Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша

         Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 130,3 шақырым барлығы 240,9 шақырым автомобиль жолдары бар.

         Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,3% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Үстіміздегі жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жөндеу жұмыстарына 592,7 млн.теңге қаралып, төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

  1. «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (1,3 шқ) облыстық бюджеттен 305,1 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда облыстық бақылау басқармасынан жұмысты бастау жөніндегі рұқсат алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталатын болады. Мердігр мекеме «Алем Транс жол» ЖШС.
  2. «Жаңақоныс-Таң» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялауға (3,7 шқ) облыстық бюджеттен 287,6 млн.теңге қаржы қаралды.
  3. Аққұм елді мекенінің айналма жолын реконструкциялауға аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Биылғы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 882,6 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

  1. М.Шәменов ауылында оң жақ көше, сол жақ көше кірме жолдан бастап автомобиль жолдарын салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Қыран» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 86,5 млн.теңге, ұзындығы 1,0 шқ) Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  2. Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысына республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қыран» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 403,1 млн.теңге, ұзындығы 4,7 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталатын болады.
  3. 2023 жылы бастау алған Аққұм ауылының 10 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 147,0 млн.теңге қаралып, толығымен игерілген болатын. Жалпы жоба құны 457,1 млн.теңге. (жалпы құны 457,1 млн. теңге, ұзындығы 8,4 шқ)

Үстіміздегі жылы жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін облыстық бюджеттен 286,6 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.

  1. 2023 жылы Еңбек ауылының 3 көшесін орташа жөндеу жұмыстарына (жалпы жоба құны 62,3 млн.теңге, ұзындығы 2,8 шқ) аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталған болатын. Мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС. Жетіспейтін қаржы 55,1 млн.теңге.
  2. Есет батыр ауылындағы Бисембаев, Бөлебай би, Өмірбай шешен, Жаңа жарма, Сарман батыр көшелерін (жалпы жоба құны 545,8 млн.теңге, ұзындығы 4,0 шқ) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 545,8 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда ескі жолды қырып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.
  3. Жалағаш кентінің 11 көшесін күрделі жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Қызылорда жолдары» ЖШС жеңімпаз болып танылды. (жалпы жоба құны 715,2 млн.теңге, ұзындығы 9,3 шқ). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Қаржысы бөлінбеген.
  4. Ақсу ауылы, М.Әуезов, Т.Қожағұлов, Ақбөгет көшелерінің құрылысына аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. (жалпы жоба құны 294,9 млн.теңге, ұзындығы 3,1 шқ).
  5. М. Шәменов ауылында Тәшімбетов көшесіне автомобиль жолын салу жұмыстарына аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. (жалпы жоба құны 167,1 млн.теңге, ұзындығы 1,9 шқ).
  6. Газдандыру бойынша
  1. М.Шаменов елді мекенін газдандыру (жоба құны 684,1 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлінді. Бұл жоба 2024 жылға өтпелі. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС. Құрылыс монтаждау жұмыстары басталды.
  2. Ақсу елді мекенін газдандыру (жоба құны 545,2 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралды. Бұл жоба 2024 жылға өтпелі. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС. Құрылыс монтаждау жұмыстары басталды.
  3. Аудандық «Наркескен» спорт клубының жылу жүйесін газге ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау (жоба құны 16,0 млн.теңге). Мердігер мекеме «КомпанияГазСтрой» ЖШС. Газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
  4. Аудандық кітапхананың қазандығын газге ауыстыру (жоба құны 12,3 млн.теңге). Мердігер мекеме «КомпанияГазСтрой» ЖШС. Газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыс жобасы бойынша облыстық бюджеттен 3,528 млн теңге бөлінді. Жоба әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 7 қарашасында дайын болады.

Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыс жобасы бойынша облыстық бюджеттен 3,641 млн теңге бөлінді. Жоба әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 31 қазанында дайын болады.

 

Дата публикации
04 апреля 2024
Дата обновления
04 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы