Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің 2023 жылдың ІV тоқсанына жұмыс қорытындылары туралы

Мәдениет саласы

Мәдениетжәне спорт ұйымдары ағымдағы 2023 жылы ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 814 мәдени және спорттық іс-шаралар өткізді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі - мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы аясында ауданда есепті мерзімге 63 танымдық шаралар ұйымдастырылды.

Ауданымыздың  тарихы мен мәдениетін насихатау мақсатында «Dombyra» ұлттық телеарнасынның тарихи-танымдық мәдени бағдарламасында Жалағаш ауданының тарихы мен мәдениеті туралы екі бөлімнен тұратын арнайы шығарылымы көрермен назарына ұсынылды. 

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы Халық театрыЕ.Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын Н.Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық театрында сахналады. 

Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары есепті мерзімге облыстық байқаудан 45, республикалық байқаудан 13, халықаралық байқаудан 8 жүлделі орындарды иеленді. 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 375116дана кітапты құрайды. Жалпы оқырмандар саны -18840.

Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 910 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 7380 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 1290 оқырманның   пайдалануына мүмкіндік берілді.

Ауданда есепке алынған 71 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 30-ы жергілікті маңызы бар, 40 алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. 17 ескерткіштертерге QR-код тақтайшалары орнатылды.

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ САЛАСЫ

 Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың құжат айналымын жүргізілген мониторинг бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 100 пайызды құрады.

2023 жылы ономастика мәселесі бойынша 9 өтініш түскен, оның 4-еуі объектіге атау беру, 1-еуі ауыл атауын кісі есімімен өзгерту, 4-еуі көшеге атау беру туралы өтініштер. Объектіге атау беру туралы 1 өтініш, ауыл атауын өзгерту туралы 1 өтініш, көшеге атау беру туралы 1 өтініш кері қайтарылды. Тарихи тұлғаларға енгізу бағытында облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылған 3 өтініштің 1-еуі қолдау тауып, 2-еуі кері қайтарылды.

СПОРТ САЛАСЫ

Ауданда 107 спорттық материалдық-техникалық база тіркелген. Оның ішінде: 1 стадион (1500 орындық), 29 спорт зал, 95 жазық алаң олар: 1 спорттық ядро, 87 спорттық алаңдар, 7 футбол алаңы, 9 ату тирі бар.

Спорт саласындағы негізгі басымдық бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысушылар қатары 14063 адамды немесе аудан халқының жалпы санының 39 % құрайды. 

Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға  бағытталған 2 республикалық, 7 облыстық, 82 аудандық спорттық іс-шаралар өткізілді.

Аудан спортшылары ҚР чемпионаттары мен облыстық жарыстардаәр түрлі деңгейдегі 376  медаль жеңіп алды /Азия чемпионатында -3 алтын, 2 күміс, әлем чемпионатында -4 алтын, 2 күміс, 4 қола, ҚР чемпионаттарында 24- алтын,  14 күміс, 27- қола медальдарды, облыстық жарыстарда  104- алтын, 88 күміс, 104- қола медальдар/. Биылғы жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері -2,   спорт шеберлері 11,  спорт шеберіне үміткерлер 60- қа жетті

  • 2023 жылдың 14-15қазан күндері қоғам қайраткері Мыхан Ерниязұлының 130 жылдығына орай қазақ күресінен  түйе палуан, көкпар, ат жарыс (аламан, құнан, тоқ бәйге) республикалық жарыстары жоғарғы дейгейде өткізілді. Оған барлығы 500 тарта адам қатысты.
  • 2023 жылдың 3-4 қараша күндері Ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы Ұлы отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шаменов атындағы дэюдо күресінен Жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізілді.Аудан құрама командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола  иеленді.  Оған барлығы 200 спортшы қатысты.
  • 2023 жылдың 3-4 қараша күндерігір спортынан облыстық ересектер арасында жарыс өткізіліп, нәтижесінде жерлестеріміз 15 алтын, 15 күміс, 6 қола иеленді.  Барлығы 70 спортшы қатысты.
Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
17 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы