Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2023 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша 

         Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 123,5 шақырым барлығы 234,1 шақырым автомобиль жолдары бар.

         Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 115 шақырымы немесе 93,1%  жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 8,5 шақырымы немесе 6,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2023 жылы Ақсу ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына (жоба құны 76,6 млн. теңге) облыстық бюджеттен 76,6 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Транс-Сервис» ЖШС.

Үстіміздегі жылы Есет батыр - Жаңадария бағытындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін облыстық бюджеттен 196,0 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда қалған 12,5 шақырымына толық асфальт жабындысы төселді. Жол белгілерін орнату, жолақтар сызу, т.б. жұмыстары бюджеттен қаржының бөлінуіне қарай атқарылатын болады. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.

Сондай-ақ, Жаңаталап-Аққыр аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (20,6 шқ) облыстық бюджеттен 655,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда шұңқырларды қазу, жолды қырып, тегістеу және асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жол белгілерін орнату, жолақтар сызу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына облыстық бюджеттен 184,8 млн.теңге қаржы қаралып тұр. Алайда, жобалау-сметалық құжаттар 2020 жылы әзірленгендіктен, қазіргі таңда құрылыс материалдарының бағасы өсуіне байланысты, мердігер мекеме жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізуге өтініш білдіріп,  жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізу жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Гулнур МК» ЖШС-мен темір жолдың екі жағына свайларды орнатып, бетондау жұмыстары және көпірге орнатылған темір конструкцияларын дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.

 Биылғы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 843,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

1) Жалағаш кентінің 10 көшесін (И.Панфилов, І.Нүркенов, Мысық би, Теміржол, Қ.Нұрпеисов,Желтоқсан, З.Ижанов, А.Бектібаев, Жеңістің 50 жылдығы, Т.Әбжалиев көшелері) күрделі жөндеуге 749,6 млн теңге қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;

2) Жалағаш кентіндегі М.Шаменов көшесін күрделі жөндеуге 285,3 млн теңге қаралды, қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды (жалпы құны 359,1 млн. теңге, ұзындығы 2,6 шқ). Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС;

3) Аққұм ауылындағы Аққұм көшесін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 55,5 млн теңге қаралды. Бүгінгі күнге келісім- шартқа отыру рәсімдері жүргізілуде (жалпы құны 81,3 млн. теңге, ұзындығы 1,1 шқ). Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС.

4) М.Шаменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеуге (жалпы құны 64,1 млн. теңге, ұзындығы 0,7 шқ) облыстық бюджеттен 54,1 млн теңге, аудандық бюджеттен 5,4 млн теңге қаржы қаралды.  Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС. Жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың тамыз айында басталады.

5) Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесін (А.Құнанбаев. А.Төлеубаев, Бұқарбай батыр көшелері) орташа жөндеуге (жалпы құны 176,4 млн. теңге, ұзындығы 5,0 шқ)  облыстық бюджеттен 163,9 млн.теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Құрылыс Көлік Компаниясы» ЖШС. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жол белгілерін орнату, жолақтар сызу жұмыстары атқарылатын болады.

  1. Газдандыру бойынша

1) М.Шаменов елді мекенін газдандыру (жоба құны 684,1 млн.теңге) жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлінді. Нысан өтпелі. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер мекеме болып «АЭS and Limited» ЖШС анықталды. Авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС.

Техникалық қадағадау қызметіне МСА қорытындысымен «Нұрай сервис» ЖШС анықталып тұр. Алайда 22.07.2023 жылға дейін шағымдану мерзімі бар.

Жобаны толық аяқтауға 629,2 млн теңге қаржы қажет етіледі.

2) Ақсу елді мекенін газдандыру (жоба құны 545,2 млн.теңге) 2023 жылға

облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралды. Нысан өтпелі. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер мекеме болып  «АЭS and Limited» ЖШС анықталды. Авторлық қадағалаушы «Прикаспийское управление строительства – Шымкент» ЖШС.

Техникалық қадағадау қызметіне МСА қорытындысымен «Нұрай сервис» ЖШС анықталып тұр. Алайда 28.07.2023 жылға дейін шағымдану мерзімі бар.

Жобаны толық аяқтауға 497,4 млн теңге қаржы қажет етіледі.

3) «Наркескен» спорт клубының қазандығын газге ауыстыруға (жоба құны 16,0 млн.теңге) биылғы жылы ҚР Ұлттық қорынан 14,4 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «КомпанияГазСтрой» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Санжар Проект Сервис» ЖШС.

Техникалық қадағалау қызметіне  мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

4) Аудандық кітапхананың қазандығын газге ауыстыруға (жоба құны 12,3 млн.теңге) биылғы жылы ҚР Ұлттық қорынан 11,1 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «КомпанияГазСтрой» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Ақбозат» ЖШС,  авторлық қадағалаушы «Санжар Проект Сервис» ЖШС. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі  күнге қазандықтың ішкі жөндеу жұмыстары (қабырғасын сылау, эмульсиялау, еденін кафельдеу  ) толық аяқталды, жылу жүйесінің ескі құбырлары мен задвижкалары ауыстырылды, жаңадан 1 газ пеші моржасымен орнатылды. ШРП орнатылып, темір қоршаумен қоршалды. Қалып тұрған жұмысы: орташа қысымды жер асты газ құбырын тарту, пештің горелкасын орнату, қазылған жерлердің асфальт жабындысын қалпына келтіру. 

5) №123, 246 мектептердің қазандықтарын газ отынына көшіруге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін  облыстық  бюджеттен  7,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен «Проект Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 10.06.2023 жылы келісім-шарттар  жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары бойынша

Қаракеткен ауылына 2 дана және Жаңаталап ауылына 3 дана техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджеттен 82,6 млн теңге қаржы бөлінді.

Қаракеткен елді мекенінде 2 дана техникалық су ұңғымаларын  қазу бойынша мердігер мекемелер «Энергиянұр» ЖШС, «Табабер» ЖШС. Бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың 1 шілдесіне игерілгені 7,1 млн теңге немесе 33,3 пайызы.

Жаңаталап елді мекенінде 3 дана техникалық су ұңғымаларын  қазу бойынша мердігер мекемелер «Энергиянұр» ЖШС, «Табабер» ЖШС. Бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың 1 шілдесіне игерілгені 21,3 млн теңге немесе 66,7 пайызы.

              Бөлім басшысы                                                    Ғ. Ербол

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы