
Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 37 052 гектарға егiн орналастыру жоспарлануда.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 19800 га, бидай-750 га, қант құмайы – 70 га, арпа – 70 га, соя-35 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2 га, жаңа жоңышқа - 4850 га, ескі жоңышқа - 7200 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.
Шаруашылықтар тарапынан 2023 жылғы егін орналастыруға қажетті 4950 тн күріш, 120 тн бидай, 0,6 тн сұлы, 13 тн мақсары, 12 тн арпа, 4 тн соя, 1 тн қант құмайы, 15 тн жүгері, 44 тн жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың егісі үшін қажетті 4950 тн күріш тұқымының бүгінгі күні 4801тн (97,0%) тазартылды.
2023 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10810 тн(бүгінгі күнге 8968 тн дайын немесе 83,0%), гербицидтер 24060 литрді құрайды.
Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 887 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады деп жоспарлануда.
Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына бүгінгі күнге дейін 53 шаруашылық операторлармен келісім-шартқа отырып, 961,22 тн дизел жанармайын алған.(Сәрке батыр ЖШС-128,3 тн, AB Agro Orda ЖШС-43,0 тн, Мақпалкөл ЖШС-46 тн, Құрманбай ата ШҚ-26 тн, Көктөбе ШҚ-53 тн, Ақсу ШҚ-34 тн, Ақбостай ШҚ-27 тн)
2023 жылғы егін орналастыру жұмыстарына 6700 млн. теңге қаржы жұмсалады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруашылықтарда 5146,6 млн теңге немесе 76,8 пайыз бар.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында барлығы 1117 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 780 гектар жаңа жоңышқа, 182 гектар бидай, 155 гектар мақсары дақылдары егілді.
Көктемгі егін орналастыруға дайындық жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде барлығы 38606 бас мүйізді ірі қара, 48703 бас уақ мал, 24389 жылқы, 826 бас түйе, 70 бас шошқа, 10443 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,7 %, жылқы 130,3 %, түйе 115,7 %, уақ мал 111,2% , құс 103,7% орындалды.
2023 жылдың 1 наурызына барлығы 559,9 тн (тірілей салмақта) ет, 1200,3 тн сүт, 32,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,3 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұмыртқа 100,3 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға артты.
Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ)айналысуда.Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында Адал ЖК 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда.
2023 жылы Аққұм ауылдық округінен Бақдаулет-57 ШҚ сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында Чехия мемлекетінен асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Азық-түлік туралы
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 5 түрі қымбаттаған. Атап айтқанда (ақ күріш-30 теңгеге, сиыр еті-50 теңгеге, қырыққабат-65 теңгеге, жуа-35 теңгеге, сәбіз-30 теңгеге). 11 өнімнің бағасы арзандады (қарақұмық жармасы-75 теңгеге, нан-4 теңгеге, рожки-15 теңгеге, тауық еті-225 теңгеге, сүт-138 теңгеге, айран-75 теңгеге, ірімшік-50 теңгеге, жұмыртқа-40 теңгеге, күнбағыс майы-258 теңгеге, картоп-15 теңгеге, қант-25 теңгеге). 3-өнімнің бағасы тұрақты (ұн, сары май, тұз).
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 554,2 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн-118 тн, күріш-60 тн, қант-69 тн, макарон-106 тн, күнбағыс майы-46 тн, тұз-33 тн, жуа-26 тн, картоп-35 тн, сәбіз-13 тн және т.б.
Аудандағы азық-түлік өнімін сататын дүкендерге «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен келісім-шартқа отырып арзан бағада азық-түлік өнімін алуға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде, «Ақниет» көтерме сауда орны нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 24 қаңтар күні «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен 30 тн ұн алып аудандағы нан өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлерге (наубайханаларға) босатуда (1 сортты Роял ұны 1 килограмы 140 теңге, 50 кг 7000 теңге). «Байқоңыр ӘКК» АҚ-нан ИП «Бағдат» көтерме сауда орны 2023 жылдың 02 ақпан күні келісім шарт жасасып, картоп кг 120 теңгеден 1 тн, сәбіз кг 125 теңгеден 200 кг, жуа кг 85 теңгеден 1,5 тн сатып алды.
Аудан тұрғындарына төмен бағада ұсынылды.
Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2023 жылдың 19-25 наурыз күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер аудан тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынылды.
Айта кету қажет, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қарсаңында өнімдердің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.