
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді Жалағаш ауданы бойынша 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.
Атап айтқанда:
1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі,
2) Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
3) Жалағаш аудандық жер қатынастар бөлімі
4) Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
5) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
6) Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда барлығы 59 қызмет түрі көрсетіліп келеді.
Үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында тұрғындарға барлығы 6884 қызмет көрсетілді. Нақтысы:
-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-544 (7,9%)
-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы-652 (9,47%)
-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-5535 (80,4%)
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны-153 (2,2%)
Өздеріңіз көріп отырғандай электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 80,4 пайызды құрады.
Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға артқан, яғни 2021 жылы 2878 қызмет көрсетілген.
Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарында жыл басынан бері-3036 қызмет көрсетілді.