Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2023 жылдың 12 айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3001 бірлікті, оның ішінде, 2857 субъектісі немесе 98,1 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 144.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

2023 жылдың  12 айында Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17 млрд 433 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 144,4 пайызға орындалды. Бюджет қаражаты есебінен 7 млрд 083,7 млн теңге және меншікті қаражат есебінен 10 млрд 349,3 млн теңгеге) орындалған.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2023 жылдың 12 айында 31 млрд. 912 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалып отыр.

 Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 100,3 пайызға артып, 7 млрд. 377,0 млн теңгенінің өнімі өңдірілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі           12 айда 3 млрд 947,8 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға орындалып отыр.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 198 жоба 4737,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде, мал шаруашылығы 141 жоба 1695,0 млн теңгеге, егін шаруашылығы 11 жоба 1003 млн теңгеге, ауыл шаруашылығы және арнайы техникасын сатып алу 18 жоба 700,2 млн теңгеге, өңдеу саласы бойынша 7 жоба 361,2 млн теңгеге, қызмет көрсету 10 жоба 166,4 млн теңгеге және басқа да түрлері бойынша 11 жоба 811,7 млн теңгеге қаржыландырылған.

Жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттары есебінен жалпы құны 1 млрд. 902,0 млн.теңгені құрайтын 21 жобаны іске асырып, 106 адамды жұмыспен қамту жоспарланды.

Қазіргі таңда аталған жобалардан жалпы құны 1 млрд. 701 млн. теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылып, 86 адам жұмыспен қамтылды.

Анықтама ретінде:

  • Жеке кәсіпкер А.Ермекбаевтың антифриз өңдіру цехы. Жоба құны - 15,0 млн.теңге.2 адам жұмыспен қамтылған.

2) Жеке кәсіпкер Б.Айбекованың «Жеті-қазына» 120 орындық балабақшасы. Жоба құны 200,0 млн. теңге. 18 адам жұмыспен қамтылған.

3) Жеке кәсіпкер И.Күзековтың «Арун KIDS» 50 орындық балабақшасы. Жоба құны 30,0 млн.теңге.9 адамды жұмыспен қамтып отыр.

4) «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты.Жоба құны 100,0 млн теңге. 8 адам жұмыспен қамтылған.

  • Жеке кәсіпкер Б.Қошқарбаевтың көлік жуу орталығы.Жоба құны 20,0 млн теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер Б.Алдабергеновтың көлік жуу орталығы.Жоба құны 13,0 млн теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер Г.Усерованың сауда дүкені. Жоба құны 20,0 млн. теңге. 2 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер А.Аекееваның ерекше балаларға арналған оңалту орталығы. Жоба құны 30,0 млн. теңге. 5 адамды жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер Е.Дауылбаев қоғамдық моншасы. Жоба құны 10,0 млн. теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер Б.Сақидың көлік жуу орталығы. Жоба құны 10,0 млн теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жеке кәсіпкер Н.Сыздыққызының кондитерлік цехы. Жоба құны 6,0 млн. теңге. 2 адам жұмыспен қамтылған.

12) Жеке кәсіпкер Б.Ахметованың сауда базары.Жоба құны 100,0 млн. теңге (5 адам).

13) Жеке кәсіпкер Б.Айбекованың сауда орталығы. Жоба құны 97,0 млн. теңге.              5 адам жұмыспен қамтылған.

14) Жеке кәсіпкер Е.Намурадинның көлік жуу орталығы. Жоба құны 20,0 млн. теңге    (3 адам).

            15) «АВ-AGRO» ЖШС-ның күріш ақтау зауыты. Жоба құны 500,0 млн. теңге (5 адам).

            16) «Бағдаулет 57» ФҚ-ның сүт өнімдерін өндіру фермасы. Жоба құны 530,0 млн теңге (10 адам).

 

 

Сонымен қатар, 2024 жылға өтпелі кезеңге жоспарланған жалпы құны 241 млн теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылғанда, 20 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Анықтама ретінде:

  • Жеке кәсіпкер М.Бисеновтың наубайхана құрылысы. Жоба құны 10,0 млн. теңге (3 адам).
  • «Баба» ШҚ-ның ешкі сүтін өңдеу цехы. Жоба құны 20,0 млн теңге (4 адам).
  • Жеке кәсіпкер С.Әбдікеровтың 3000 басқа арналған тауық фермасы. Жоба құны 91 млн. теңге (5 адам).
  • Жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы. Жоба құны 20,0 млн. теңге (3 адам).
  • Жеке кәсіпкер Е.Кайповтың сауда орталығы. Жоба құны 100,0 млн. теңге (5 адам).

 

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында биылғы жылы 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылуы жоспарланған болатын.

Бірінші: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылып, алдағы уақытта тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 5 адам жұмыспен қамтуда.

Екінші: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады.

Қазіргі уақытта сүт фермасының негізгі ғимараттарының құрылысы аяқталды. «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие мақұлданды, жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық іске қосылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жоба негізінен 3 кезеңнен тұрады

І КЕЗЕҢ – құрылыс жұмыстарын аяқтау (1 қыркүйек, 2023 ж);

ІІ КЕЗЕҢ – құрал жабдықтарды орнату (1 қараша, 2023 ж);

ІІІ КЕЗЕҢ – мүйізді ірі қара малын алып келу (1 желтоқсан, 2023 ж);

Қазіргі уақытта екінші кезең бойынша 364,0 млн тенге несие қаражаты толықтай берілді. Үшінші кезең бойынша Чехия мемлекетінен 139 млн. теңгені құрайтын 96 бас сүтті ірі қара малдары әкелінді. Алдағы уақытта сүт өндіру бойынша тиісті жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі күнге «Серпін» аграрлы-индустриалды аймағына бөлінген 22,0 гектар жер телімінің 5,0 гектары инженерлік инфрақұрылым жүйесіне тиесілі болса,  16,1 гектары кәсіпкерлерге табысталып, аталған аймаққа бөлінген жер телімінің 95,9%-ы пайдаланылып отыр.

Қазіргі таңда, аймаққа жалпы құны 833,5 млн теңгені құрайтын барлығы 19 жоба орналастырылды. Аталған жобалардың ішінде 10 жоба іске қосылып, 4 жобаның құрылысы жүруде. 2023 жылдың ақпан, мамыр, тамыз айларында электрондық аукцион арқылы 5 жобаға жер телімдері табысталды. Сонымен қатар, 2023 жылы аталған аймақтан 1 жоба, атап айтқанда «Сыздық» ШҚ-ның күріш ақтау және жем өндіру цехы іске қосылды.

         Аудан бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін 4 жанармай бекеті («TS», «Берікбай», «Бейбарыс», «Султан») және 7 газ құю бекеті («TS», «Туран газ», «Туран Газ 2», «Арал Газ», «Азия Оңтүстік Пром», «Қызылорда Газ»,«Қызылорда Газ 2») жұмыс жасайды.

Аудан бойынша жанармай және газ құю бекеттерінде мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін «Мониторингтік топ құру туралы» аудан әкімінің  өкімі қабылданды.

Жалағаш ауданы бойынша жанармай және сұйытылған газдың бағасын негізсіз өсіруді және тапшылықты болдырмау мақсатында мониторингтік топ газ құю бекеттерін аралап, түсіндірме жұмыстарын  тұрақты жүргізілуде. Негізсіз баға өсімі жоқ, жанармай және сұйытылған газ еркін сатылуда.

Дата публикации
16 января 2024
Дата обновления
16 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы