
Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет, өнер және спорт мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Оның ішінде 37 /7 мәдениет үйі, 9 клуб, 18 кітапхана, тарихи-өлкетану музейі, мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй/ мәдениет ұйымдары, 9 спорт ұйымдары аудан тұрғындарына мәдени және бұқаралық қызмет көрсетіп келеді. /Жалпы бөліміне қарасты 5 мекеме. Олар: «Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, «Наркескен» спорт клубы» КММ, «Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі» КМҚК, «Руханият орталығы» КМҚК, «Жабық бассейн» КМҚК/.
Сонымен қатар 4 халықтық ұжым: «Алтын-арай», «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамбльдері, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт бригадасы, жылжымалы мәдени-демалыс кешендері қалыпты жұмыс жасауда.
Мәдениет саласы бойынша 2023 жылы 3 мәдениет ұйымдарының жөндеу жұмысы мен құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 15900,0 мың теңге қаржы бөлінді:
1)Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаты әзірленуде.
2) Жаңаталап, елді мекендерінде 100 орындық клуб ғимараттарын салу үшін жоба-сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 6000,2 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаты әзірленуде.
3) Қаракеткен елді мекендерінде 100 орындық клуб ғимараттарын салу үшін жоба-сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 6000,2 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаты әзірленуде.
2023 жылдың І тоқсанында мәдениет саласы бойынша 164 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 40820 көрермен қамтылған. Өткізілген мәдени шаралардың 7 онлайн режимінде өткізіліп, қаралым саны 1385 болды.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі мемлекет және қоғам қайраткері Т..Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойын атап өту. Бұл бағытта «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Қазақ мәдениетінің, руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап, өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында жалпы 8 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 810 көрермен қамтылған
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Көне дәстүр күмбезі» атты дәстүрлі ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі өткізілді. Халық театры және «Балдәурен» драма үйірмесі өнерпаздары балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Қаңбақ шал, есек, тасбақа, қара дәу» ертегісі, «Сүйіндір» салтының театрлық қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Құдағи жүзік», «Ерулік» салтының бейне материалдары әлеуметтік желіде жарияланды.
Жас таланттарды табу, балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық және көркем-эстетикалық білім беруді қолдау бағытында мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 95 үйірме жұмыс жасауда. Үйірмелерге қатысушылар саны 1073.
Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары 2023 жылдың І тоқсанында облыстық байқаудан 5, республикалық байқаудан 7 жүлделі орындарды иеленді.
Кітапханалардың жалпы қоры - 373853 дана кітап, кітап берілімі - 89099, оқырман саны - 4743.
Спорт саласы бойынша спорттың 9-түрінен, яғни, баскетбол, волейбол, қол добы, гір спорты, футбол, бес асық, жеңіл атлетика, дзюдо, қол күресі, кикбоксинг, таеквондо, белбеу күресі, бокс, самбо, қазақ күресі. Қамтылған спортшылар саны - 830.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында 2 облыстық, 28 аудандық және барлық елді мекендерде спорттық іс шаралар өткізіліп, барлығы 9915 адам қамтылған.
Гір спортынан облыс біріншілігінен 8 командадан Жалағаш ауданы комадасы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық бірініші орын алды. І орын алған 6 спортшы Астана қаласында 23-26 ақпанда өтетін ҚР чемпионатына жолдама алып қатысып, 1 спортшы қола жүлдеге ие болды.
Гір спортынан (жұлқа және серпе көтеруден) облыс бірінішілігінен 6 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленіп, аудан командасы І орын алды. І-ші орын алған 4 спортшы Петропавл қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алып, ҚР чемпионатында Орынбасар Нұрислам қола жүлдегер атанып, спорт шеберіне үміткер атағын иеленді.
Тоғызқұмалақтан жастар арасында өткен облыс біріншілігінде ауданымыздың 4 спортшысы жеңімпаз атанып, Тараз қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды. Тараз қаласында өткен ҚР чемпионатында Әлібек Мадина 1 күміс, 1 қола жүлде алып, тамыз айында Қырғызстан республикасы, Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. 4 жыл ҚР команда мүшесі.
Жеңіл атлетикадан Астана қаласында ардагерлер арасында өткен ҚР чемпионатында облыс құрама командасының мүшесі Қапбарова Гүлдана 4 алтын , 1 қола жүлдеге ие болды.
Шымкент қаласында волейболдан 2010 -2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен қысқы ҚР чемпионатында және Өскемен қаласында өткен көктемгі ҚР чемпионатында облыс құрама командасының мүшелері Маратқызы Ақпейіл, Қанибай Назым екі дүркін жүлделі 1 орын алып, чемпион атанды.
Қол добынан наурыз айында Астана қаласында өткен ҚР чемпионатында Мұңайтпас Айым, Шәкір Хадиша күміс жүлдегер атанды.