп, ішкі безендіру жұмыстары толығымен аяқталды.

Жаңадан 3 клуб, 3 көркемөнерпаздар үйірмелері ашылды. Атап айтқанда, «Beauty визажистер»,  «SMM мобилография» («Руханият» орталығы жанынан), «Ұлы Дала тағамдары» (Аққұм ауылдық клубы) және  «Сазды әуен» саксофон («Руханият» орталығы), «Бал бала» соқпалы-шулы аспаптар (Аққыр ауылдық клубы), «Ақкелін» хор ұжымы (Аққұм ауылдық клубы) үйірмелері жұмыс жасауда. Қатысушылар саны 58 –ді құрайды. Аталған клубтар әр апта сайын кәсіби мамандардың қатысуымен шеберлік сағаттарын ұйымдастыруда.

«АРТ уақыт» жобасы аясында «Руханият» орталығында  «Beauty визажистер»,  «SMM мобилография» және Аққұм ауылында «Ұлы дала тағамдары» клубтары, «Ақ келін» хор үйірмесі, Аққыр ауылында «Бал бала» шулы аспаптар үйірмелерінің ашылу салтанаты өткізілді.

 Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында  «АРТ уақыт» жобасы аясында үйірмелер қатары тағы да 4 үйірмеге (Таң ауылдық мәдениет үйі жанынан «Таң әжелері» әжелер ансамблі, «Ulttyq klub» ұлттық ойындар үйірмесі, «Руханият» орталығы жанынан «Өлең - өмір» жазба поэзия, Қаракеткен ауылында «Асыл мұра», Аққұм ауылында «Жас өрен» балалар хор үйірмелері) және кітапхана саласы бойынша жаңа әдеби шығармаларды талқылау, кітап оқитын ұлт тәрбиелеу мақсатында «Әдеби әлем» жастар оқырмандар клубымен толығатын болады. 

Сонымен қатар «Өмірдің әр сәті - бақыт» айдарымен әр аптаның бейсенбі күні психологиялық кеңес беру ашық есік күні өткізілуде.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – сөздің асылы» атты мерекелік шара, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты салтанатты шара, 14-31 наурыз аралығында «Креативті HUB» жобасы аясында «ULTTUK STILE» ұлттық көрме-жәрмеңкесі, 14-18 наурыз аралығында «Көне дәстүр күмбезі» атты ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі, 22 наурыз күні «Дала қазағы» бірегей этноауыл көрмесі, Ұлттық тағамдардың гастрофестивалі ұйымдастырылып, тұрғындар қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ, аталған шаралар «Qyzylorda»  және «Қоғам ТВ» телеарналарында ақпараттандырылды.

«ULTTUK STILE»  көрме-жәрмеңкесінде ұлттық нақышта тігілген тақиялар, қол сөмкелер, әшекей бұйымдар сұранысқа ие болды. Тігінші Тыныштықбай Сымбаттың тіккен ұлттық киімдері Қызылорда қаласында өткен «Этно FASHION» сән үлгісі фестиваліне қатыстырылды. Жалағаш ауданының өнерпаздары «Qyzylorda» телеарнасында «Наурыз-думан» арнайы мерекелік шығарылымының түсіріліміне қатысты.

  2024 жылдың І тоқсан бойынша үйірме мүшелері Астана қаласында өткізілген «JAIDARMAN junior» ойынының «МАУСЫМАШАР - 2024» республикалық фестиваліне Таң ауылының «Таң жастары» мен Аққошқар ауылының «Марданның ұландары» командалары қатысып, Алматы қаласында өткізілетін «Жайдарман» ойындарына жолдама алды.

Сонымен қатар, Алматы қаласында өткізілген республикалық «Оян, қазақ» атты Міржақып Дулатұлына арналған шығармашылық байқауға Аққұм ауылдық клубының  көркемсөз үйірмесінің 3 өнерпазы қатысып,  барлығы да І орынды иеленсе, «Жеті өнер»  орталығының         ұйымдастыруымен «Тау деген ана, туған дара тұлға» атты республикалық байқауына би және қолөнер үйірмелерінің өнерпаздары  І және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук әлеуметтік желі парақшасында мәдени қызметтің сапасын оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жергілікті өнер иелерінің, атап айтқанда сазгерлер, ақындарымыз бен орындаушылардың, суретшілер мен қол өнер шеберлерінің құнды шығармалары мен үздік туындыларын қолдау мақсатында «Әуелеген әсем ән», «Жырсусар» айдары ашылды.

«Сұхбат TIME» жобасы аясында  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Роза Боранбаеваның 65 жылдық мерейтойына арналған «Өнерім – өмірім» атты бенефисі, «Креативті HUB» жобасы аясында Жалағаш ауданының 85 жылдығы аясында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, фотожурналист Махамбет Ахметовтің жеке мұрағат қорынан «Суреттер сөйлейді» атты фото көрмесі, «Ұлттық стиль – трендте» жергілікті ісмерлердің ұлттық киімдер фестивалі, «АРТ уақыт» жобасы бойынша облыстық мюзикльдер байқауы ұйымдастырылмақ.

Кітапханалардағы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барысы өз дәрежесінде жүргізілуде. Аудандық кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 375 157 дана кітапты құрайды. Жалпы оқырман саны – 4914.

Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 912 дана жергілікті ақын- жазушылардың кітаптары мен 7352 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 318 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.

 

 

        

 

 

Дата публикации
10 апреля 2024
Дата обновления
10 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы