
2023 жылға аудан бюджетінен 1892598,4 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 567268,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 1325330,4 мың теңге қаржы қаралды. 2023 жылдың 1 шілдесіне қаралған қаржы 840568,0 мың теңге, игерілгені 840533,3 мың теңге немесе 99,99%.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары
2023 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 214 отбасының 1242 мүшесіне 54542,0 мың теңге тағайындалып, 214 отбасының 1242 мүшесіне 46048,8 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 177 отбасының 321 баласына 8041,9 мың теңге тағайындалып, 177 отбасының 321 баласына 6758,6 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4523,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 18 отбасының 44 мүшесіне 527,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2023 жылға қаралған қаржысы 15733,0 мың теңге. 2023 жылдың 1 шілдесіне 39 азаматқа қосымша тамақтануға 4875,9 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, 36 азаматқа 4089,3 мың теңге төленді.
«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 78,7 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалды.
Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 105 азаматқа облыстық бюджеттен 14300,0 мың теңге, тағайындалып, төленді.
Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 566,0 мың теңге төленді.
Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 276,0 мың теңге төленді.
Ауған соғысына қатысқан 21 азаматқа аудандық бюджеттен 2898,0 мың теңге төленді.
Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 15 азаматқа 2122,6 мың теңге төленді.
Тәжік –Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 14 азаматына 1977,6 мың теңге төленді.
Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 6 азаматына 797,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 517,5 мың теңге тағайындалды.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту мемлекеттік қызметі бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне барлығы 54 өтініш тіркелді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2023 жылдың 1 шілдесіне 972 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-222.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 409 жеке оңалту бағдарламасы даярланып 276-ы немесе 67,5% орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1124-і орындалды.
2023 жылдың 1 шілдесіне 540 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 48-і таяқпен, 14-і балдақпен, 2-уі жетек арбамен, 33-і кресло арбамен, 74-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 72-і тифлотехникалық құралдармен, 12-і сурдотехникалық құралдармен, 70-і протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 94 адамға жеке көмекші қызмет көрсетуде.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 38 адам жіберілді. Оның ішінде 12-і зейнеткер.
Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 мүгедектігі бар адам орналастырылды.
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 6-уы «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде күндізгі болу бөлімшесінде қызмет алуда.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5868,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 54 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 2596,4 мың теңге төленді.
Аудан бойынша ағымдағы жылдың шілдесіне 82 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 57 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
2023 жылға 1928 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған (оның 723-і тұрақты, уақытшасы-1205). Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 1231 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 228-і тұрақты, 1022 –і уақытша.