
Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы 37079 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
пайызы |
|
|
2023 жыл |
2022 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
19800 |
18501 |
+1299 |
|
2 |
Жаздық бидай |
750 |
720 |
+30 |
|
3 |
Арпа |
70 |
42 |
+28 |
|
4 |
Дәндік жүгері |
700 |
445 |
+255 |
|
5 |
Мақсары |
520 |
520 |
0 |
|
6 |
Қант құмайы |
70 |
73 |
-3 |
|
7 |
Соя |
64 |
39 |
+25 |
|
8 |
Сұлы |
5 |
5 |
0 |
|
9 |
Жаңа жоңышқа |
4850 |
4903 |
-53 |
|
10 |
Ескі жоңышқа |
7200 |
7186 |
+14 |
|
11 |
Қант қызылшасы |
- |
2,5 |
-2,5 |
|
12 |
Картоп |
646 |
646 |
0 |
|
13 |
Көкөніс |
1108 |
1108 |
0 |
|
14 |
Бақша |
1296 |
1296 |
0 |
|
Барлығы |
37079 |
35486,5 |
+1592,5 |
|
Биылғы жылы егінді орналастыру, күтіп баптау жұмыстарының барысында су тапшылығы орын алды. Егінді сумен қамтамасыз ету үшін аудан шаруашылықтары 45 дана су тартқыш насос қондырғыларын пайдаланды.
2023 жылы су алу науқанына жоспарланған барлық су көлемі 1040,15 млн м3. Оның ішінде егінге пайдаланатыны 840,15 млн м3, экологиялық қажеттілікке 200,0 млн м3.
Нақты ауданға келген су көлемі 929,18 млн м3 (жоспардың 89,3% келген). Оның ішінде егінге пайдаланғаны 793,75 млн м3 (жоспардың 94,5% келген), экологиялық қажеттілікке 135,43 млн м3 (жоспардың 67,7% келген).
Егін жинау жұмыстарына 1120 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Атап айтқанда, 275 комбайн, 498 трактор, 121 жатка, 58 жүк көлігі, 168 трактор тіркемелері бар.
Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Биылғы жылы 659,1 млн теңгеге 20 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Аудандағы суармалы жерде дақылдарды орналастыру тәртібіне тұрақты бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бақылау жұмыстарының барысында биылғы жылы ауданда 1346 га күріш дақылын артық егіп, ауыспалы егіс тәртібін өрескел бұзған 16 шаруашылық анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
Жанар маймен қамтамасыз ету
Күзгі егін жинау жұмыстарына GosAgro.kz порталы арқылы аудан шараушылықтары тарапынан 1949 тн («РК Мұнай» ЖШС 959,6 тн, «Жібек Жолы» ЖШС 989,4 тн) жеңілдетілген дизель жанармайына өтінім берілген. Қазіргі таңда аудандағы 61 құрылым 1725 тн (жоспардың 88,5 % алынған) жеңілдетілген дизель жанармайын алып отыр. Оның ішінде «РК Мұнай» ЖШС-нен 45 шаруашылық 915 тн, «Жібек Жолы» ЖШС-нен 16 шаруашылық 810 тн.
Жиналған ауылшаруашылығы дақылдары
|
р/с |
Дақыл түрі |
Егіс көлемі, га |
Орта өнім, цн/га |
Жалпы өнім, цн |
2022 жылы жиналған өнім, цн |
2022 жылмен салыстырғанда пайызы |
|
1 |
Күріш |
19800 |
57,3 |
1134540 |
1032406 |
109,9 |
|
2 |
Жаздық бидай |
750 |
8,2 |
6150 |
5519 |
111,4 |
|
3 |
Арпа |
70 |
8,7 |
612 |
293 |
208,9 |
|
4 |
Дәндік жүгері |
700 |
42,0 |
29400 |
- |
|
|
5 |
Мақсары |
520 |
8,9 |
4628 |
4578 |
101,1 |
|
6 |
Қант құмайы |
70 |
41,0 |
2870 |
2791 |
102,8 |
|
7 |
Соя |
64 |
17,5 |
1120 |
663 |
168,9 |
|
8 |
Сұлы |
5 |
14,0 |
70 |
63 |
111,1 |
|
9 |
Жаңа жоңышқа |
4850 |
12,3 |
59655 |
59222 |
100,7 |
|
10 |
Ескі жоңышқа |
7200 |
55,5 |
399600 |
396098 |
100,9 |
|
11 |
Картоп |
646 |
117,0 |
75582 |
75107 |
100,6 |
|
12 |
Көкөніс |
1108 |
171,5 |
190022 |
189681 |
100,2 |
|
13 |
Бақша |
1296 |
219,0 |
283824 |
283784 |
100,0 |
Биылғы жылы орын алған су тапшылығына қарамастан аудан шараушылықтары орналастырылған егінді уақытылы, толығымен жинап алды.
2024 жылдың егін орналастыру жұмыстарына дайындық барысынды аудан шараушылықтары жоспарланған 13 000 га жерге сүдігер жырту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, биылғы жылы ауданда жеке тұрғындар тарапынан картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыруға 500 гектар жер дайындау жұмыстары жүргізіліп, дайындалған жерге 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын орналастырған. Жеке тұрғындар тарапынан егілген картоп, көкөніс, бақша дақылдары уақытылы жиналып алынды.
Жем-шөп дайындығы
Аудан бойынша 2023-2024 жылдың қысына түсетін 58,9 мың шартты мал басына барлығы 84,0 мың тонна шөп (оның ішінде 40,6 мың тонна жонышқа шөбі), 29,3 мың тонна сабан және 19,1 мың тонна жем дайындау жоспарланды.
Қысқа түсетін ауылшаруашылығы малдарына 2023 жылдың 1 қарашасына 90,3 мың тонна табиғи шөп немее 107,5% (оның 41,3 мың тоннасы жонышқа шөбі), 29,7 мың тонна сабан немесе 101,3 %дайындалды.Сондай-ақ, 19,2 мың тонна жем немесе жоспарланған жемнің 100,5%дайындалды.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде 2023 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 40206 бас мүйізді ірі қара, 41364 бас уақ мал, 22351 жылқы, 801 бас түйе, 60 бас шошқа, 10585 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,0 %, жылқы 110,2 %, түйе 109,3 %, уақ мал 97,8% , құс 101,1% орындалды.
2023 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 3577,6 тн (тірілей салмақта) ет, 10444,4 тн сүт, 213,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,5 пайызға, сүт 101,2 пайызға, жұмыртқа 100,9 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға, жұмыртқа 3,1 пайызға артты.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы МІҚ 1,9%, жылқы 2,2%, уақ мал 11,8% болды. Жыл басымен салыстырғанда МІҚ -0,5%, жылқы-0,5%, уақ мал 4,2% артты.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда.
«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 96 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге 63 басы әкелінді.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Азық-түлік туралы
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
2023 жылдың 5 желтоқсан мен 2024 жылдың 5 қаңтар аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 7 өнімнің бағасы қымбаттаған.
Анықтама үшін:
Қарақұмық жармасы-5 теңгеге, тауық еті-90 теңгеге, тауық жұмыртқасы-40 теңгеге, сары май-100 теңгеге, жуа-10 теңгеге, сәбіз-15 теңгеге, картоп-15 теңгеге.
9 өнімнің бағасы тұрақты.
Анықтама үшін:
Күріш, нан, рожки, сиыр еті, сүт, ірімшік, өсімдік майы, қант, тұз.
3 –өнімнің бағасы арзандаған.
Ұн, айран, қырыққабат,
Анықтама үшін:
Ақ күріш-470 тг, ұн-237 тг, қарақұмық жармасы-320 тг, нан-160 тг, рожки-370 тг, сиыр еті-2200, тауық саны-1070 тг, сүт-470 тг, айран-440 тг, ірімшік-1400 тг, тауық жұмыртқасы 10 дана-620 тг, сары май-1000 тг, өсімдік майы-525 тг, қырыққабат-150 тг, пияз-100 тг, сәбіз-180 тг, картоп-145 тг, құмшекер-370 тг, ас тұзы-55 тг.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 542,8 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.
Анықтама үшін:
Ұн-100 тн, күріш-70 тн, қант-61 тн, макарон-111 тн, күнбағыс майы-45 тн, тұз-36 тн, жуа-35 тн, картоп-38 тн, сәбіз-13 тн.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жылдың басында «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен «Ақниет» жеке кәсіпкерлігі арасында келісім-шарт жасалып, бүгінгі күнге дейін 148 тн жеңілдетілген ұн алып аудандағы нан өнімдерін сататын кәсіпкерлерге төмен бағада (1 сортты Роял ұны 1 килограмы 140 теңге, 50 кг 7000 теңге) ұсынуда.
Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрыш ашылып, базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынылып жатыр. Бүгінгі күнге, «Ақниет-2» сауда үйінде орналасқан әлеуметтік бұрышта 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түрі сатылымда.
Атап айтқанда, сүзбе «Янтарный» - 1283тг, тауық еті – 1020 тг, әлеуметтік күріш – 465 тг, әлеуметтік қант – 350 тг, әлеуметтік қарақұмық жармасы – 290 тг, айран 1 литр 2,5% – 440тг сүт «Милково»1 литр 2,5% - 312 тг, жұмыртқа 5шт. – 305 тг, күнбағыс майы 1литр – 650тг, рожки 1 кг – 343тг, тұз «Ассоль»– 40 тг сатылуда.
Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2023 жылы Жалағаш кентінің орталығында 6 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Айта кету қажет, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қарсаңында өнімдердің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
2023 жылдың басынан бастап ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесін шамадан тыс қосу фактілері сауда субъектілерінде жиі кездесуіне байланысты, кент орталығында орналасқан шағын маркеттер, ірі сауда дүкендері мен үй жанындағы дүкендер иелеріне күнделікті заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесінің 15 пайызынан аспауы туралы жадынама үлгілері таратылуда.
Сонымен қатар, ӘМАТ бағаларынын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан көкөністерді (картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат) арзан бағада сатып алып, аудан бойынша сатуды ұйымдастыратын кәсіпкердің (ЖК «Нұрсұлтан» Көшекбаева Эльмира) мәліметі облыстық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары басқармасына және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на жолданды.
2023 жылдың қырқүйек айында бекітілген шекті бағасынан асырып сатып отырған (қырыққабат, сәбіз) 6 кәсіпкерлік (Маратұлы Бағдат, Жанабаева Ботакөз, Игібаева Сәуле, Бурибасова Айгүл, Тұрмағанбетов Шоқан, Баймағанбетова Сәуле) субъектілері туралы ақпарат Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ұсынылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі мен әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін – 1500 МРП – 5175,0 млн теңге.
Осы бағдарлама негізінде 2010-2022 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алуға 968 жас маманға тұрғын үй несиесі берілді.
Анықтама үшін.2010 жылы 41 маманға 35,7 млн теңге, 2011 жылы 43 маманға 64,7 млн теңге, 2012 жылы 56 маманға 115,6 млн тенге, 2013 жылы 70 маманға 182,6 млн теңге, 2014 жылы 76 маманға 194,7 млн теңге, 2015 жылы 88 маманға 240,8 млн теңге, 2016 жылы 118 маманға 346,7 млн теңге, 2017 жылы 101 маманға 323,3 млн теңге, 2018 жылы 47 маманға 163,9 млн теңге, 2019 жылы 122 маманға 446,9 млн теңге, 2020 жылы 92 маманға 365,8 млн теңге, 2021 жылы 71 маманға 306,8 млн теңге, 2022 жылы 42 маманға 192,6 млн теңге.
Аудан бойынша 2010-2022 жылдар аралығында 2983,6 млн теңгеқаржы төленді.
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылысы жинақтау банкі» АҚ сенім білдірген өкіл болып белгіленген. Қазіргі уақытта операциялық жұмыстардың алгоритмдері дайындалуда.
2023 жылы тұрғын үй несиесі бойынша 27 маманға 138,2 млн теңге қаржы берілді. (2023 жылға бір маманға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бөлінетін бюджеттік кредит көлемі 5175,0 мың теңгені құрайды).
2023 жылы 82 маманға 28,0 млн теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Жер туралы
Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде
2023 жылдың 4-тоқсанына жер учаскелерін рәсімдеу туралы барлығы – 52 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.
Жалағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша
Бүгінгі күнге, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 2925 өтініш арнайы кезекке қойылған.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру
Барлығы 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылдың 4-тоқсанына жалпы 78 қызмет көрсетілді, оның ішінде: