
Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы анықтама
Жалағаш ауданы, Мәдениет, Аққұм елді мекендерінде су тарату жүйесін аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Пайдалануға 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС-і.
Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесіне су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС-і.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесі 170 гектараға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен жабдықтау жүйесі)» құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2023 жылғы мамыр айы. Мердігер мекеме "СӘТ-СЕРВИС" ЖШС.
Ақсу, Қаракеткен елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына (электржелілеріне) мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаздар анықталды. Қазіргі таңда клісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым құрылысы(газ желісі). құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2023 жылғы қараша айы. Мердігер мекеме «Ремпроект»ЖШС.
Есет батыр, Т.Жүргенов, Мырзабай елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электржелілеріне) жоба-сметалық құжаттары (демеушілік есебінен) әзірленіп, сараптамадан өтті. Қаржыландыру үшін Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.