Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 2023 жылғы 9 айдағы атқарған жұмысы туралы

Жалағаш ауданында 195 шаруашылық егін шаруашылығымен айналысады. Аудан бойынша 2023 жылы 37079 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

пайызы

2023 жыл

2022 жыл

1

Күріш

19800

18501

+1299

2

Жаздық бидай

750

720

+30

3

Арпа

70

42

+28

4

Сүрлемдік жүгері

700

445

+255

5

Мақсары

520

520

0

6

Қант құмайы

70

73

-3

7

Соя

64

39

+25

8

Сұлы

5

5

0

9

Жаңа жоңышқа

4850

4903

-53

10

Ескі жоңышқа

7200

7186

+14

11

Қант қызылшасы

-

2,5

-2,5

12

Картоп

646

646

0

13

Көкөніс

1108

1108

0

14

Бақша

1296

1296

0

Барлығы

37079

35486,5

+1592,5

2023 жылдың 3 қазанына жиналған ауылшаруашылығы дақылдары

Дақылдар

Жалпы көлемі, га

Жиналған көлемі, га

Орта өнім, цн

Барлығы, цн

2022 жылы

пайызы

Бидай

750

750

8,2

6150

5519

113,2

Арпа

70

70

8,7

612

293

207,1

Сұлы

5

5

14

70

63

111,1

Мақсары

520

520

8,7

4524

4418

102,4

Соя

64

64

17,5

1120

663

168,9

Жонышқа

12050

12050

40,5

488730

483576

101,0

Қант құмайы

70

70

41,0

2870

2860

100,3

Картоп

646

478

262,5

125480

170160

 

Көкөніс

1108

1085

277,6

301200

292835

 

Бақша

1296

985

275

270880

277304

 

Күріш

19800

14314

55,6

796180

1032356

 

Ауданда күріш дақылын ору жұмыстары 29 тамызда басталды.2023 жылдың 3 қазанына 19800 га күріштің 16311 га (82,4%) орылып, 14314 га (72,3%) бастырылды, орта өнім 55,6 цн/га, жалпы өнім 796180 центнер.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыруға 500 гектар жер дайындалды. 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын орналастырып, өнімдерін жинауда.

Ауылшаруашылығы техникалары туралы

Аудан шаруашылықтарында 1235 дана ауыл шаруашылығы техникалары бар. Оның ішінде 261 комбайн, 491 трактор, 56 жүк көлігі, 162 трактор тіркемесі, 115 жатка, 112 соқа, 38 тұқым сепкіш.

2023 жылы шаруашылықтар  тарапынан 375,0 млн теңге қаржыға 15 дана ауыл шараушылығы техникалары сатып алынды.

Жанар маймен қамтамасыз ету

Күзгі егін жинау жұмыстарына GosAgro.kz порталы арқылы 103 шаруашылықтан 1927 тн («РК Мұнай» ЖШС 948,6 тн, «Жібек Жолы» ЖШС 978,4 тн) жеңілдетілген дизель жанармайына өтінім берді. 2023 жылдың 3 қазанына 56 шаруашылық 1036,5 тн дизель жанармайын алды. («РК Мұнай» ЖШС 514 тн, «Жібек Жолы» ЖШС 522,5 тн)

Жем-шөп дайындығы

Аудан бойынша 2023-2024 жылдың қысына түсетін 58,9 мың  шартты мал басына барлығы 84,0 мың тонна шөп (оның ішінде 40,6 мың тонна жонышқа шөбі), 29,3 мың тонна сабан және 19,1 мың тонна жем дайындау жоспарланды.

Қысқа түсетін ауылшаруашылығы малдарына 2023 жылдың 1 қазанына 90,3 мың тонна табиғи шөп немее 107,5% (оның 41,3 мың тоннасы жонышқа шөбі), 26 мың тонна сабан немесе 88,7% дайындалды.Сондай-ақ, 13,8 мың тонна  жем немесе жоспарланған жемнің 72,2% дайындалды.

Мал шаруашылығы туралы

Аудан көлемінде барлығы 40728 бас мүйізді ірі қара, 44192 бас  уақ мал,  24168 жылқы,  801 бас түйе,  63 бас шошқа, 11042 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 105,9 %, жылқы 109,5 %, түйе 109,2 %, уақ мал 98,1% , құс 103,5% орындалды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы  2299,2 тн (тірілей салмақта) ет,  6802 тн сүт, 155,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,7 пайызға, сүт 101,0 пайызға, жұмыртқа 100,6 пайызға орындалды.

Бір сиырдан сауылған сүт  өткен жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға, жұмыртқа 3,1 пайызға  артты.

Аудан бойынша 138 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 118 шаруашылық айналысады.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы МІҚ 1,9%, жылқы 2,2%, уақ мал 11,8% болды. Жыл басымен салыстырғанда МІҚ -0,5%, жылқы-0,5%, уақ мал 4,2% артты.

Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы  Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда.

«Бақдаулет-57» ФҚ типтік жобадағы  МІҚ мал қорасы бар. Осы қораны сүт бағытындағы аналық малдарды ұстауға реконструкция жасауда. Жыл аяғына дейін Чехия мемлекетінен 96 бас  МІҚ аналығын әкелу жоспарланды.

«АгроЛидер  Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу  цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне   0,5   тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

         2023 жылдың 3-тоқсанына жер учаскелерін рәсімдеу туралы барлығы – 42 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

         Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша Жалағаш кентінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 2902 өтініш арнайы кезекке қойылған.

         Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

         Бөліммен барлығы 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 

2023 жылдың 3-тоқсанына жалпы 111 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 63,

         сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 3,

іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-0,

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау бойынша - 5,

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру -0,

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 5,

жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату-0,

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0,

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 35.

Дата публикации
09 октября 2023
Дата обновления
09 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы