Лого

Меню

Страницы

Статья

"Тұтынушылардың игілігі үшін"

Еліміздің басты заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы айтылған. Осыған байланысты нарықтық қатынастарда тұтынушыны барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Бұл ретте уәкілетті орган заң жобасын әзірлеп, ол елдің ақпараттық алаңында белсенді талқыланып, мәжілісте қаралуда. Заң жобаларында ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың – әрқайсымыздың, барлық 19 млн. қазақстандықтың тұтыну құқығын қорғауға бағытталған.
Тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны келесі салаларда байқалады:
- бөлшек сауда (48% (14,3 мың өтініш);
- тұрмыстық қызметтер (19% (4,7 мың өтініш);
- электрондық сауда (9% (2,6 мың өтініш);
Алайда, бұл фактілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің нақты жай-күйін көрсетпейді, себебі кейбір тұтынушылар бұзылған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінбейді.
Ұсынылған заң жобасына сәйкес омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институты тағайындалған адамға ерекше жария мәртебесін береді, ол мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондарында тұтынушылар қауымдастығының көзі және дауысы ретінде қызмет ете алады, қоғамның үйлестірушісі қызметін атқарады, жауапкершілік артады.
2022 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша: 10 мың респонденттің ішінде 56%-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын енгізу қажет деп есептейді.
Оның негізгі функциялары тұтынушылардың шағымдарын қарау, кеңес беру, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарын үйлестіру, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы жыл сайын баяндама қалыптастыру, сотта тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау болады.Мысалы, Польша мен Германияда тұтынушылар муниципалдық және облыстық тұтынушылардың құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсменның) көмегін белсенді пайдаланады.

Дата публикации
16 октября 2023
Дата обновления
16 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы