Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың IІI тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді  Жалағаш ауданы бойынша 5 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 98  қызмет түрі көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда:

1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 18  қызмет түрі;

2) Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 10 қызмет түрі;

3) Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі  26 қызмет  түрі;

4) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  11 қызмет түрі;

5) Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімі 13 қызмет түрі;

6) Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі 20 қызмет түрі;

Үстіміздегі жылдың  9  айында  тұрғындарға барлығы 8192  қызмет көрсетілді.

Нақтысы:

-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 194 қызмет;

-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы-361 қызмет ;

-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-7505 қызмет ;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны- 132 қызмет ;

Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарында жыл басынан бері қызмет көрсетіп  келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша 53 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

Қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
12 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы