
2024 жылға қаралған қаржы 742010,0 мың теңге (оның ішінде отбасын қолдау орталығына 64191,0 мың теңге), игерілген 65798,3 мың теңге.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары
2024 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 126138,0 мың теңге және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 20442,0 мың теңге қаралған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-19. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 5 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек 92 отбасының 571 мүшесіне 10596,62 мың теңге тағайындалып, 85 отбасының 524 мүшесіне 4910,9 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 80 отбасының 509 мүшесінің 163 баласына 1777,69 мың теңге тағайындалып, 73 отбасының 462 мүшесінің 151 баласына 836,24 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 92 отбасы 571 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 371 ( мүгедектігі бар адам-1, зейнеткер-1, студенттер саны-32, еңбекке қабілетті мүшелер саны -166 (оның ішінде жұмыссыздар- 19, жүгіну кезінде жұмысы барлар-80, бала күтімінде -67).
Белсенді шараға қатысушылар- 11, тұрақты жұмысқа орналасқан-1 және 9-ы қоғамдық жұмысқа және жастар тәжірибесіне жіберілген-1.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4713,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 17 отбасының 46 мүшесіне 634,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2024 жылға қаралған қаржысы 16835,0 мың теңге. 2024 жылға 35 адамға 2213,9 мың теңге тағайындалып, 30 азаматқа қосымша тамақтануға 1107,6 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 28,10 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 701,5 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2024 жылы 987 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-239.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 54 жеке оңалту бағдарламасы даярланып 32-cі немесе 59.2% орындалды. 2023 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 568-і орындалды.
2024 жылы 291 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 6-ы таяқпен, 2-уі балдақ, 9-ы кресло арбамен, 8-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 24-і тифлотехникалық құралдармен, 5-уі сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 88 адамға жеке көмекші қызмет көрсетілді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2024 жылы 10 адам жіберілді. Оның ішінде 1-уі зейнеткер.
Аудан бойынша 2024 жылдың наурызына 83 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 59 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота туралы.
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №235 «Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» қаулысымен 7 мекемеге 10 жұмыс орындары бекітілді.
Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2024 жылдың 1 наурызына барлығы 10 өтініш түсіп, рұқсат берілді.
Пробация туралы
Аудан бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны 55, оның ішінде 49 пробация қызметінде және 6 полиция бөлімінде есепке алынған.
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №235 «Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 1 жұмыс орны және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 4 жұмыс орындарына, барлығы 5 квоталар бекітілді.