Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданында білім беру саласы бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2022 жылы білім саласына бөлінген қаржы  10 млрд. теңгені құраса, 2023 жылға жоспарланған қаржы 14,5 млрд.ты құрап, орташа есеппен  30%-ға артты.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Аудандағы 36 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, 23 жекеменшік,  3 шағын орталық)  3048 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші - 100 %.

Жеке балабақшалардың үлесі – 85,2%. 23 жекеменшік балабақшаның 13-і кентте, 10-ы ауылдық жерде орналасқан.

Апатты балабақша жоқ,

Кентте орналасқан 5 балабақшаның (Арай, Жауқазын, Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) 3-уі ( Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. 2-уі (Арай, Жауқазын) қосуға байланысты  ЖСҚ-ы дайындауға  қажетті қаржыға  9356 мың теңгеге   бюджеттік өтінім жасалды.

Орта білім беру туралы

Ауданда 20 мектеп жұмыс жасайды (20 мемлекеттік).Оқушы саны – 7063.

2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 628 оқушы қабылданды.

2021-2022 оқу жылында бітіруші саны 358. ҰБТ-ге  323 қатысты. Орта балл – 83,1.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен білім беру гранты конкурсына қатысқан 302 талапкердің 86%-ы немесе 260түлек грант иегері атанды.

Қосымша білім беру

Жалағаш  ауданында 1 оқушылар үйі, 1 өнер мектебі және
2 спорт мектебінде  2300  бала қосымша біліммен қамтылған.

Ағымдағы оқу жылында 20 мектеп жанындағы
126 үйірмеге –1825  бала қатысуда.

Инклюзивті білім

Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда.

 Әр оқу жылында ақыл-ой бұзылысы бар, нашар көретін және Брайль шрифтімен жазатын оқушыларға арналған арнайы оқулықтар алынуда. Биылғы оқу жылында сұранысқа сай   2 млн  350 мың  теңгеге оқулықтар алынды.

Жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 1275 педагогтың 560 (44%) арнайы инклюзивті курстан өтті.

 Мектептердің материалдық инфрақұрылымы

 Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылы 17 млн 800 мың теңге бөлінген болса, 2023 жылға барлығы 89 млн 346 мың теңге қаралып,  5 есеге  арттырылып берілді.

Жалағаш кенті орталығындағы №31 мектеп-гимназиясы, Бұқарбай ауылындағы  №33 мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты жобалық-сметалық жұмыстары әзірленіп (10 млн 727,0 мың теңгеге), мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына №31 мектепке- 805,1 млн теңге,  33 мектепке- 435,8 млн теңге қажет.

Модернизация жаңғырту жұмыстарына 2023 жылы 6 мектеп  (№203,232,246,119,122,123) жоспарға енгізіліп, бұл мектептерге барлығы 79 млн 297 мың теңге жұмсалды.

Аудан мектептері 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне қосылған.  Сонымен қатар, бүгінгі күні мектептер 95 пайыз  жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықталған.

Мектептер бойынша құрал-жабдықтар алуға 2023 жылға (LTD экран, парта, тақта, актзал орындықтары, бейне бақылау камерасы, дабыл нүктесі, жылу жүйесінің құрал-жабдықтарына) 107 млн 817 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік сала

2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 1899 оқушы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Көмекке мұқтаж 2074 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 83,0 млн. теңге бөлінді.

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы