Лого

Меню

Страницы

Статья

Жастар саясаты бағытында 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 845 жас тіркелген, оның ішінде 5891- ер азаматтар, 4954 - әйел.        

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 18 млн.теңге (2022 ж. 14,4 млн. теңге)  және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,2 млн.теңге (2022 ж. 4,5 млн. теңге) қаржы бөлінді.

  1. «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жүзеге асырушы ұйым - Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі.
  2. «Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі. Жүзеге асырушы ұйым - Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі.
  3. «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жүзеге асырушы ұйым - Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі.

2023 жылдың 12 айында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 200 шара өткізіліп, оған 5500-ге жуық жас қатыстырылған.

      Жыл басында аудандық кітапханамен бірлесіп «Leaders» жас оқырмандар клубы құрылды, қазіргі таңда оқырмандар клубына қосылып жатқан жастар саны артып келеді.

      Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған оның ішінде жұмыссыз және NEET санатындағы жастарды тарта отырып «Tulga bol» және «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру шарасы Жалағаш кентінің орталық базарында және ауылдық округтерде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес беру шаралары өткізілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан облыс бойынша NEET санатындағы 11 297 жастың тізімі ұсынылған болатын, оның ішінде Жалағаш ауданы бойынша 284 жас «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде деректерін өзектендіуге тапсырма берілді. Қазіргі таңда 150 жас 52,82% деректері өзектендірілді, 134 жаспен адрестік жұмыстар жүргізілді осы санаттағы жастармен байланысу барысында көпшілігі тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуде болғанымен өзге қалада жалдамалы немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екені анықталды.

      Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жайдарман ойындарының аудандық лигасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жайдарман лигасы өз нәтижесін көрсетіп, облыстық «Bastau Liga» жолдама алған «Аққыр жастары» құрамасы чемпион атанды.

      Аудан жастарының қатысуымен тал егу акциясы, тазалық акциялары көктем мезгілінде тұрақты ұйымдастырылды.

      Ерікті жастар қатысуымен қайырымдылық шаралары тұрақты өткізіліп келеді, соның ішінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше жаратылған балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ерікті жастар қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу, су қауіпсіздігі, түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

       Т.Жүргенов 125 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді, сайыс жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

      Аудан жастарының қатысуымен Ауған соғысы, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан, Тәжік-ауған шекарасында әскери қызметін өтеген ардагерлермен кездесулер өткізіліп, сұхбаттар жүргізілді.

       12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай түрлі бағытта іс-шаралар өткізілді:

  • Орталық саябақтарда «Taza Aimaq» тазалық акциясы өткізілді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағынан бөлек, еріктілер мен мекеме қызметкерлері де атсалысып, қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.
  • Ауданның ерікті жастары «Qamqor» жобасы аясында кент тұрғыны, ардагер анамыздың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қажетті қол көмектерін көрсетті.
  • Аудан тарихын танып білуге, тарихи жәдігерлер мен құндылықтарымызды өз көздерімен көріп, танысуға мүмкіндік жасау мақсатында мұражайда «Түнгі мұражай жастарға» атты ашық есік күні өтті.
  • Жастарды киелі мекендермен таныстыра отырып, еліміздің бай мұрасын насихаттау мақсатында аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындарға (Қалжан ахун, Мырзабай ахун, Қособалы асар, Домалақ асар, Үңгірлі асар) саяхат ұйымдастырылды. Аудан жастары тарихи орындарды аралай отырып, саяхаттан ерекше әсер алып қайтты.
  • Орталық алаңда «Kino time» ашық аспан астында «Дос-Мұқасан» фильмінің көрсетілімі өткізілді.
  • Аудан жастары арасында спорттың 8 түрінен (суға жүзу, гір тасын көтеру, асық ату, дартс, үстел теннисі, қол күрес, турникке тартылу, шахмат) сайыс ұйымдастырылды.Сайысқа кент және ауылдық округтерден барлығы 70-ке жуық жас қатысып, жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтар табысталды.
  • Аудан әкімі Асқарбек Есжанов белсенді жастармен кездесті. Аудан жастарымен еркін, бір-біріне жанашыр жандар ретінде кездесуді жөн көрген аудан әкімі, басқосуда ашық пікір алмасып, ұтымды ұсыныстар арқылы жүйелі жұмыс жасау тетіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
  • Ауданымыздың ерікті жастары «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан 2 оқушының мектепке дайындығына көмектесіп, оқу құралдарын алып берді.
  • Орталық алаңда аудан жастарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, өзінің шығармашылығымен көзге түскен тұрғындарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар үлестірілді.

     Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетуде.

Бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы 3 спорттық үйірме 2 көшеге қоқыс жәшіктерін ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және Жалағаш кентінде 1 отбасыға баспана табысталды.

2020 жылы 14 жоба 5 млн. теңге, 2021 жылы 6 жоба 5,5 млн теңге, 2022 жылы 16 жоба 6 млн. 135 мың теңге, 2023 жылы 3 млн 300 мың теңгеге 3 жоба жеңімпаз атанды. Осы бағыттағы гранттарға жастарды қатыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

 «Жасыл ел» еңбек жасағы

«Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысын жүзеге асырушы ұйым «Samgau» Қызылорда облысының жастар қоғамдық бірлестігі.

Жұмысқа 16-35 жас аралығындағы оқушы, студент, жұмыссыз жастар 1 ай (маусым, шілде, тамыз) жұмыс жасай алады.

2023 жылы Жалағаш ауданына бөлінген 220 квота толық қамтылды.

Жалағаш кентінде абаттандыру жұмыстарын жүргізген ЖК «Омар» және «Samgau» Қызылорда облысының жастар қоғамдық бірлестігі арасында келісім-шарт жасалып, 2023 жылғы 5 маусымынан жұмыстар басталды. 

Жастарды жұмыспен қамту бойынша

Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. 2023 жылда Мансап орталығына 1341 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның  968-ы немесе 72,2 пайызы ұлттық жобаға қатысушылар құрамына енгізілді. Оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орны  - 12;

- жастар практикасы - 257;

- қоғамдық жұмыс - 252;

- ұрпақтар келісім шарты – 7;

- алғашқы жұмыс орны  - 22;

- мемлекеттік грант – 34;

- «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік оқу – 187;

- мемлекеттік қолдаушараларынсыз тұрақты жұмыс – 197.

  Жастардың денсаулық сақтау саласы бойынша

2023 жылға Жалағаш аудандық ауруханасы бойынша жалпы халық саны - 32121,  14 пен 35 жас аралығында 9101  жастар тіркелген  (28%) .

Жастар арасында өлім-жітім 4 жағдай тіркеліп, көрсеткіш 0,4 пайызды құрады. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 111, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санынан үлесі – 11,5 пайыз.

Жастар денсаулығы бөлімшесінде 1 Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері қызмет атқарады.

2023 жылғы арналған «Жылдық жоспар» бекітіліп, насихаттау бағытында салааралық бағытта жалпы саны 150 іс–шара өткізіліп, 2700 адам қамтылды. Оның ішінде: 5 - акция (180 адам), 71 - семинар/тренинг (2255 адам), 5 - спорттық шара (185 адам), 1 - анкета (50 адам), дөңгелек үстел-2 (30 адам), мақала-2, әлеуметтік желі-64 ақпараттық материалдар жарияланды.

Жастарды спортқа және мәдени шараларға тарту 

Жастарды спортқа және мәдени шараларға тартуға аудан бойынша 107 спорт обьектісі тіркелген. Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 10 үйірмеде және 3 сауықтыру тобында 1044 спортшы қамтылған. Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 18 спорт нұсқаушылары қызмет жасайды. Олардың спортты - сауықтыру топтарына 3240 спортшы (әуесқойлар) қамтылған. Б.Құлтекенов атындағы жабық бассейнде жүзуден 2 үйірмеде 20 бала қамтылған. Аудан тұрғындарының спортпен шұғылданушылар саны 14063, яғни аудан халқының 39 пайыз құрап отыр.   №13 және №14 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде 20 үйірмеге 1735 спортшы қамтылған.   

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы

2023 жылы республикалық бюджеттен 139725,0 мың теңге осы бағдарлама аясында қаралды. Қазіргі таңда тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, немесе 5175,0 мың теңгеге дейін қаржы беріледі. Ол есеппен алғанда 27 маманға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік болады. (Қазіргі уақытта 22 маман кезекте тұр.)

Сонымен қатар бір жолғы көтерме жәрдемақыға және операциялық шығындарды өтеу үшін  61,0 млн.теңге қаржы қаралды. Көтерме жәрдемақы 100 АЕК көлемінде есептеледі. (1 АЕК-3450 тг) (Қазіргі уақытта 195 маман кезекте тұр.)

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы құжаттар жіберіліп, қазіргі таңда 16 маманға тұрғын үй несиесі төленді. Қалған мамандардың құжаттары қаралу үстінде.

Сонымен қатар біржолғы көтерме жәрдемақы бойынша жергілікті бюджеттен 61,0 млн.теңге қаржы бөлініп, тамыз және қыркүйек айында 82 маманға 28 млн.290 мың теңге төленді.

Жастарды кәсіпкерлікке тарту

Аудан бойынша 2023 жылдың 11 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3149 бірлікті құраса, (1558 дара кәсіпкер, 236 заңды тұлға, 1355 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 38 пайызын 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Сондай-ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 158 кәсіпкер 4546,2 млн теңгеге қаржыландырылса, оның ішінде 33 жас кәсіпкерлердің  жобалары 605,9 млн теңгені құрайды. Қаржыландырылған жобалардың ішінде «Ұлттық  жоба» бағдарламасы аясында жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында ауданда 1 жас кәсіпкер жаңа инновациялық жобаға 5 млн теңгеге грант қаражатын алып жұмысын бастаса, «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие қаражатымен  80 жоба 381 млн теңгеге қаржыландырылып, өздерінің кәсіптерін дамытуда.

Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі

 2023 жылдың 12 айында жалпы 112 құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 14-35 жас аралығындағы жастармен 43 қылмыс жасалды. Жалағаш ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, жастар ресурстық орталығы, жастар ұйымдары және білім бөлімі мамандары бірлесіп жастар және жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндірме жұмыстары және рейд тұрақты жүргізіп отыр.

Пробация есебінде тұрған жастар саны 23. Осы санаттағы жастармен семинарлар, кездесулер, спорттық сайыстар өткізілді.

 

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы