Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша 

         Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 130,3 шақырым барлығы 240,9 шақырым автомобиль жолдары бар.

         Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3%  жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,3% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2023 жылы Ақсу ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына (жоба құны 76,6 млн. теңге) облыстық бюджеттен 73,3 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «Транс-Сервис» ЖШС.

2023 жылы Есет батыр - Жаңадария бағытындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін облыстық бюджеттен 256,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.

Сондай-ақ, Жаңаталап-Аққыр аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (20,6 шқ) облыстық бюджеттен 655,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына облыстық бюджеттен 325,4 млн.теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «Гулнур МК» ЖШС.

 Биылғы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 527,8 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

1) Жалағаш кентінің 10 көшесін (И.Панфилов, І.Нүркенов, Мысық би, Теміржол, Қ.Нұрпеисов,Желтоқсан, З.Ижанов, А.Бектібаев, Жеңістің 50 жылдығы, Т.Әбжалиев көшелері) күрделі жөндеуге 749,6 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;

2) Жалағаш кентіндегі М.Шаменов және Т.Қыстаубаев көшелерін күрделі жөндеуге 479,4 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. (жалпы құны 359,1 млн. теңге, ұзындығы 2,6 шқ). Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;

3) Аққұм ауылындағы 10 көшені күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 147,0 млн теңге қаралды. Жоба 2024 жылға өтпелі. 2023 жылдың қорытындысымен 2 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуді (жалпы құны 457,1 млн. теңге, ұзындығы 8,4 шқ). Жалпы жетіспейтін қаржы көлемі 286,8 млн.теңге. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.

4) М.Шаменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеуге (жалпы құны 64,1 млн. теңге, ұзындығы 0,7 шқ) облыстық бюджеттен 54,1 млн теңге, аудандық бюджеттен 5,4 млн теңге қаржы қаралды.  Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

5) Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесін (А.Құнанбаев. А.Төлеубаев, Бұқарбай батыр көшелері) орташа жөндеуге (жалпы құны 176,4 млн. теңге, ұзындығы 5,0 шқ)  облыстық бюджеттен 163,9 млн.теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Құрылыс Көлік Компаниясы» ЖШС. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

6) Еңбек ауылының 3 көшесін (М.Байділдаев, А.Құнанбаев, Т.Дәуітбаев) орташа жөндеу жұмыстарына (жалпы жоба құны 62,3 млн.теңге, ұзындығы 2,8 шқ) аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. 2023 жылғы бөлінген 2,0 млн теңге толығымен игерілді. Жоба 2024 жылға өтпелі.

  1. Газдандыру бойынша 
  1. М.Шаменов елді мекенін газдандыру (жоба құны 684,1 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 63.8 млн.теңге бөлінді. Бұл жоба 2024 жылға өтпелі. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС. Құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  2. Ақсу елді мекенін газдандыру (жоба құны 545,2 млн.теңге). 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралды. Бұл жоба 2024 жылға өтпелі. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС. Құрылыс монтаждау жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,528 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.              Жоба құны - 27 082,6 мың теңге.

Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,641 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.

Жоба құны-15 432,3 мың теңге.

  1. Техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары бойынша 

Қаракеткен ауылына 2 дана және Жаңаталап ауылына 3 дана техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджеттен 82,6 млн теңге қаржы бөлінді.

Қаракеткен елді мекенінде 2 дана техникалық су ұңғымаларын  қазу бойынша мердігер мекемелер «Энергиянұр» ЖШС, «Табабер» ЖШС. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары аяқталды.

Жаңаталап елді мекенінде 3 дана техникалық су ұңғымаларын  қазу бойынша:

Жаңаталап елді мекеніндегі 1-ТВ техникалық су ұңғымасы «Табабер» ЖШС арқылы бұрғылау жұмыстары аяқталды.

 2-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары аяқталды.

3-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары аяқталды. 

  1. Жарықтандыру жұмыстары бойынша 

Т. Жүргенов ауылындағы Сәдір би көшесін жарықтандыру жұмыстарының құрылысына аудандық бюджеттен 2 143,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер мекеме  «СмартСтройСервис» ЖШС.

Сонымен қатар Таң ауылының әкімі аппараты арқылы Таң ауылындағы А. Мықтыбаев, С. Сейфуллин, Ш. Уалиханов, Қарасу көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы