
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту мемлекеттік қызметі бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне барлығы 54 өтініш тіркелді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
2023 жылға 1928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған (оның 723-і тұрақты, уақытшасы-1205). Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 1231 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 228-і тұрақты, 1022 –і уақытша.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іске асыру барысы туралы
2023 жылғы 1 шілдеге 2114 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, оның ішінде 1574 адам немесе 74,5% бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қаралған қаржы 198,7 млн. теңге, 144 адамға беру жоспарланды. Жыл басынан бері 2-рет комиссия отырысы өтіп, 72 адам комиссияның оң шешімін алды. Жаңа бизнес идеяларға іске асыруға арналған грант жіңімпаздарына 99,4 млн.теңге қаржы төленді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы 33,9 млн. теңге, жоспар- 41 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 37 адам әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасына жолданып, жоспар 90,3 пайызға орындалды. Оның ішінде 5 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға 3,9 млн. теңге қаржы төленді.
Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 411,1 млн.теңге, жоспар- 301 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 200 адам жастар тәжірибесінің қатысушысы. 2022 жылдан жалғастырушы 169 адам. Оның ішінде 89 адам аяқтап, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2023 жылға 31 адам жастар тәжірибесіне жолданды, қатысушыларға 89,8 млн. теңге қаржы төленді.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына қаралған қаржы 471,9 млн.теңге, жоспар 811 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 922 адам жолданып, жоспар 113,7 %-ға орындалды. Қоғамдық жұмысты 137 адам аяқтап, 59 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушыларға 354,6 млн.теңге қаржы төленді.
Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 999 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, 2023 жылғы 1 шілдеге 299 адам (29,9%) жұмысқа орналасты.
Алғашқы жұмыс орындарына қаралған қаржы 59,3 млн. теңге, жоспар- 40 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 20 адам қатысушысы болса, оның 12 адамы 2022 жылдан жалғастырушы. 2023 жылы 8 адам алғашқы жұмыс орнына жолданды, қатысушыларға 8,8 млн. теңге қаржы төленді.
Ұрпақтар келісім шартына қаралған қаржы 3,7 млн.теңге, жоспар - 6 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 1 адам жолданып, 520,1 мың теңге қаржы төленді.
Күміс жас жобасына қаралған қаржы 19,1 млн.теңге, жоспар - 22 адам. 2023 жылғы 1 шілдеге 31 адам жобаға қатысушы. 2023 жылға 23 адам жолданды, қатысушыларға 6,1 млн. теңге қаржы төленді.
Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға оқытуға қаралған қаржы 20,7 млн. теңге, жоспар – 46 адам. Оқудың басталуы 2023 жылғы тамыз- қыркүйек айлары.