Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 37 052 гектарға егiн орналастыру жоспарланып, 37079 га егін толық орналастырылды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 19800 га, бидай-750 га, қант құмайы – 70 га, арпа – 70 га, соя-64 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы - 5 га, жаңа жоңышқа - 4850 га, ескі жоңышқа - 7200 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.

Шаруашылықтар тарапынан 2023 жылғы егін орналастыруға қажетті 4950 тн күріш, 120 тн бидай, 0,6 тн сұлы, 13 тн мақсары, 12 тн арпа, 4 тн соя, 1 тн қант құмайы, 15 тн жүгері, 44 тн жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың егісіне қажетті 10810 тн минералдық тыңайтқыштар дайындалып, 24060 литр гербицид дайындалды.

Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 887 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты.

Су тапшылығы жағдайында аудан шаруашылықтары насос қондырғыларын пайдалану арқылы егінді сумен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда аудан шаруашылықтары 40 дана су тартқыш насос қондырғыларын егінді суаруға  пайдалануда, оның ішінде 12дана насос қондырғысы «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінен шаруашылықтарға берілсе, 28 дана насос қондырғысын шаруашылықтар өз қаржысына алған.

Бүгінгі күнге 179 га күріш алқабына су шықпай қалғаны анықталды.  (Мақпалкөл ауылдық округі «Мақпалкөл» ЖШС 96 га, «Ақмар» ШҚ 15 га, Бұхарбай батыр ауылдық округі «Дінмұхаммед» ФҚ 68 га)

Аудан бойынша 2023 жылдың 12 шілдесіне орналастырылған 19800 га күріш егісінің 14320 га, немесе 72,3 пайызы жақсы жағдайда, 4550 га, немесе 23 пайызы қанағаттанарлық, 930 га, немесе 4,7 пайызы нашар жағдайда болып тұр.

Күтімге алынған 7200 га ескі жоңышқа дақылының 6750 га бірінші орымы аяқталды. Орта есеппен 1 га 22,2 цн өнім, барлығы 14985 тн жиналды.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан 500 гектар жер дайындау жоспарланған болатын.Бүгінгі күнге дайындалған 500 гектар жерге 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын орналастырған.

Шаруашылықтар тарапынан жыл басынан бүгінгі күнге дейін 11 дана ауыл шаруашылығы техникалары 168 011,0 мың теңгеге сатып алынған.

 

 

 

Мал шаруашылығы туралы

 

Аудан көлемінде барлығы 40918 бас мүйізді ірі қара, 45759 бас  уақ мал,  24953 жылқы,  801 бас түйе,  102 бас шошқа, 11348 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 105,9 %, жылқы 109,2 %, түйе 109,3 %, уақ мал 97,8% , құс 100,9% орындалды.

2023 жылдың 1 шілдесіне барлығы  1588,7 тн (тірілей салмақта) ет,  4673,6 тн сүт, 114,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,0 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұмыртқа 100,7 пайызға орындалды.

Бір сиырдан сауылған сүт  өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға, жұмыртқа 1,9 пайызға  артты.

Аудан бойынша 138 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 118 шаруашылық айналысады.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы МІҚ 1,9%, жылқы 2,2%, уақ мал 11,8% болды. Жыл басымен салыстырғанда МІҚ -0,5%, жылқы-0,5%, уақ мал 4,2% артты.

Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы  Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда.

«Бақдаулет-57» ФҚ типтік жобадағы  МІҚ мал қорасы бар. Осы қораны сүт бағытындағы аналық малдарды ұстауға реконструкция жасауда. Екінші деңгейлі банкке несиеге құжаттары өткізілген, қазіргі жағдайда қаржыландыру қаралу үстінде. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда  Чехия мемлекетінен 96 бас  МІҚ аналығын әкелу жоспарланды.

«АгроЛидер  Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу  цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне   0,5   тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Азық-түлік туралы

 

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 6 түрі  қымбаттаған (ақ күріш-110 теңгеге, нан-6 теңгеге, сиыр еті-150 теңгеге,  қырыққабат-100 теңгеге, сәбіз-105 теңгеге, картоп-10 теңгеге). 11 өнімнің бағасы арзандады (қарақұмық жармасы-215 теңгеге, рожки-15 теңгеге, тауық еті-190 теңгеге, сүт-83 теңгеге, айран-80 теңгеге, ірімшік-50 теңгеге, жұмыртқа-160 теңгеге, сары май-50 теңгеге, күнбағыс майы-318 теңгеге, пияз-10 теңгеге, қант-40 теңгеге). 2-өнімнің бағасы тұрақты (ұн, тұз).

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 548,4 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн-115 тн, күріш-40 тн, қант-65 тн, макарон-108 тн, күнбағыс майы-50 тн, тұз-38 тн, жуа-34 тн, картоп-38 тн, сәбіз-17 тн  және т.б.

«Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен келісім-шартқа отырып «Ақниет» көтерме сауда орнынан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 30 тн ұн алып нан өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлерге (наубайханаларға) сатты (1 сортты Роял ұны 1 килограмы 140 теңге, 50 кг 7000 теңге). «Байқоңыр ӘКК» АҚ-нан ИП «Бағдат» көтерме сауда орны 2023 жылдың 02 ақпан күні келісім шарт жасасып, картоп кг 120 теңгеден 1 тн, сәбіз кг 125 теңгеден 200 кг, жуа кг 85 теңгеден 1,5 тн сатып алды.

Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрыш ашылды базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынылып жатыр. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрышта күріш-175 теңге, ұн-180 теңге, қарақұмық жармасы-320 теңге, құс еті-950 теңге, сүзбе-1283 теңге, өсімдік майы-580 теңге, рожки-275 теңге, жұмыртқа-36 теңге, қант 405 теңге, сүт-300 теңге, айран-230 теңге, сары май-650 теңге, тұз-40 теңгеден сатылуда.

Сондай-ақ, 2022 жылы қараша айында «Ер-Әлі» шаруа қожалығы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на 30 тн картоп  өткізген.

  Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.

«Дипломмен ауылға»

бағдарламасы туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі мен әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  – 1500 МРП – 5175,0 млн теңге.

Осы бағдарлама негізінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін тұрғын үй сатып алуға 968 жас маманға тұрғын үй несиесі берілді.

Анықтама үшін.2010 жылы  41 маманға 35,7 млн теңге, 2011 жылы 43 маманға 64,7 млн теңге, 2012 жылы 56 маманға 115,6 млн тенге, 2013 жылы 70 маманға 182,6 млн теңге, 2014 жылы 76 маманға 194,7 млн теңге, 2015 жылы 88 маманға 240,8 млн теңге, 2016 жылы 118 маманға 346,7 млн теңге, 2017 жылы 101 маманға 323,3 млн теңге, 2018 жылы 47 маманға 163,9 млн теңге, 2019 жылы 122 маманға 446,9 млн теңге, 2020 жылы 92 маманға 365,8 млн теңге, 2021 жылы 71 маманға 306,8 млн теңге, 2022 жылы 42 маманға 192,6 млн теңге. 

Аудан бойынша 2010-2022 жылдар аралығында 2983,6 млн теңге қаржы төленді.

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылысы жинақтау банкі» АҚ сенім білдірген өкіл болып белгіленген. Қазіргі уақытта операциялық жұмыстардың алгоритмдері дайындалуда.

2023 жылы тұрғын үй несиесіне республикалық бюджеттен 139,7 млн теңге қаржы қаралып отыр. (2023 жылға бір маманға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бөлінетін бюджеттік кредит көлемі 5175,0 мың теңгені құрайды). Қаралған қаржы 27 маманға тұрғын үй несиесін беруге есептелген.Кезекте 49 маман бар.

Біржолғы көтерме жәрдемақы алуғамамандар аудан әкімінің қаулысымен реттілікке қойылып  2020-2023 жылдар аралығында 292 маман  кезекте тұр.

(2020 жылы 62 маман, 2021 жылы 119 маман, 2022 жылы 95 маман, 2023 жылы 16  маман кезекке қойылған.)

 

Жер туралы

 

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

         2023 жылдың 2-тоқсанына жер учаскелерін рәсімдеу туралы барлығы – 79 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

         Жалағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

         Бүгінгі күнге, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 2867 өтініш арнайы кезекке қойылған.

         Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

         Бөліммен барлығы 9 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 

2023 жылдың 2-тоқсанына жалпы 115 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 64,

         сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 1,

іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-2,

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындаубойынша-3,

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру -0,

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру –2,

жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату-0,

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0,

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 43.

 

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы