Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 4 тоқсаны бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясынан туындайтын міндеттерді іске асыру үшін Жалағаш ауданы әкімдігінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Халықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы кеңінен хабардар ету мақсатында аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінде, Жалағаш ауданы әкімдігінің «Facebook» әлеуметтік желісінің парақшасында және әкімдіктің ресми сайтында өткізілген жиналыстар туралы тиісті материалдар, жауапты мемлекеттік қызметшілердің мақалалары тұрақты түрде орналастырылып келеді.

2023 жылы Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді.

Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және халықтың осал топтарына ерекше назар аудару, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту тапсырылды. Бұл ретте жауапты қызметкерлермен заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, халық үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған арнайы әзірленген бейнеролик аудан әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланды. Кенттерде, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектеп және аурухана ғимараттарында, халық көп жиналатын орындарда ақпараттық-насихаттық материалдар ілінді.

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында орналасқан COWORKING орталығында аудан мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелерімен кездесу өткізіліп, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасу жүргізілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп кентте, ауылдық округтерде және жергілікті атқарушы органдарда түрлі форматтағы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы семинар өтті. Аудан орталығында және ауылдық округтерде «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Біздің міндет – халыққа қызмет!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбындағы 15 билборд орнатылды.

2023 жылдың қазан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қоғам дерті» тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстар конкурсы ұйымдастырылды.

Аудандық және ауылдық округтердегі кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Жемқорлық індет күресу міндет»  тақырыптары бойынша кітап көрмелері тұрақты өткізіліп келеді.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда (әкім аппараттары, аудандық бөлімдер) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өткен кезеңдегі қызметтің ішкі талдамалық жұмысы жүргізілді.

Бұл мекемелерде «сенім телефондары» орнатылған, сондай-ақ өтініштерді қабылдау үшін арнайы жәшіктер қойылған.

2023 жылдың 12 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар орын алған  жоқ.

 

             

                                  

 

 

 

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы