Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы анықтамасы

2023 жылға аудан бюджетінен 1220478,0 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 577564 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 626051,9 мың теңге, отбасын қолдау орталығы бойынша 16862,1 мың теңге қаржы қаралды. 2023 жылдың 1 қазанына қаралған қаржы 992885,6 мың теңге, игерілгені  992876,7 мың теңге немесе 100 %.

Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары

2023 жылдың 1 қазанына атаулы әлеуметтік көмек 224 отбасының 1313 мүшесіне  69214,6  мың теңге тағайындалып, 224 отбасының 1311  мүшесіне 64583,3 мың теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген  224 отбасы 1313 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 834 (оның ішінде мүгедектігі бар 2 бала), мүгедектігі бар адам-1, зейнеткер-2, студенттер саны-64, еңбекке қабылетті мүшелер саны-411 (оның ішінде жұмыссыздар-80, жүгіну мезетінде жұмысы барлар-194, бала күтімінде-137), басқа себеппен 1.

Белсенді шараға қатысушылар ішінде 15-і тұрақты жұмысқа орналасқан, 9-ы қайтарымсыз грант алғандар, 3-уі жастар тәжірибесіне, 2-уі әлеуметтік жұмыс орындарына, 63-і қоғамдық жұмысқа жіберілген.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  186 отбасының 341 баласына 9837,7 мың теңге төленді.

 Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 3323,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 18 отбасының 44 мүшесіне 527,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға  2023 жылға қаралған қаржысы 15733,0 мың теңге. 2023 жылдың 1 қазанына 45 азаматқа қосымша тамақтануға 7164,1 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, 43 азаматқа 6439,6 мың теңге төленді.

«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 118,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 105 азаматқа облыстық бюджеттен 14300,0 мың теңге, тағайындалып, төленді.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 566,0 мың теңге төленді.

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 276,0 мың теңге төленді.

Ауған соғысына қатысқан 21 азаматқа аудандық бюджеттен 2898,0 мың теңге төленді.

Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 15 азаматқа 2122,6 мың теңге төленді.

Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 14 азаматына 1977,6 мың теңге төленді.

Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 6 азаматына 797,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 517,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 17 студентке 7744,0 мың теңге оқу ақысына, 4222,8 мың теңге тамақтануы мен тұруына, барлығы 11966,8 мың теңге тағайындалды.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекке қаралған қаржы 33989,0  мың теңге, бүгінгі күнге 2536 маманға 34996,8 мың теңге тағайындалып, 1450 адамға 20000,0 мың теңге төленді. 

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір    сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар 

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2023  жылдың 1 қазанына  962  мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-222.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы  504 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып 338-і немесе 67,0% орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1255-ы орындалды.

2023 жылдың 1 қазанына 555 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 54-і  таяқпен, 18-і балдақпен, 2-уі жетек арбамен, 39-ы кресло арбамен, 111-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 77-сі тифлотехникалық құралдармен, 17-і сурдотехникалық құралдармен, 96-сы протездік ортопедиялық құралдармен  қамтамасыз етілді.

«Инва такси» қызметіне 2023 жылға облыстық бюджеттен 6956,0 мың теңге қаржы қаралған. Осы қызмет түрін пайдаланатын мүгедектігі бар 77 адамға (оның ішінде  І топтағы мүгедек-60, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар-17) 2878,0 мың теңге қаржы төленген.          

Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 96 адамға жеке көмекші қызмет көрсетуде.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  ағымдағы жылдың 1 қазанына 53 адам жіберілді. Оның ішінде  18-і зейнеткер.

Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 3 мүгедектігі бар адам орналастырылды.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 10 бала «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде күндізгі болу бөлімшесінде қызмет алуда.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5868,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 54 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 2596,4 мың теңге төленді.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың қазанына  80 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 55 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Жыл басынан бері 4 адамға «Кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты» қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жөнінде өтініш түсіп, 2 адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалып, 2 адамнан бас тартылды.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота туралы.

Жалағаш ауданы әкімдігінің «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» 2022 жылдың 15 қарашасында №216 қаулысымен 4 мекемеге 6 жұмыс орындарының саны бекітіліп, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне жоспар 66,6 % орындалды, яғни 4 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты.

Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 120 объекті  (денсаулық сақтау объектілері бойынша-16, білім беру объектілері бойынша-21, мәдениет объектілері бойынша-13, спорт объектілері бойынша-3, мемлекеттік орган  бойынша-33, әлеуметтік объектілері-1, басқа сала объектілері-33) түгенделді.

2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға объектілерге бейімдеу жұмыстары бойынша 11 объекті (білім беру объектілері бойынша-3, мәдениет объектілері бойынша-1, спорт объектілері бойынша-2, мемлекеттік орган  бойынша-1, басқа сала объектілері-4) жоспарланып, 2023 жылдың 1 қазанына 7 мекеме толық бейімделіп Республикалық қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2023 жылдың 1 қазанына барлығы  83 өтініш түсіп, бөлім тарапынан барлығы қаралды.

Оның ішінде: 51-рұқсат берілсе, 16-ұзартылды, 16- бас тартылған.

Пробация туралы

Аудан  бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны 49, оның ішінде 44 пробация қызметінде және 5 полиция бөлімінде есепке алынған.

«2023 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Жалағаш аудан әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №217 қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 1 жұмыс орны және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 5  жұмыс орындарына квоталар белгіленіп, 6 квота толығымен орындалды.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру бойынша 2023 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыстары туралы.

2023 жылға жоспарланған халықты жұмыспен қамту динамикасы бойынша  2927 жұмыс орындары (оның ішінде тұрақтысы 1722, уақытша 1205) орындарын ашу жоспарланған. 2023 жылдың 1 қазанына 2161 жұмыс орындары ашылды (оның ішінде қолдау шараларынсыз-446,  487 – тұрақты және уақытша-1228). Жоспар 73,8 % орындалды.

Жаңа жұмыс орындарының ашылуы бойынша 2023 жылға 1928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған (оның 723-і тұрақты, уақытшасы-1205). Ағымдағы жылдың 1 қазанына 1715  жаңа жұмыс орындары ашылды.  Оның 487-ы тұрақты, 1228 –і  уақытша.

Ұлттық жобалар аясында жоспар 46 адам болып бекітілсе, 46 адам жұмыспен қамтылып, оның 28 жұмыскеріне немесе  84,0% міндетті зейнетақы жарналары төленіп, 1 зейнеткер мен 1 мүгедектігі бар адамға төленбеді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қаралған қаржы 198,7 млн. теңге, 144  адамға беру жоспарланды. Жыл басынан бері 2-рет комиссия отырысы өтіп, 72 адам комиссияның оң шешімін алды. Жаңа бизнес идеяларға іске асыруға арналған грант жеңімпаздарына 99,4 млн.теңге қаржы төленді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы 33,9 млн. теңге, жоспар- 37 адам. 2023 жылғы 1 қазанда 37 адам әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасына жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды. Оның ішінде 5 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға 3,9 млн. теңге қаржы төленді.

Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 411,1 млн.теңге, жоспар –250 адам. 2023 жылғы 1 қазанға 353 адам жастар тәжірибесінің қатысушысы. 2022 жылдан жалғастырушы 169 адам. Оның ішінде 89 адам аяқтап, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2023 жылы 210 адам жастар тәжірибесіне жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 2023 жылғы 1 қазанға 937 адам жолданды. Қоғамдық жұмысты 209 адам аяқтап, 73 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 999 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, 2023 жылғы 1 қазанға 446 адам (44,6%) жұмысқа орналасты.

Алғашқы жұмыс орындарына қаралған қаржы 59,3 млн. теңге, жоспар- 15 адам. 2023 жылғы 1 қазанға 27 адам қатысушысы болса, оның 12 адамы 2022 жылдан жалғастырушы. 2023 жылы 15 адам алғашқы жұмыс орнына жолданды.

Ұрпақтар келісім шартына қаралған қаржы 3,7 млн.теңге, жоспар - 6 адам. 2023 жылғы 1 қазанға 6 адам жолданды

Күміс жас жобасына қаралған қаржы 19,1 млн.теңге, жоспар - 22 адам. 2023 жылға 23 адам жолданды.

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға оқытуға қаралған қаржы 20,7 млн. теңге, жоспар – 10 адам.

 

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы