
Жалағаш ауданы әкімінің аппаратына 2023 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге талдау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 413 өтініштер (жеке тұлғалардың өтініштері бойынша - 332 өтініш, заңды тұлғалардан – 81 өтінші) түсіп, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1%-ға (375 өтінішке) көбейген.
Көтерілген сұрақтар бойынша – өтініштердің басым көпшілігі жер мен ауыл шаруашылығы саласы (139 өтініш), әлеуметтік мәселелер мен тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы саласы (96 өтініш) бойынша өтініштердің өзектілігі жоғары деңгейде қалыптасып отыр.
Сонымен қатар, өтініш берушілердің басым бөлігін жас ерекешілігі бойынша 18-50 жас аралығындағы азаматтардың (45,4%), әлеуметтік мәртебесі бойынша өзін өзі жұмыспен қамтығандар (31,7%) көп жүгінетіндігін көрсетті.
Жоғары органдар немесе басқа органдар арқылы келіп түскен өтініштер. Оның ішінде:
|
№ |
Мемлекеттік органдар |
Өтініш саны |
|
1 |
ҚР Президент Әкімшілігінен |
2 |
|
2 |
ҚР Үкіметі аппараты ММ-нен |
2 |
|
3 |
Орталық мемлекеттік органнан |
5 |
|
4 |
Облыстық әкімі аппараты |
20 |
|
5 |
Облыстық басқармалардан |
13 |
|
6 |
Облыстық прокуратурадан |
1 |
|
7 |
Жалағаш аудандық прокуратурадан |
9 |
Салалар бойынша түскен өтініштер :
|
№ |
Сала |
Өтініш саны |
|
1 |
Жер және ауыл шаруашылығы |
139 |
|
2 |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру |
96 |
|
3 |
Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық |
38 |
|
4 |
Мәдениет және спорт |
38 |
|
5 |
Білім беру |
13 |
|
6 |
Құрылыс |
9 |
|
7 |
Кәсіпкерлік мәселесі |
19 |
|
8 |
Денсаулық |
4 |
|
9 |
Басқа да мәселелер |
57 |
Азаматтарды жеке қабылдауға қатысты
Үстіміздегі жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімінің жеке қабылдауына ниет білдіріп, 269 азамат жазылған. Аудан әкімі 27 жеке қабылдау өткізіліп, 154 азамат қабылданды. Жеке қабылдауда болған 154 азаматтың 7-уі қайта тіркеліп, қабылдауда болды.
Бүгінгі күні жеке қабылдауға 34 азамат кезекте тұр.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы тарапынан тізімдегі азаматтармен қабылдаулар жүргізіліп, нәтижесінде 89 азаматтың мәселелері бойынша тиісті шешім қабылданып, түсіндірмелер берілді
Жалпы аудан әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштердің тіркелу, қаралу және өтініш иесіне жолданатын жауаптардың мерзімдері сақталуда.
Өтініштердің қаралу сапасы мен мерзімдеріне қатысты
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық бөлімімен күнделікті «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдарға түскен өтініштердің мерзімінде тіркелуі, сапалы орындалуы және уақытылы жауап берілуі қадағаланып отыр.