Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2023 жылдың 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда 32 378 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет және  2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

 Жалпы халық санының ішінде: 14 жасқа дейінгі бала саны 10 677, жасөспірімдер – 1 629, ересектер саны – 20 072.

Кадр 

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 648,25

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 102,25.
  • Орта буын қызметкерлері – 299,25
  • Кіші буын – 115,5
  • Техникалық және басқалары- 115,5

 Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 838.

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 89 (бала күтімінде 10)
  • Орта буын қызметкерлері – 424 (бала күтімінде 45)
  • Кіші буын – 143 (бала күтімінде 9) .
  • Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -162 (бала күтімінде 5)

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 89 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 26,9%.

Оның ішінде: 53 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 60,2 %.

  • жоғарғы санат – 17 дәрігер.
  • І санат – 18 дәрігер.
  • ІІ санат – 18 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 424 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 130,9 %.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 275 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 64,2 пайыз.

  • Жоғарғы санат – 142
  • І санат – 90
  • ІІ санат – 43        

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Бос тұрақты вакансия

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Ақарық  ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

 

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Аққыр  ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Мақпалкөл ДА

1,0

Бос ваканция тұрақты

Оториноларинголог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

УДЗ дәрігері

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Травматолог дәрігер

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Офтальмолог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Анестезиолог-реаниматолог

Кент

2,0

Бос вакансия тұрақты

Барлығы

 

9,0

 

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық  дәрігерлік қабылдау  2023  жылдың         9 айы бойынша –157 522,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 4,8 (2022 жылдың 9 айы бойынша –140 205 – 4,2) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны  2023 жылы – 68 423 – 43,4%, (2022 жылы – 54654 – 38,9%).  Алдын ала тексерілу – 89 099 болып жалпы қабылдаудың 56,5%-ды құрады  (2022 жылы 85551 – 61,0%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 4,5 %-ға төмендеп отыр. Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен  салыстырғанда        17 317 жағдайға 10,9% жоғарылаған. Үйде қаралу 2023 жылдың 9  айы бойынша –       12 292   құрап  (2022 жылдың 9  айы – 11 105), өткен жылмен салыстырғанда – 1187 жағдайға 9,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы  2023  жылы 58 718  болып 37,2% құрады (2022 жылы – 51 747– 36,9%).  Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 98 804 болып 62,8%-ды құрап отыр. (2022 жылы 88 458–63,1%).

         2023 жылдың 9 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –        11 694 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 27687,7                      (2022 жылдың 9 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық – 10716                              100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 32499,3 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 8,3  пайызға  жоғарылаған. Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

  • І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 2718 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға өскен.
  • ІІ орында жүйке жүйесінің аурулары 1049 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өскен.
  • ІІІ орында зәр шығару аурулары 838 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда  8,6 пайызға төмендеген.
  •  

Диспансерлеу "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 9 759 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 8079, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1680.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" № ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 162 736 948,00 теңгеге 24 500 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді.

Демографиялық көрсеткіштер 

 2023 жылдың 9 айында  аудан бойынша 533 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 16,5 промильді құрады (2022 жылы 588 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 17,9 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,4 промильге төмендеп отыр. Сәби өлімі 2023 жылдың есептік кезеңінде  4 жағдай тіркеліп 7,5 промиль құрады, (2022 жылы 3 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 5,1-ді құраған). 2023 жылы аудан бойынша 138  өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 4,2 құрап отыр.  (2022 жылы 137 жағдай – 4,2), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш  бір деңгейде.

10 жылдан  аса мерзімде ауданда ана өлімі тіркелмеген.

№

Негізгі көрсеткіштер

2023 жыл 9 ай

2022 жыл 9 ай

 

1

Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.)

533-16,5

588-17,9

2

Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда)

138-4,2

137-4,2

3

1 жасқа дейінгі сәби өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.)

4-7,5

3-5,1

4

Ана өлімі   (100 мың. нәрестеге)

0

0

 Өлім - жітім себептері бойынша:     

 

 

2023 жыл 9 ай

2022 жыл 9 ай

1

Жалпы қайтыс болғандар саны

138-4,2

137-4,1

1.1.

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

38-27,5

45-32,8

1

Үйден қайтыс болғандар

90-65,2

87-63,5

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

15-39,2

18-40,0

2

Ауруханадан қайтыс болғандар

33-29,2

34-24,8

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

11-28,9

8-29,6

3

Өзгеде себептер

11-12,4

7-7,2

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

8-33,3

7-25,9

Оның ішінде:

 

 

2023 жыл 9 ай

2022 жыл 9 ай

1

Жүрек қантамыр аурулары

41-125,6

33-99,4

2

Қатерлі ісік аурулары

15-45,9

11-33,1

3

Жарақаттар

6-18,4

14-42,2

4

Тыныс алу жолдары

9-27,6

11-33,1

5

Жұқпалы аурулары

1-3,1

2-6,0

6

Туберкулез

0

1-3,0

7

Ас қорыту ағзалары

7-21,4

14-42,2

8

Несеп жолдары

6-18,4

3-9,0

9

Ішкі секреция жүйесі

6-18,4

4-12,1

10

Жүйке жүйесі аурулары

13-39,8

9-27,1

11

Кәрілік

22-67,4

23-69,3

12

Короновирусты инфекция

0

0

13

Тағы басқа

12-36,8

12-36,2

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

      1-ші орында: Жүрек қантамыр аурулары  бойынша қайтыс болғандар саны – 41 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 125,6. (2022 жылы – 33– 99,4). Былтырғы жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға өскен.

     2- ші орында: Кәріліктен қайтыс болғандар саны 2023 жыл бойынша 22-67,4 (2022 жыл – 23-69,3). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 1 жағдайға төмендеп отыр.

     3- ші орында: Қатерлі ісік ауруы бойынша қайтыс  болғандар саны 2023 жылы – 15-45,9. (2022 жыл 11-33,1). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 26,6 пайызға  жоғарылаған.

Скрининг бағдарламасы бойынша 

       ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.10.2020 жылғы 174/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2023 ж. жоспарланғаны-2512; орындалғаны-2512- 100,0% Анықталғаны-190-7,6% «Д» есепке алынғаны- 190-100%.

(2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2390- 100% Анықталғаны-149-6,3% «Д» есепке алынғаны- 149-100%)

Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2023 ж. жоспарланғаны-3540; орындалғаны-3010-85,0%; Анықталғаны-33-1,1%; «Д»есепке алынғаны - 33-100%.

(2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2390-100%; Анықталғаны-19-0,8%; «Д»есепке алынғаны - 19-100%.)

Глаукома ауруын ерте анықтау-2023ж.  жоспарланғаны-3689; орындалғаны-3077-83,4%. Анықталғаны-21-0,7% «Д» есепке алынғаны-21-100%

(2022 ж.  жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2390-100%. Анықталғаны-10-0,4% «Д» есепке алынғаны-10-100%)

Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023 ж. жоспарланғаны-1533, орындағаны-1495-97,5%, анықталғаны- 353-23,6%. «Д» есепке алынғаны-56- 100%.

 (2022 ж. жоспарланғаны-1050, орындағаны-1059-100,6%, анықталғаны-46-4,3%. «Д» есепке алынғаны-46-100%,1-қатерлі ісікпен алынды.

Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023 ж. жоспарланғаны-1053; орындалғаны-1045-99,2%, анықталған ауруы-104-10,0%. «Д»есепке алынғаны-63-6,0% Рак шейки матки-2.

(2022 ж. жоспарланғаны-903; орындалғаны-903-100,0%, анықталған ісік алды ауруы-27-3,0%. «Д»есепке алынғаны-27-100% Рак-0 )

Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023ж. жоспарланғаны-1863; орындалғаны-1763-94,6%, анықталған ісік алды ауруы-1-0,1%; «Д» есепке алынғаны-1-100% Диагнозы: Полип толстой кишки

 (2022 ж. жоспарланғаны-1030; орындалғаны-1030-100%, анықталған ісік алды ауруы-14-1,3%; «Д» есепке алынғаны-14-100%) 

Суицид.

Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш  аудандық  ауруханасында  4  психолог, 11 әлеуметтік қызметкер  қызмет  атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар  суицидтің  алдын - алуға жалпы 9 айда  халық арасындағы барлығы 1 акция өткізіліп, 62 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 2 семинар ұйымдастырылып 158 тұрғын қамтылған, 2 тренинг өткізіліп 37 тұрғын қамтылған.

2023 жылы  өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған- 8  жағдай тіркелсе, оның ішінде   1 аяқталған ,  7 аяқталмаған суицид жағдайы орын алды. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу бойынша 2 жағдай  тіркелді. (2022 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен 2 жағдай тіркелген).

               Ауруханада көрсетілген көмек

Стационарлық көмекті 150 төсек орындық  ауруханамен   көрсетіледі, оның ішінде қыстақ орталығында жаңа ауруханада 115 төсек және жұқпалы аурулар бөлімі 15 төсек орын жұмыс жасайды.

27 қазан 2022 жылғы № 486 Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бойынша балалар арасында маусымдық аурулардың көбеюіне және асқыну жағдайларының көбеюіне байланысты «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚРДСМ м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы №126 бұйрығына сәйкес жұқпалы аурулар бөлімінен балаларға арналған 15 төсек орын ашылды.

    ОДСБ 14 желтоқсан 2022 жылғы № 575 бұйрығын басшылыққа алып, короновирустық инфекцияға қарсы 5 төсек орын уақытша ашылды.

    Сонымен қатар   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсетуге медициналық көрсетілетін қызметтерді тиімді пайдалану үшін аудандық аурухананың тәуліктік мен күндізгі стационар бойынша төсек орындарының 2023 жылдың 20 наурыздан бастап қайта бейіндендіру бұйрығы бойынша терапия бөлімінің күндізгі стационар 5 төсек орны тәуліктік стационардың неврологияға 2 төсек, терапия бейініне 3 төсек ауыстырылды. Қазіргі кезде аудандық аурухана бойынша тәуліктік стационар төсек орны 161 төсек (150 төсек тәуліктік, 5 төсек КВИ , 6 төсек ақылы төсек орындар)

    2021 жылдың 1шілдесінен бастап ауылдық ауруханалар толығымен жабылып, төсек орындары аурухананың терапия бөліміне берілді. 2022 жылдың басынан бастап аурухананың қайта қалпына келтіру бөлімшесі 20 төсек орын, 10 төсек орын паллиативті бөлімше және терапия бөлімшесінен ревматология бөлімшесі ашылып жұмыс жасауда. 

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер 

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

       Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

       Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

  • Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;
  • Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;
  • МӘМС жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру.

 

Дата публикации
16 октября 2023
Дата обновления
16 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы