
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы бекітілген сызбасына сәйкес 36565 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
айырмасы |
|
|
2024 жыл |
2023 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
18500 |
19800 |
-1300 |
|
2 |
Жаздық бидай |
770 |
750 |
+20 |
|
3 |
Күздік бидай |
129 |
- |
+129 |
|
4 |
Арпа |
40 |
70 |
-30 |
|
5 |
Сүрлемдік жүгері |
700 |
700 |
0 |
|
6 |
Мақсары |
530 |
520 |
+10 |
|
7 |
Қант құмайы |
90 |
70 |
+20 |
|
8 |
Соя |
65 |
64 |
+1 |
|
9 |
Сұлы |
5 |
5 |
0 |
|
10 |
Жаңа жоңышқа |
4850 |
4850 |
0 |
|
11 |
Ескі жоңышқа |
7825 |
7200 |
+625 |
|
12 |
Картоп |
650 |
646 |
+4 |
|
13 |
Көкөніс |
1115 |
1108 |
+7 |
|
14 |
Бақша |
1296 |
1296 |
0 |
|
Барлығы |
36565 |
37079 |
-514 |
|
2024 жылы 199 шаруашылық егін орналастыру жұмыстарын жүргізеді деп жоспарлануда, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны - 152.
Орын алуы мүмкін су тапшылығын ескере отырып, күріш дақылының көлемі өткен жылдан 1300 гектар қысқартылып, тиісінше суды аз қажет ететін бидай 149 гектарға, қант құмайы 20 гектарға, мақсары 10 гектарға, жоңышқа дақылдарының көлемін 625 гектарға арттыру жоспарлануда.
Ауданда ақ егіс егу жұмыстары үстіміздегі жылдың 10 наурыздан басталды. Қазіргі таңда жоспарланған 530 гектар мақсарының 230 гектары (43,4%), 4850 гектар жаңа жоңышқаның 2035 гектары (42,0%), 770 гектар жаздық бидайдың 470 гектары (61,0%) орналастырылып, 129 гектар күздік бидай дақылы күтімге алынды.
Шаруашылықтар тарапынан 2024 жылғы егін орналастыруға қажетті 4625 тонна күріш, 154 тонна бидай, 0,6 тонна сұлы, 13 тонна мақсары, 8 тонна арпа, 4 тонна соя, 18 тонна жүгері, 48 тонна жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
4 625 тонна күріш тұқымының бүгінгі күні 4100 тоннасы (88,6%) тазартылды.
Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан егінді күтіп баптауға қажетті 10 400 тонна минералдық тыңайтқыш, 22 000 литр гербицид дайындау жоспарланып, бүгінгі күнге 7029 тонна (67,6%) минералдық тыңайтқыш және 1950 литр (8,9%) гербицид алынды.
2024 жылы шаруашылықтар тарапынан 2 дана ауыл шаруашылығы техникасы 207 млн. теңгеге сатып алынды. Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 955 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде 520 дана трактор, 115 дана соқа, 52 дана тұқым сепкіш, 100 дана автомашина, 168 дана трактор тіркемесі бар. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы техникалары егін орналастыру жұмыстарына толық дайын.
Шаруашылықтар тарапынан көктемгі егін орналастыру жұмыстарына «ГосАгро» порталы арқылы 1685 тн (54 шаруашылық) жеңілдетілген дизель жанармайына өтінім берілді. Қазіргі таңда 12 шаруашылық 245 тн (14,5%) дизель жанармайын алып егін орналастыру жұмыстарына пайдалануда. Дизель жанармайының 1 литрі 248 теңгеден жеткізіліп берілуде.
2024 жылдың су алу маусымы кезеңінде су тапшылығын болдырмау үшін Жалағаш ауданы бойынша егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленді. Су тапшылығының алдын алу мақсатында:
- Инженерлік жүйедегі егістік жерлерде дақылдарды кезектестіру (ротация) кестесін қатаң сақтау (2023 жылы ауданда 1346 га күріш дақылын артық егіп, ауыспалы егіс тәртібін өрескел бұзған 16 шаруашылық анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды);
- Ауыспалы егіс жүйесіндегі және жайсын жерлердегі биік жерлерге күріш дақылын орналастыруға тиым салу;
- Қашыртқылардағы суды қайта пайдалану үшін су айдайтын насос қондырғыларын орнатуды ұйымдастыру;
- Ішкі шаруашылық су жолдарын механикалық тазалау және су құрылыс нысандарын уақытылы жөндеу;
- Егіс алқаптарында су тапшылығы орын алған жағдайда пайдаланатын насос қондырғыларын дайындау қажет екендігі шаруашылық құрылымдарына ескертілді.
2024 жылы егінді күтіп баптау барысында 32 су тартқыш насос қондырғыларын пайдалану жоспарлануда. Оның ішінде 13 насос «Казсушар» өндірістік учаскесі тарапынан шаруашылықтарға берілсе, қалған 19 насос шаруашылықтардың өз қаржысына алынған. Насос қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы аудан бойынша 20000 гектар инженерлік әзірленген жерлерде лазерлік тегістеу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар суды үнемдеуде өз септігін тигізеді.
Ауданда жеке тұрғындардың тарапынан картоп, бақша дақылдарын орналастыруға 500 гектар жаңадан жер дайындалып, 235 гектар картоп, 192 гектар бақша, 73 гектар көкөніс дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Жаңадан дайындалатын жерлер шаруашылықтардың демеушілігімен дайындалып, жеке тұрғындарға берілетін болады.
Қазіргі таңда 610 тұрғын картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыруға қызығушылық білдіріп отыр.
Көктемгі егін орналастыруға дайындық жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде 2024 жылдың 1 наурызына барлығы 36678 бас мүйізді ірі қара, 39758 бас уақ мал, 26434 жылқы, 795 бас түйе, 50 бас шошқа, 10751 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 105,5 %, жылқы 93,7%, түйе 97,5 %, уақ мал 87,1% , құс 101,0% орындалды.
2024 жылдың 1 наурызына барлығы 621,8 тн (тірілей салмақта) ет, 1099,3 тн сүт, 55,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 100,6 пайызға, сүт 100,3 пайызға, жұмыртқа 231 пайызға орындалды.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы МІҚ 1,9%, жылқы 2,2%, уақ мал 11,8% болды. Жыл басымен салыстырғанда МІҚ -0,5%, жылқы-0,5%, уақ мал 4,2% артты.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда.
«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 96 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Азық-түлік туралы
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
2024 жылдың 28 ақпан мен 28 наурыз аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 6 өнімнің бағасы қымбаттаған.
Анықтама үшін:
Тауық сатаны-100 теңгеге, сүт-10 теңгеге, айран-50 теңгеге, қырыққабат-15 теңгеге, жуа-10 теңгеге, сәбіз -40 теңгеге.
12 өнімнің бағасы тұрақты.
Анықтама үшін:
Күріш, ұн, қарақұмық жармасы,нан, рожки, сиыр еті, ірімшік, сары май, өсімдік майы, картоп, қант, тұз.
1 өнімнің бағасы арзандаған.
Жұмыртқа-30 теңгеге.
Анықтама үшін:
Ақ күріш-470 тг, ұн-220 тг, қарақұмық жармасы-270 тг, нан-170 тг, рожки-370 тг, сиыр еті-2200, тауық саны-1200 тг, сүт-465 тг, айран-450 тг, ірімшік-1300 тг, тауық жұмыртқасы 10 дана-580 тг, сары май-1000 тг, өсімдік майы-500 тг, қырыққабат-165 тг, пияз-105 тг, сәбіз-165 тг, картоп-150 тг, құмшекер-370 тг, ас тұзы-55 тг.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 569,9 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.
Анықтама үшін:
Ұн-118 тн, күріш-70 тн, қант-55 тн, макарон-115 тн, күнбағыс майы-56 тн, тұз-34 тн, жуа-35 тн, картоп-38 тн, сәбіз-15 тн.
ӘМАТ бағаларынын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан көкөністерді (картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат) арзан бағада сатып алып, аудан бойынша сатуды ұйымдастыратын кәсіпкер (ЖК «Нұрсұлтан» Көшекбаева Эльмира). 2024 жылдың 28 ақпан күні «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-дан картоп-70 кг, сәбіз-50 кг, жуа-40 кг алды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 наурызында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-дан (ЖК«Нұрсұлтан») 1 тн картоп, 2 тн жуа алған.
«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-дан 2024 жылы 20 наурыз күні 30 тн жуа алынды.
Мониторинг барысында Жалағаш кентіндегі көкөніс, бақша өнімдерін сататын ЖК «Дархан» «Қаракөз» дүкені «Бибігүл Ана» сауда үйіне қарағанда күнбағыс майын (2 литр) – 150 теңгеге, қарақұмық жармасын (1 кг) – 75 теңгеге қымбат сатқандығы анықталып, Жалағаш ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне ұсынылды.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі мен әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін – 1500 МРП – 5175,0 млн теңге.
Осы бағдарлама негізінде 2010-2022 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алуға 968 жас маманға тұрғын үй несиесі берілді.
Анықтама үшін.2010 жылы 41 маманға 35,7 млн теңге, 2011 жылы 43 маманға 64,7 млн теңге, 2012 жылы 56 маманға 115,6 млн тенге, 2013 жылы 70 маманға 182,6 млн теңге, 2014 жылы 76 маманға 194,7 млн теңге, 2015 жылы 88 маманға 240,8 млн теңге, 2016 жылы 118 маманға 346,7 млн теңге, 2017 жылы 101 маманға 323,3 млн теңге, 2018 жылы 47 маманға 163,9 млн теңге, 2019 жылы 122 маманға 446,9 млн теңге, 2020 жылы 92 маманға 365,8 млн теңге, 2021 жылы 71 маманға 306,8 млн теңге, 2022 жылы 42 маманға 192,6 млн теңге.
Аудан бойынша 2010-2022 жылдар аралығында 2983,6 млн теңгеқаржы төленді.
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылысы жинақтау банкі» АҚ сенім білдірген өкіл болып белгіленген. Қазіргі уақытта операциялық жұмыстардың алгоритмдері дайындалуда.
2023 жылы тұрғын үй несиесі бойынша 27 маманға 138,2 млн теңге қаржы берілді. (2023 жылға бір маманға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бөлінетін бюджеттік кредит көлемі 5175,0 мың теңгені құрайды).
2023 жылы 82 маманға 28,0 млн теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
2024 жылы 43 маманға 15,8 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді. Тұрғын үй несиесине 238,1 млн теңге қаржы қаралуда.
Жер туралы
Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде
2024 жылдың 1-тоқсанына жер учаскелерін рәсімдеу туралы барлығы – 48 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.
Жалағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша
Бүгінгі күнге, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 3023 өтініш арнайы кезекке қойылған.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру
Барлығы 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылдың 1-тоқсанына жалпы 131 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 37,
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 3,
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-1,
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау бойынша - 0,
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру -0,
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 2,
жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату-2,
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0,
жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 7,
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 79.