
Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің спорт саласы бойынша ІІІ тоқсанда күнтізбелік жоспарға сәйкес 12 аудандық спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізіліп, оған 955 спортшы қамтылды.
2023 жылдың 29 шілде-3 тамыз аралығында Балқаш қаласында өткен ҚР ардаргерлер спартакиадасына ұлттық спорт бес асықтан жүлделі І орын, 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальде облыс құрама командасының мүшелері жерлестеріміз Сейтенова Сафура Тоқашқызы мен Айтпанова Марал Тасболатқызы жүлделі ІІІ орын иеленді. ҚР Спорт шеберіне үміткерлер.
2023 жылдың 4-12 тамыз аралығында Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей қаласында өткен 9 елден 200-ден астам спортшы қатысқан тоғызқұмалақтанөткен ІV Азия чемпионатының алтын жүлдегері, 31 тамыз-4 қыркүйек аралығында Румыня мемлекетінің Констанца қаласында ересектер арасында өткен әлем кубогінде тоғызқұмалақтан рапид түрінен жүлделі ІІ орынды Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің «Наркескен» спорт клубының тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Кенжебекова Ақерке Батырбекқызы иеленді. ҚР Спорт шебері.
2023 жылы 7-12 қыркүйек аралығында Өзбекстан мемлекетінің Хиуа қаласында Гір спортынан әлем чемпионаты өтіп, 22 мемлекеттен 650 спортшы қатысты. Нәтижесінде жерлестеріміз.
1.Төлеген Қайсар -78 кг салмақта серпе көтеруден І орын, ұзын циклды серпе көтеруден І орын, яғни екі алтын жүлде иеленді.
3.Орынбасар Нұрислам – 73 кг салмақта серпе көтеруден ІІІ орын, қоссайыс жаттығуынан ІІІ орын иеленді.
4.Ербол Әзиз -68 кг салмақта 2007 ж.т және одан кіші жасөспірімдер арасында серпе көтеруден-ІІ орын иеленді.
5.Сейтенов Абдулхасан – 85 кг салмақта серпе көтеруден ІІІ орын иеленді, жалпы спортшыларымыз әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 3қола медаль жеңіп алды. Жаттықтырушысы Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің «Наркескен» спорт клубының гір спорты бөлімінің жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан Жанатұлы.
2023 жылғы 27- қыркүйек-1 қазан аралығында Шиелі ауданында «Алтын күз-2023» ауыл шаруашылығының облыстық спартакиадасы спорттың 16 түрінен өтіп, Жалағаш ауданы командасы жүлделі ІІ орын иеленді.