
Күнтізбелік жоспарда 2 республикалық, 6 облыстық, 77 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған.
2024 жылдың І тоқсанында аудандық 26, үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 1 облыстық жарыстар өткізіліп, барлығы 2573 адам қатыстырылған.
2023 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 107 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 14063 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 39,0 пайызын құрап отыр.