Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың І тоқсанында Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын дамыту мен жастарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 966 жас тіркелген. /оның ішінде 5 862 ер азаматтар, 5 104- әйел/

2022 жылы аудан көлемінде NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде NEET санатындағы 412 жас анықталды.

Ауданда NEET санатындағы жастар үлесін төмендету бағытында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріліп, қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп қайтарымсыз гранттар алуға, ақылы негіздегі қоғамдық жұмыстарға және тұрақты жұмыспен қамту сынды шаралар атқарылды.

Үстіміздегі жылы Жалағаш ауданы бойынша отбасылық цифрлық картаның ақпараттық жүйесіндегі NEET санатындағы жастары нысаналы тобы бойынша деректерге өзектендіру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы ауданда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 18 млн.теңге (2022 ж. 14,4 млн. теңге)  және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,2 млн.теңге (2022 ж. 4,5 млн. теңге) қаржы бөлінді.

Бүгінгі күнге аталған жобалар аясында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ү.ж 5 сәуір күні Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Кеңестің Күн тәртібіне сәйкес жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу бағытында, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, ауылдық округтердегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекемелерге, ауылдық округ әкімдеріне жастарды қолдау бағытында атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді.

2022 жылы ауданда жастардың қатысуымен 120 шара өткізіліп, оған 5000-ға жуық жастар қамтылса, 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 55 шара өткізіліп, оған 2500- ға жуық жас қатыстырылды.

Ауданда жастар шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға кеңес беру шарасы, түнгі рейд, ерікті жастар қатысуымен қайырымдылық акциялары, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.

Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетуде.

Бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы 3 спорттық үйірме 2 көшеге қоқыс жәшіктерін ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және Жалағаш кентінде            1 отбасыға баспана табысталды.

Сондай-ақ, волонтерлар 2022 жылы 6 млн.135 мың теңгені құрайтын 16 жобаның жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 2020 жылы 5 млн. теңгені құрайтын 14 жоба, 2021 жылы 5,5 млн теңгені құрайтын 6 жоба грант негізінде жүзеге асырылды.

 

Жастарды жұмыспен қамту бойынша

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында халықты жұмыспен қамту органдары арқылы 2022 жылы 905 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

2023 жылдың I тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталығына 510 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның 343-і немесе           67,3 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

- әлеуметтік жұмыс орны-3;

- жастар практикасы-18;

- қоғамдық жұмыс-208;

- алғашқы жұмыс орны-3;

- «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік оқу – 52;

- мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс - 59.

 

Жастарды кәсіпкерлікке тарту бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда.

Аудан бойынша 2023 жылдың І тоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3198 бірлікті құраса, оның ішінде 1249 субъектісі (763 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 474 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 39 пайызын 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Сондай-ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 40 кәсіпкер 543,7 млн теңгеге қаржыландырылса, оның ішінде 11 жас кәсіпкердің жобалары 113,6 млн теңгеге қаржыландырылған.

Анықтама үшін: 2022 жылы ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 446 кәсіпкер 3 млрд 212,0 млн теңгеге қаржыландырылса, оның ішінде 12 жас кәсіпкер 55,7 млн теңгеге қаржыландырылып, жобалары қолдау тапқан.

2022 жылы Ұлттық жоба шеңберіндегі 1 млн 225 мың 200 теңге (400АЕК) қайтарымсыз грант бойынша 300 кәсіпкердің жобасы қолдау алса, оның 51,3 пайызы немесе 154 бірлігі жас кәсіпкерлерге тиесілі.

Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасады.

 

Жастар денсаулығы бойынша

Жалағаш аудандық ауруханасы бойынша 14 пен 35 жас аралығында 9362 жас тіркелген. Ағымдағы жылдың I тоқсанында жастар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 123, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санынан үлесі – 11,6 пайыз.

 

         Жастарды спортқа және мәдени шараларға тарту

Аудан бойынша 151 спорт объектісі тіркелген.

Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубындағы 8 үйірмеде 590 бала қамтылған.

Спорт клубының Жалағаш кенті және 14 ауылдық округінде 22 спорт нұсқаушылары қызмет жасайды. Олардың спорттық-сауықтыру топтарына 3240 спортшы (әуесқойлар) қамтылған. №13 және № 14 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде 21 үйірмеге 1652 спортшы қамтылған.

Сондай-ақ, аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында ауданда 7 мәдениет Үйі,          9 клуб, 18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 руханият орталығы,    1 Бұқарбай батыр атындағы мемориалдық мұражайы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді.

 

Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі

2023 жылдың I тоқсанында жалпы – 31 құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 14-35 жас аралығындағы жастармен 6 қылмыс жасалған / 3-уі ұрлық, 1-уі алаяқтық, 1-уі бұзақылық және басқа да қылмыс түрі/.

 

Жалағаш ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жастар және жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуда түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыр.

 

 

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй несиесін алуға 40 маман кезекте тұр.

Тұрғын үй алуға республикалық бюджеттен 139,7 млн теңге қаржы қаралып, (2023 жылға бір маманға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бөлінетін бюджеттік кредит көлемі 5175,0 мың теңгені құрайды) 27 маманға тұрғын үй несиесін беруге жоспарлануда.

2023 жылға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көрсететін қызметі үшін қажетті қаржы көлемі шамаман 50,0 млн теңгені құрайды.

Біржолғы көтерме жәрдемақы алуға мамандар реттілікке қойылып 2020-2023 жылдар аралығында 276 маман кезекте тұр.

(2020 жылы 62 маман, 2021 жылы 119 маман, 2022 жылы 95 маман кезекке қойылған)

2023 жылға аудан бюджетінен мамандардың біржолғы көтерме жәрдемақыға 61 млн 943 мың теңге қаржы қаралды. 

 

Өздеріңізге белгілі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Жаңартылған әдістеме жастарды Әділетті Қазақстанды құру үдерісіне белсенді түрде тартуға бағытталған.

Ауданда тұжырымдамада белгіленген бағыттар бойынша нақты шаралар жүзеге асырылатын болады.

 

Дата публикации
26 апреля 2023
Дата обновления
26 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы