
Мәдениет ұйымдары ағымдағы жылдың І жартыжылдығында ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 363 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, акцияларды ұйымдастырып өткізді. Оған 62401 көрермен тартылды. Оның ішінде 12-і онлайн режимде өткізіліп 2370 қаралым болды. /Есепті кезеңде өткізілген іс-шарлардың 2-еуі облыстық шаралар. ақындар айтысы, оқырмандар конференция/.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі - мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдығын атап өту. Бұл бағытта «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық ақындар айтысы өткізілсе, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп онлайн Zoom платформасы арқылы «Түркі әлемінің тарланы» атты тарихи конференция ұйымдастырылды.
Қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап, өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында жыл басынан бері 45 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 1206 көрермен қамтылған.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Көне дәстүр күмбезі» атты дәстүрлі ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі өткізілді.
Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы Халық театры Ерсайын Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық театрында сахналады.
Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары 2023 жылдың І жартыжылдығында облыстық байқаудан 34, республикалық байқаудан 9, халықаралық байқаудан 8 жүлделі орындарды иеленді.
Кітапханалардағы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барысы өз дәрежесінде жүргізілуде.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 373930 дана кітапты құрайды. Жалпы оқырмандар саны -9511.
Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 907 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2256 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 740 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.
Спорт саласындағы негізгі басымдық бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған 4 облыстық, 56 аудандық спорттық іс-шаралар өткізілді.
Бүгінгі күні дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 13500 адамды немесе аудан халқының жалпы санының 38% құрайды.
Аудан спортшылары ҚР, Азия және әлемдік чемпионаттар мен облыстық жарыстарда әр түрлі деңгейдегі 262 медальді жеңіп алды /Азия чемпионатында -1 алтын, әлем чемпионатында -1 қола, ҚР чемпионаттарында 14- алтын, 11- күміс, 27- қола медальдарды, облыстық жарыстарда 70- алтын, 58- күміс, 80- қола медальдар/.
І-ші жарты жылдықта І-разрядты спортшылар саны -9, спорт шеберлері -8, спорт шеберіне үміткерлер 27-ге жетті.
Бөлімнің қызметінің маңызды бағыттарының бірі –мемлекеттік тіл саясаты. Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.
Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда. Тоқсан сайын мәдениет және спорт бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Жыл басынан 12 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-баптың талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 4 мейрамханалар мен фастфудтардың ас мәзірілеріне аударма үлгілері әзірленіп, қолданысқа берілді.