
Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 130,3 шақырым барлығы 240,9 шақырым автомобиль жолдары бар.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,3% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2023 жылы Ақсу ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына (жоба құны 76,6 млн. теңге) облыстық бюджеттен 73,3 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «Транс-Сервис» ЖШС.
Үстіміздегі жылы Есет батыр - Жаңадария бағытындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін облыстық бюджеттен 256,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.
Сондай-ақ, Жаңаталап-Аққыр аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (20,6 шқ) облыстық бюджеттен 655,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.
Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына облыстық бюджеттен 184,8 млн.теңге қаржы қаралып тұр. Алайда, жобалау-сметалық құжаттар 2020 жылы әзірленгендіктен, қазіргі таңда құрылыс материалдарының бағасы өсуіне байланысты, мердігер мекеме жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізуге өтініш білдіріп, жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізу жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Гулнур МК» ЖШС-мен көпірдің екі бетін бетондау жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 527,8 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде:
1) Жалағаш кентінің 10 көшесін (И.Панфилов, І.Нүркенов, Мысық би, Теміржол, Қ.Нұрпеисов,Желтоқсан, З.Ижанов, А.Бектібаев, Жеңістің 50 жылдығы, Т.Әбжалиев көшелері) күрделі жөндеуге 749,6 млн теңге қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;
2) Жалағаш кентіндегі М.Шаменов және Т.Қыстаубаев көшелерін күрделі жөндеуге 479,4 млн теңге қаралды, қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды (жалпы құны 359,1 млн. теңге, ұзындығы 2,6 шқ). Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;
3) Аққұм ауылындағы 10 көшені күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 55,5 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде (жалпы құны 457,1 млн. теңге, ұзындығы 8,5 шқ). Жалпы жетіспейтін қаржы көлемі 378,3 млн.теңге. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.
4) М.Шаменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеуге (жалпы құны 64,1 млн. теңге, ұзындығы 0,7 шқ) облыстық бюджеттен 54,1 млн теңге, аудандық бюджеттен 5,4 млн теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
5) Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесін (А.Құнанбаев. А.Төлеубаев, Бұқарбай батыр көшелері) орташа жөндеуге (жалпы құны 176,4 млн. теңге, ұзындығы 5,0 шқ) облыстық бюджеттен 163,9 млн.теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Құрылыс Көлік Компаниясы» ЖШС. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
6) Еңбек ауылының 3 көшесін (М.Байділдаев, А.Құнанбаев, Т.Дәуітбаев) орташа жөндеу жұмыстарына (жалпы жоба құны 62,3 млн.теңге, ұзындығы 2,8 шқ) аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыс жобасы бойынша облыстық бюджеттен 3,528 млн теңге бөлінді. Жоба әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 7 қарашасында дайын болады.
Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыс жобасы бойынша облыстық бюджеттен 3,641 млн теңге бөлінді. Жоба әзірленіп, ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 31 қазанында дайын болады.
Техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары бойынша
Қаракеткен ауылына 2 дана және Жаңаталап ауылына 3 дана техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджеттен 82,6 млн теңге қаржы бөлінді.
Қаракеткен елді мекенінде 2 дана техникалық су ұңғымаларын қазу бойынша мердігер мекемелер «Энергиянұр» ЖШС, «Табабер» ЖШС. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңаталап елді мекенінде 3 дана техникалық су ұңғымаларын қазу бойынша:
Жаңаталап елді мекеніндегі 1-ТВ техникалық су ұңғымасы «Табабер» ЖШС арқылы бұрғылау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2-ТВ техникалық су ұңғыма «Энергиянұр» ЖШС арқылы жүргізілетін болады.
3-ТВ техникалық су ұңғымасы «Табабер» ЖШС. Бұрғылау жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.