
2023 жылға аудан бюджетінен 553510,2 мың теңге қаржы қаралған, игерілгені 552413,0 мың теңге немесе 99,80%.
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
2024 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 242 отбасының 1424 мүшесіне 86,7 млн теңге тағайындалып, төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша АӘК алатын отбасының 1-6 жасқа дейінгі 376 балаға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы тағайындалып, берілді. Бұл мақсатқа 13594,7 мың теңге қаржы жұмсалды.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 823,0 мың теңге қаралып, 21 отбасының 50 мүшесіне 811,8 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен берілетін әлеуметтік көмектері бойынша:
2024 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2794 адамға 81351,1 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.
Жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы бойынша:
2023 жылы 1928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 2023 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның 676 тұрақты.
Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарына 984 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны - 229.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 692 жеке оңалту бағдарламасы даярланды, 477 немесе 68,9% орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1423 орындалды.
2024 жылдың 1 қаңтарына 604 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 57 мүгедектігі бар адам таяқпен, 23 мүгедектігі бар адам балдақпен, 4 мүгедектігі бар адам жетек арбамен, 48 мүгедектігі бар адам кресло арбамен, 122 мүгедектігі бар адам санаторлы-курорттық жолдамамен, 92 мүгедектігі бар адам тифлотехникалық құралдармен, 20 мүгедектігі бар адам сурдотехникалық құралдармен, 146 мүгедектігі бар адам протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар 95 адам жыл басында өтініш білдірген, жеке көмекші қызмет көрсетуде.
Ымдау тілі маманына қаралған қаржы 6 адамға 2428,0 мың теңге төленді.
Жеке көмекшілерге 111974,2 мың теңге төленді.
«Инва такси» қызметіне 2023 жылға облыстық бюджеттен 5709,0 мың теңге қаржы қаралған. 2024 жылдың 1 қаңтарына осы қызмет түрін пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектігі бар 83 адамға 5708,8 мың теңге қаржы төленді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2024 жылдың 1 қаңтарына 71 адам порталмен жіберілді. Оның ішінде 25 зейнеткер.
Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 3 мүгедектігі бар адам жолданды.
2024 жылдың 1 қаңтарына мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4555,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 62 мүгедек баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 4524,1 мың теңге төленді.
2023 жыл ішінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 12 бала «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігі арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуға өтініш берсе, 12 бала қызмет алуда. Бұл мақсатқа 5276,0 мың теңге төленді.
Аудан бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына 81 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 57 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның орындалуы
Жұмыспен қамту органдарына 2024 жылғы 1 қаңтарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 3228 адамның Ұлттық жобаға қатысушы ретінде 3062 адам тіркелді немесе 94,8% бағдарламаға құрамына енгізілді. (о.і.: 64,3%/ 2077- жұмыссыздар, 14,%/ 452 - жұмыс іздеушілер, 16,5%/533 – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар).
Олар келесі бағыттарға бағытталды:
- 1199 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 456 адам жолданды (жоспар 120 немесе 380%),олардың 365-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, оның 3-уі жұмыспен қамтылды, 198 өз кәсібін ашты; 7 мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.
- 143 адам(136 сертификат алды) немесе жоспарланған 129 адамның 110,8% «Электронды еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.
- субсидияланатын жұмыс орындарына 1294 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 37 адам жолданды,оның 37 (100%) аяқтап, 36 (97,3%) тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 37 адам);
- жастар практикасына – 257 адам жолданды, оның 60 (23,3%) аяқтап, 11 (18,3%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 250 адам);
- ақылы қоғамдық жұмыстарға – 948 адам жолданды,оның 948 (100%) аяқтап, 594(62,6%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 925 адам);
- «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 22 адам жолданды, оның 4 (18,2%) аяқтап, 2-уі (50%) тұрақты жұмысқа орналасты (жоспар 25 адам);
- «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 7 адам жолданып, 2 адам (28,6) жұмысын аяқтап 2-уі (100%) тұрақты жұмысқа орналасты (жоспар 6 адам).
- «Күміс жас» жобасына – 23 адам жолданып, оның 13 (56,5%) аяқтап, 11(84,6%) тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 23 адам).
- Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға 144 адам жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант 100 % (жоспар – 144) алды, о.і.: атаулы көмек алушылар – 5, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 24, көп балалылар – 93, асыраушысынан айырылғандар – 5, мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушылар – 17 (жоспар 144 адам, бөлінген қаржы: 198,7 млн.тенге);
«Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде ағымдағы жылы 12 жоба бойынша 46 жұмыс орынын ашу көзделуде, оның ішінде 37 уақытша, 9 тұрақты.
Бүгінгі күнге 75 адам немесе 163 пайызы жұмысқа орналастырылды, олардың зейнетақы аударымдары 93,3 пайыз (70 адам),еңбек келісім шартының болуы – 100 пайыз (75 адам).
2023 жыл бойынша 7 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 119 жұмыс берушілерден 270 бос жұмыс орындары ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 415 жұмыссыздардың ішінен 256 адамға тұрақтыға, 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылып, 130 кеңес алды.
2023 жыл ішінде 705 адамға жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды.