Лого

Меню

Страницы

Статья

2019 жылы Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 8 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 105  қызмет түрін көрсетеді.

 Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың 12 айында 43 518 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15 784 (36%)

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  5 571 (13%)

Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 22 163 (51%)

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны - 135.

Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында жергілікті баспасөзде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мақалалар мен материалдар жариялау кестесіне сәйкес аудандық қоғамдық саяси «Жалағаш жаршысы» газетінде  мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында 15 мақала жарияланды.

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері бойынша  құқықтық оқу- 21, семинар сабақ – 4 өтті. 

Сондай-ақ, 2019 жылдың 30 қарашасы күні «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді насихаттау, электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру, тұрғындарды электронды санды қолтаңбамен қамту және қызмет алушылар мен қызметті көрсетушілер арасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне түсіндірме жүргізу арқылы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты тұрғындармен «meet up» кездесулер өтті.

Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр.

Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзушылық факторларын болдырмау мақсатында аудан әкімдігімен күнделікті ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, ай сайын есептілік жасалып, облыс әкімдігіне жолданып және http://kyzmet.orda.gov.kz/ адресіндегі есептік ақпараттық орталықтанған жүйесіне енгізілуде.

12 айында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0.

Жауапкершілікке тартылғандар саны  - 0.

Есептік мерзімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағым түскен жоқ.

Дата публикации
07 января 2020
Дата обновления
07 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы